Сабақ жоспары тақырыбы: «Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік»



бет1/3
Дата30.05.2017
өлшемі414,54 Kb.
#17205
түріСабақ
  1   2   3



ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі


Бекітемін

Директордің оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

___________ Ермұхан .Б.

“___” __________ 2015ж

«Информатика»пәні бойынша



АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:



«Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік»

Дайындаған: И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.



Жоспар «Информатика және есептегіш техника»циклінің әдістемелік отырысында қаралып, мақұлданды
Хаттама № “ ” 2015ж

ПЦК төрайымы: Қарсаұбаева А.
Келісілген:

И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің әдістемелік кеңесі
Колледж әдіскері Айымбетова Э.

Қызылорда, 2015 жыл

«Информатика»пәні бойынша

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік

Өткізілу мерзімі: 30.11. 2015 жыл

Тобы: ЭС-14о

Өтетін орны: 422 оқу кабинеті

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың типі: құрамдас

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:ОқушыларғаMicrosoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру, бағдарлама мүмкіндіктерін көрсету.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту, толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықты арттыру, сыйласу, қарым-қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту, рухани тәрбие негізін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор, флипчарт, бейнеролик, жетон, тарату материалдары.

Оқыту технологиясы, әдістері: дамыта оқыту технологиясының элементтері, топтық, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, жалпылау, бекіту, тірек сызба әдісі, баяндау, әңгімелесу, лекция элементтері, пысықтап бекіту, қайталау, дәріс әдістер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, ағылшын тілі, сызу

Сабақтың құрылымы: Сабақ 6 кезеңнен тұрады:


  1. «Ой шақыру»

  2. «Microsoft Excel»атты биік тауы

    • «Асыл тасты сұрақтар»

    • «Ой қорғау»

    • «Білім бүкіл өміріңе»

  3. «Жасыл шырша аясында»

  4. «Ассоциация»

  5. «Құпия суреттер»

  6. «Сәйкесін тап»



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқытушының оқушылармен сәлемдесуі;

ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

б) дәрісхананың тазалығына, сабаққа дайындығына назар аудару.


2. Өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру:

- Қазіргі таңда өзіне және өз біліміне сенімді, болашақта егеменді еліміздің технологиялық және индустриялық дамуына ат салысатын жан-жақты тұлғаны қалыптастырудың маңызы зор. Алған білімдерімізді шыңдай түсетін бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз: «Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік».

«Microsoft Excel электрондық кесте туралы жалпы түсінік»тақырыбының мақсатына жету үшін оқушыларды ІІ топқа бөлінеді.

Ескерту: оқушыларды бағалап отыру үшін әр топтың лидеріне бағалау парақтарын таратамын. Әр оқушының берген жауаптарына байланысты түрлі-түсті жетондар таратылады және нәтижесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңында барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.
«Ой шақыру»

Оқушылар өздері таңдап алған сандары бойынша топқа бөлінеді топқа ат қояды. Қойылған топтарының аттарының мағынасына тоқталып кетеді.

І топ : «Ақпарат»ІІ топ : «Интернет»
Біз алдымыздағы тұрған «Microsoft Excel» атты биік таудыңшыңына жетуіміз керек. Оған жету үшін біз 3 кедергіден өтеміз.

І кедергі :Үйге берілген тақырып «Microsoft Word мәтіндік редакторы» бойынша “Асыл тасты сұрақтар”арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беруіміз қажет.

Ал қанекей І кедергіні бастайық,

Тізгінді босатып сәл тастайық.

Үй тапсырмасын тексеріп

Берейік жауап саспайық





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет