Сабақ жоспары Тақырыбы: «ms word мәтіндік редакторында кесте құру»



Дата12.03.2018
өлшемі145,77 Kb.
#38440
түріСабақ
«Мәдениет негізгі мектебі» КММ


Информатика пәнінен

Ашық сабақ

жоспары
Тақырыбы: «MS Word мәтіндік редакторында кесте құру»

6-сынып


Өткізген: Батаева Г.Б
Күні: 21.02.2017 ж Пәні: Информатика Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: «MS Word мәтіндік редакторында кесте құру»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құруды және кестеге мәтін енгізуді үйрету. 
Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, проектор, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу

  2. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап

  1. МS Office бағдарламалық жасақтамасы құрамындағы мәтіндік редактор? (MS Word)

  2. MS Word бағдарламасын іске қосу үшін қандай команданы орындаймыз? (Іске қосу( Пуск)-Все программы-MS Office- МS Word)

  3. Мәтіндік редактордың терезе элементтерін атаңыздар? (Тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, жұмыс аймағы, қалып-күй қатары)

  4. MS Word бағдарламасының қалып-күй жолында қандай батырмалар орналасады? ( жабу, уақытша терезені жасыру, терезе көлемін үлкейту және кішірейту)

  5. MS Word бағдарламасында құжатты сақтау қалай жүзеге асады? (Файл – Сохранить немесе Файл – Сохранить как командасы арқылы)

  6. MS Word бағдарламасынан шығу қалай жүзеге асады?(Файл – Выход немесе Жабу басқару батырмасы арқылы)

  7. MS Word бағдарламасында жол аралысында қашықтық қалай аталады? (жол аралық интервал немесе интервал)

  8. MS Word редакторында кестені қалай құрамыз?

1. Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады)

2. Дешифратор (Ойынның шарты: Әр командаға 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.)
3. «Құпия жәшік» (ұяшық таңдау)
4. «Кім жылдам»
(Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын, - дей келе келесі кезең «Кім жылдам?» сайысын бастайық.

Бұл бөлімде әр командаға жұмбақ жасырылады, жұмбақ шешімін қазақша-орысша-ағылшанша айту керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.)
5. Шығармашылық тапсырма
(оқушыларға тапсырмалар беріледі)
6. «Венгр сөзжұмбағы»
(Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.)

ІІ-кезең Дешифратор

Информатика тобына

1.«Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (иә)

2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)

3. Жолдар мен бағандар қиылысып, кесте құрайды. (жоқ)

4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды (иә)

5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)

6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. (иә)

7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)

8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)

9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)

10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (иә)

11. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)

12. Кесте құрудың 1 ғана әдісі бар. (жоқ)

13. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (иә)

14. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)

15. Процессор - ол компьютердің миы. (иә)

Компьютер тобына

1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (иә)

2. Бірінші электрондық сандық есептеуіш машина ENIAC 1945 жылы АҚШ-та жасалып, таныстырылды. (иә)

3. 1845 жылы Бэббидж машинасы үшін алғашқы программа жазылды. (жоқ)

4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)

5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (иә)

6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)

7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (иә)

8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (иә)

9. Алгоритмнің 3 түрі болады. (иә)

10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (иә)

11. Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды. (иә)

12. Бірінші механикалық есептеу құрылғысы 1642 жылы құрылды. (иә)

13. «Microsoft» фирмасының президенті Билл Гейтс (иә)

14. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)

15. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

ІІІ кезең «Құпия жәшік»

10- бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат (кесте)

10-Көбеюге және басқа бағдарламаларға жұғуға қабілетті, арнайы жазылған шағын көлемді компьютерлік бағдарлама қалай аталады?(вирус)

10-Компьютермен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

20-Компьютердің «ақыл-ойы», ең басты бөлігі (процессор)

20-Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

20-Бір немесе бірнеше файлдарды сығу (мұрағаттау)

30-Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті қалай аталады? (алгоритм)

30-1833 жылы қай ғалым программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның идеясын ұсынды. (Чарльз Бэббидж)

30-ЭЕМ қанша буыннан тұрады? (5)

ІV кезең «Кім жылдам?»

Ең қиынын жарыстың

Жеңіп алда жарыссын, - дей келе келесі кезең «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл бөлімде әр командаға жұмбақ жасырылады, жұмбақ шешімін қазақша-орысша-ағылшанша айту керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.
Экранның бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Меңзер-курсор-cursor)
Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (Бос орын-пробел- blank)
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын.
(Тышқан-мышка-mouse)
Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (Басып шығарғыш-принтер-printer)
Бар құрылғыны басқаратын,

кеудесін көтеріп қасқаятын ми (Жүйелік блок-Системный блок-System block)
Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер,

Информатикада өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер (Бит-бит-bit)

V кезең «Шығармашылық тапсырма»

  1. MS Word мәтіндік редакторын іске қос.

  2. 5 бағаннан және 9 қатардан тұратын кесте құр.

  3. Кестені үлгідегідей толтыр

  4. 9-шы қатарды өшір

  5. Жұмысты «Кезекшілік кестесі» деген атпен жұмыс үстеліне (рабочий стол) сақта

Сыныптағы кезекшілік кестесі

Ақпан

Апта күндері

Қанат

Гүлім

Айдын

Шолпан

Дүйсенбі

*

 

 




Сейсенбі

 

*

 




Сәрсенбі

 

 

*




Бейсенбі










*

Жұма

*










Сенбі




*























VІ кезең «Венгр сөзжұмбағы»

Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.

М

Т

П

Л

О

Т

Т

Н

О

М

И

Ы

П

Р

Р

Т

Е

И

Д

Е

К

Ш

Н

И

Е

Е

Р

О

М

М

Р

Қ

А

Н

Т

Р

Н

Н

И

Т

О

Н

Т

С

Ө

З

Е

Т

Р

О

П

Н

И

Б

А

Й

Т

Т

Е

З

Р

М

В

П

И

К

М

Е

Р

Е

О

Ә

И

А

Р

С

О

Ұ

А

Ф

Ц

Т

Р

И

Х

Е

Д

Я

Й

Л

Е

І

У

В

Ж

Л

И

Я

И

Ц

С

Н

С

Д

А

Ь

Ф

И

К

А

С

О

Р

А

Б

О

Н

Е

Н

Т


Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, антивирус

Компьютер - сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабардың.

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманның.

Қорытынды: Екі топтың ұпай санын айту

1. Кесте дегеніміз не? (Кесте – жолдар мен бағандарда мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге реттеліп берілген ақпарат.)

2. Кестеге жол немесе бағанды қалай қосамыз? (Ұяшықтарды қосу – Алдымен жолды немесе бағанды ерекшелеп, Таблица Вставить (Строки выше, Строки ниже, Столбцы справа, Столбцы слева) пунктерінің керегін таңдау.)

3. MS Word редакторында кестені қалай құрады? (Вставка Таблица Вставить Таблицу командасын орындау арқылы.)

4. Бірнеше ұяшықты қалай біріктіруге болады? (Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру үшін оларды белгілеп, Таблица Объединить ячейки командасы орындалады.)

Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс. 6 бағаннан 5 қатардан тұратын кесте құрыңдыр. Тауардың атын, фирмасын, маркасын, түсін жылын, бағасын еңгіз. Бірнеше тауардың тізімін жазыңдар.

Марапаттау: номинация бойынша марапаттау

Бағалау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет