Сабақ жоспары Тақырыбы: «Қос нүкте белгісі, оның қойылатын орындары»



Дата05.06.2017
өлшемі253,95 Kb.
#17968
түріСабақ
Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі


Сабақ жоспары




Тақырыбы: «Қос нүкте белгісі, оның қойылатын орындары» қазақ тілі 9-сынып

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Жаниязова Анаргуль Елемесовна






2014-2015 оқу жылы
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қос нүкте белгісі, оның қойылатын орындары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қос нүктенің қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны сауатты қою үшін қандай тілдік бірліктерді білу қажеттілігін, басқа тыныс белгілерінен айырмашылығын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды достықты қадірлей білуге тәрбиелеу, білім, оқу туралы түсініктерін қалыптастыру, адал дос таба білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжірибе жұмыстары,

топтық жұмыс.



Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, кітаптар, суреттер, слайд
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатын айту



  • Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қос нүкте белгісі, оның қойылатын орындары». Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерімен танысуды жалғастыра отырып, сабағымыздың нәтижелі болуы үшін мына мақсатты көздейміз: қос нүктенің қойылатын орындарын айқындап, жаттығу орындау барысында тақырыпты қай дәрежеде меңгергенімізді көрсету.

Тірек-сызба арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

Пунктуация  - жазу тіліне қызмет ететін шартты белгі. Ол жазба тілдің барлық мән- мағынасын ашып түсінуге мүмкіндік береді. Негізгі қызметі: Айтылған ойды екіұшты етпей, дәл, түсінікті етіп жеткізу. Қосымша, көмекші қызметі: Мәтінді оқығанда адам көңіліндегі жан дүние өзгерістері мен ым- ишара, кідіріс арқылы берілетін құбылыстарды білдіреді.

Жалпы қазақ тілінде қолданылатын тыныс белгілер төмендегідей





Негізгі тыныс белгілері

нүкте

Сұрау белгісі

Леп белгісі

Қос нүкте

Көп нүкте

Нүктелі үтір

үтір

сызықша

тырнақша

жақша

Бүгінгі біздің өтетініміз қос нүкте, оның қойылатын орындары



Қос нүктенің қойылатын орындары

Мысалдар

1. Бірыңғай мүшенің алдында келген жалпылауыш мәнді сөзден кейін қойылады.

2. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы 1-жай сөйлемнің мазмұны екіншісінде анықталып(ашылып берілсе) берілетін салаластардың арасына қос нүкте қойылады.
3. Автор сөзі төл сөзден бұрын келсе, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылады.

4. Түйген ойды, қағидаларды, ережелерді дәлелдеу мақсатымен алынған сөйлемдердің алдында мысалы деген сөз қолданылатын болса, одан соң қос нүкте қойылады.


  1. Үйдегілердің бәрі: апам, Айна, інім, қонақтар да далаға жүгіріп шықты.



2. Үй артындағылар үшеу екен: інім, көршінің баласы және мен білмейтін бейтаныс бала.

  1. Ол ойланып барып былай деді: «Биыл асығыстау емес пе? Келесі жылы барайық».



4. Мысалы: Шығарманың қорытындысын ертең айтады


І Кітаппен жұмыс

175-жаттығу.

Берілген мысалдарды белгілеу



Мысалдар

Жалпылауыш сөздерден кейін, бірыңғай мүшелердің алдынан қойылған қос нүкте

Бірінші жай сөйлемнің мазмұны екіншісінде анықталып, ашылып берілген түсіндірмелі салалас аралығындағы қос нүкте

Жалғаулықсыз себеп салдар мәнді сөйлемнен кеін қойылатын қос нүкте

Абай жігіттері: Жиренше, Ербол, Базаралыларда сол қонақ тосушылардың тобында жүр.

+







Манат келесі хатын оқыған: мұнда Тоқтар жарақатының жазылып қалғанын, тәуір болғанын жазыпты (С.Мұратбеков).




+




Мені көріп қалған жерде:

-Нәзира, аналайын, сен біздің үйге неге келмейтін болып кеттің? Үйге жүр,- деп, үйіне ертіп әкелді.







+

Қазақтың майталман үш биі: Төле би, Қазыбек би, Әйтекелер бірде- Сайрамда, бірде- Сауранда, көбіне Түркістанда жиі- жиі бас қосып, әңгіме – кеңес өткізіп тұрады екен.

+







Бұл өзі- машақатқа толы шақ: мал айдау, үй жайды көшіру, ең қиыны қой қырқу- бәрі- бәрі қосылып, қым- қуыт қарбаласқа айналады.

+







Аға- жеңгесіне кезек қарап: «Кегім..., кегім кетті!» - деді.







+



ІІ «Өз жұбыңды тап!» (оқушылардың қолына бөлек –бөлек үлестірмелі қима қағаздар беру, сол қағаздарға жазылған сөздер арқылы жұптастыру, тыныс белгісін ерекшелеу )

Мысалдар

Тыныс белгісі

1.  Ертең ел жайлауға көшеді    


нүкте

2. Есен – саумысың


Сұрау белгісі

3. Қош келдің, ағатай           


Леп белгісі

4. Сен келгенде

 Ә, оны айту міндетті емес.




Көп нүкте

5. Осылай  боларын білдім бе мен


Сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгісі (сұрау белгісі, леп белгісі)

6. Мен Айдын Әсем үшеуміз келдік. 

Үтір

7. Айтарын білдім тас- түйін боп алған.


Қос нүкте

8. Жас келсе іске деген сөз  


Тырнақша

9 Үйде шешен , дауда жоқ. 


сызықша



ІІІ Шығармашылық тапсырма

а) Оқушыларды екі топқа бөле отырып, әрбір топқа даналардың бір сөзін ұсыну арқылы пікіралысу.




І –қатар

ІІ- қатар

Бауырласың болмаса, жолдас ізде: жақсы жолдас – бауырлас. (Ж.Баласағұни)

Өзіңе қарай дос ізде: тең-теңімен жарасады.

(Ж.Баласағұни)

ә) Екі қатар бір-бірімен достық жайлы мақал-мәтел айтып жарысады.

«Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық» «Дос досқа айна», «Досы жақсының өзі жақсы», «Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді»
ІҮ Өткенге қарайық

Грамматиканың салалары бойынша сұрақтар қойылады.


  1. Грамматиканың неше саласы бар?

  2. Фонетика дегеніміз не?

  3. Буынның неше түрі бар?

  4. Лексика дегеніміз не?

  5. Морфология дегеніміз не?

  6. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  7. Синтаксис дегеніміз не?

  8. Қосымша нешеге бөлінеді?

  9. Қазақ тілінде неше жалғау бар?

  10. Көсемшенің жұрнақтарын ата?

  11. Есімшенің жұрнақтарын ата?

  12. Етістің неше түрі бар?

  13. –у ненің жұрнағы?

  14. – ды, -ді, -ты, ті түбірге тікелей жалғанса не болады?


Фонетикалық талдау

Бақытта баян жоқ: о да- бір ұшқан құс.

Адамға тілене беру- ұят: наны көбейгенмен, абыройы азаяды.


Синтаксистік талдау жаса.

Ол өзі Арманның сөзін қостағалы тұр еді.

Білмегенді сұрап алу- ұят емес
Морфологиялық талдау:

Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатын үшеуі: Айжан, Гүлнұн, Болат

Бәріне: ауыл адамдарына, мектеп оқушыларына, қонақтарға- сый берілмек.
Ү Өзіңді тексер

1.Төл сөздің тыныс белгісін анықта


Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.
А) тырнақша, үтір, сызықша
В) қос нүкте, сызықша, леп белгісі
С) қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша
Д) қос нүкте, тырнақша
Е) сызықша, қос нүкте, тырнақша
2. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы қалай аталады?
А) Синтаксис
В) Лексикология
С) Полисемия
Д) Стилистика
Е) Пунктуация

3. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін тап


А) Жанат орын ұсынып еді, - отырған жоқ.
В) Балалар, аманбысың, шырақтарым.
С) Ата қоныс – ата мекен.
Д) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Е) Ол ол ма, одан да бетері бар.
4. Қос нүктенің қойылған орнын анықта
Қарт күрсінді: - Ұлым, желік қуыпсың!
А) Қарсылықты салаластың жай сөйлемдері арасына.
В) Мезгіл бағыныңқылы сөйлемнен кейін.
С) Төл сөзден кейін.
Д) Жалпылауыш сөзге қатысты.
Е) Автор сөзінен кейін.
5. Қос нүктенің қай сөзден кейін қойылатынын белгіле
Жалғыз кемдігім хат танымайтыным ғой.
А) жалғыз
В) кемдігім
С) хат
Д) танымайтыным
Е) ғой

6. Сызықшаның қойылу себебін анықта.


Бұл – үлкен бақыт.
А) Жіктеу есімдік – зат есім.
В) Есімдік – сын есім.
С) Сілтеу есімдігі – зат есім.
Д) Есім – етістік.
Е) Зат есім – зат есім

7. Үтірдің қойылу себебі.


Оқып білім ал, бөбек!
А) бірыңғай мүше
В) одағай
С) қыстырма сөз
Д) оңашаланған айқындауыш
Е) қаратпа сөз
8. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет
А) Көп сөз – күміс – аз сөз, алтын.
В) Көп сөз – күміс; аз сөз – алтын.
С) Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
Д) Көп сөз, күміс, аз сөз, алтын.
Е) Көп сөз күміс – аз сөз алтын.

9. Қойылмаған тыныс белгіні табыңыз.


Жақсы адам елдің арысы.
А) қос нүкте
В) сызықша
С) үтір
Д) нүкте
Е) сұрақ белгісі

10. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын тап


А) Ол әндер ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
В) Ол әндер: ерлікті де елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
С) Ол әндер ерлікті де, елдікте де сұлулықты да сыйдырған.
Д) Ол әндер - ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да - сыйдырған.
Е) Ол әндер ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да сыйдырған.
Сабақты қорытындылау.

- Міне, балалар, бүгін біз қос нүкте жайлы түсінігімізді кеңейттік, оның қойылатын орындарын анықтай отыра, даналарымыздың «достық» жайлы ұлы сөздерін кәдемізге жараттық. Әртүрлі тапсырмалар орындау барысында теориялық білімді практика жүзінде көрсете білдік.

Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зор маңызына байланысты екені даусыз.

Осымен сабағымызды да аяқтаймыз.


Үй тапсырмасы:

177-жаттығу. Мақал-мәтел, дәйексөздерді пайдалана отырып, «Жақсы дос – асыл қазына» тақырыбында шағын шығарма жазып, өздерің қолданған тыныс белгілерін қою себептеріңді түсіндіріңдер.



Бағалау.

Қос нүкте. Жақша. Тырнақша

Күні:   27.04.13 жыл

Сынып: 9

Сабақ атауы

Қос нүкте. Жақша. Тырнақша

Сілтеме

9-сынып оқулық; Мұғалімге арналған нұқаулық;

Жалпы мақсаттар

Оқушылар өздігімен жаңа тақырыпты түсініп, ұзақ мерзімге есте сақтауға мүмкіндік жасау. Мүмкіндігінше өз ойларын еркін айтуға, айтқан ойларын дәлелдеуге дағдыландыру. Оушылардың сабақты талдауына ыңғайлы атмосфера тудыру.

Оқыту нәтижелері

Сөйлем ішінде «қос нүкте, жақша,тырнақшаның» қойылу заңдылықтарын есте сақтап, тыныс белгілерінен қате жібермеуге дағдыланады. әр тыныс белгінің өз ерекшелігін болашақта ескеретін болады. Бірін-бірі оқыту арқылы есте сақтайды.

Негізгі идеялар

Оқушылар берілген тыныс белгілерін жете зерттей отырып оның мағынасын ұғыну. сойлем ішінде қолдана білу. Ұзақ уақытқа есте сақтау.

Тапсырма

  1. Топқа бөлу арқылы тақырыпты ашып алу.

  2. Тақырып арқылы сабақтың мақсаттарын анықтау.

  3. Әр тыныс белгінің ерекшелігіне қарай топтастыру.

  4. Кубизм әдісі бойынша салыстыру

 

Мұғалімнің  жазбалары

 

Сабақ кезеңдері



Керек жабдық-тар

Оқыту  модулі

Мұғалімнің

 іс-әрекеті



Уа-қыты

 


Оқушылардың

 іс-әрекеті



Уақы-ты

Сабақтын тақырыбын ашу, мақсатын анықтау арқылы жаңа сабаққа жол ашу

Тыныс белгілері бейнеленген ресурстар.

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер

Берілген ресурстар бойынша топқа бөлім қандай тыныс белгілері бейнеленгенін анықтатып, мақсатын айқандау.

(3 топқа бөлу: қос нүкте, жақша, тырнақша)

 

(қосымша)


 

 

 



1мин

Оқушылар таңдап алған қағаздан өздеріне сәйкес келетін бөліктерін іздеп табады. Сол оқушылармен топ құрайды. Топен талқылап сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.

 

 

 



 

3 мин


(1,5 мин талқы-ға, 1,5 ойла-рын айтуға)

Әр тыныс белгісінің қолданысын  ерекшелігін түсіндіру

Постер, оқулық, түрлі-түсті қаламдар

 

 



(оқытуды басқару)

Тыныс белгілерінің ережесін қалыптасты-рып, талқылап, дәлелдеу

 


 

 

1 мин



Оқушылар постерге топтастыру жасап тыныс белгісінің ережесін, ерекшелігін топпен талқылап, түсіндіреді. Оны қорғайды.

15 мин

(8 мин топен жұмысты ұйым, 7 мин талқылауға



Оқулықтағы жаттығулар-ды орындау арқылы алған білімдерін қолдану

Дәпер, қалам, оқулық.

(оқытуды басқару)

Жаттығу жұмыстарын анықтап, абзац бойынша 3 топқа бөліп беру.

 

(қосымша)



 

 

1 мин



Оқушылар сабақтың тақырыбын, күн ретін жазып, жаттығу жұмысып топен талқылап дәптерлеріне жазады.

 

 

 



9 мин

«Кубизм» әдісі бойыша сойлемдерді талдау

кубик, ресурстар

сын тұрғы-сынан ойлау-ға үйрету

(оқыту-ды басқару)



Оқушыларға кубикті иіріп отырып әр топқа сұрақтарын анықтау. Берілген сұрақтарды топқа үлестіріп тұру.

(қосымша)

 

 

 



2 мин

 

Оқушылар сойлемді жалғастырып, ішінде келетін тыныс белгілерін анықтап жауап береді.



 

 

 



8 мин

Сұрақтар қою арқылы білімдерін жинақтау

 

 

 



 

ресурс


Талант-ты және дарын-ды балаларды оқыту

Сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы  біраз оқушыдан жауап алу, қорыту.

талантты  мен дарынды балаларға жеке тапсырма дайындап алдына беріп дайындалуға мүмкіндік беру.



(қосымша)

 

 

1 мин



 

 

 

 4 мин



Бағалау

бағалау ресурстары (топты бағалау, оқушыны бағалау)

Бағалау және оқыту-ды бағалау

Оқушыларға оздерін бағалауға және топты критериалды бағалауға ықпал жасау.

Мен өзім жасаған критериалды

ресурспен бағалаймын.

Сабақ соңында міндетті мүрде кері байланыс жасау.



(қосымша)

2 мин

Оқушылар топқа жасалған  критери бойынша бағалайды. 3-4 оқушы өзін-өзі бағалайды.

 

 

 



 

3мин


Қосымша

  1. Тыныс белгілері (қос нүкте,жақша, тырнақша)  бейнеленген ресурстарды  сынып оқушыларының санына қарай бөлемін. Бөліктерді таңдап алған оқушылар қалған бөліктерін іздеп тауып солармен топтасады.

Сабақтың тақырыбы анықталғаннан кейін, мақсатын топ мүшелерімен анықтайды. 3 топтың мүшелері ойларын еркін айтып толыққанды мақсатты құрады.

  1. Оқулықтағы   201-жаттығуды қос нүкте қажет орындарды тауып, оның қай ереже бойынша қойылатынын ауызша айтады.  3 топқа 3 абзацты бөліп беріп талдатамын.

1-    топ     Бұл өзі – машақатқа толы шақ:мал айдау, үй жайды көшіру, ең қиыны қой қырқу- бәрі-бәрі қосылып, қым-ғуыт қарбаласқа айналады.

2-    топ    Қазақтың майталман үш биі: Толе би, Қазбек.Әйтекелер бірде –Сайрамда,бірде- Сауранда , көбіне Түркістанда жиі-жиі бас қосып,әңгіме-кеңес өткізіп тұрады екен.

3-    топ    Бұдан кейінгі жағыдай белгілі: қазақ-қырғызғы ортақ қонақжайлық салты басталды да кетті.

203-жаттығуды көшіріп жазып,жақшаның қойылу себебін айтады, оның сөйлем мағынасына әсерін анықтайды.

206-жаттығуда мақал-мәтелдерді тауып, тырнақша қояды.  Мақал-мәтелдері қолданудың қандай ерекшеліктері барын анықтайды.

1-    топ   «Торпақ іздеген, тойға кезігеді» демекші....

2-    топ   «Алыс сапар» дейтін немене.

3-    топ   «Орамал тон болмайды, жол болады» дейді қазақ...



  1. «Кубизм» әдісі бойынша сөйлемдерді талдау.

1-    тапсырма  Тыныс белгілерін қойып, сөйлемді жалғастыр

Тамшы тама берсе,.......  деген данышпан қазақ.

«Тамшы тама берсе, тасты теседі» деген данышпан қазақ.

2-    тапсырма 

Еріншектің егіні .......  деген сияқты.

«Еріншектің егіні піспес» деген сияқты.



3-    тапсырма

Бұдан шығатын қорытынды  адам тек қана еңбек арқылы қалыптасып, кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, ешкімге тәуелді емес,өзінің бақыты мен қуанышы,атақ-абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты,қарыздар  емес ...................   айналады.

Бұдан шығатын қорытынды:  адам тек қана еңбек арқылы қалыптасып, кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, ешкімге тәуелді емес,өзінің бақыты мен қуанышы,атақ-абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты,қарыздар  емес жеке тұлғаға айналады.



4-    тапсырма 

Ж.Ж.Руссо  Жаның жай тапсын десең .........  деген екен

Ж.Ж.Руссо: «Жаның жай тапсын десең, еңбектен»,- деген екен



5-    тапсырма

Әйгілі ғалым- математик әрі жазушы Б.Паскаль 1623-1662  Қоғам үшіне де, өз басы үшін де пайдасыз болудан  және ақылға ештеңе істемеу үшін ғана ие болудан   ........ ештеңе жоқ деген екен.

Әйгілі ғалым- математик әрі жазушы Б.Паскаль (1623-1662):  «Қоғам үшіне де, өз басы үшін де пайдасыз болудан  және ақылға ештеңе істемеу үшін ғана ие болудан   ұят  ештеңе жоқ»,- деген екен



6-    тапсырма

Отты үрлей берсең өшіресің

Көршіңді ........ берсең  көшірерсің

Мақал

Отты үрлей берсең өшіресің,

Көршіңді  күндей берсең,  көшірерсің.

( Мақал)


  1.  Сұрақтар:

  2. Тырнақшаның қойылу ерекшелігі қандай?

  3. Жақша қай кезде қойылады?

  4. Қос нүкте қандай сөйлемдердің арасында кездеседі?

  5. Осы үш тыныс белгісі қабаттасып келетін немесе екеуі келетін сөйлем ойлап тап.

Оқушыны бағалау критерилері

 

Критерилер

 


 

Дискрипторлар

 

Ортақ балл

 

А критериі

ТЕОРИЯ

 


  1. Төмендегінің ешқайсынын жауап бермейді.

  2. Ережесін біледі.

  3. Ережесін біледі,бірінен-бірін ажырата алады.

  4. Ережесін біледі, бірінен-бірін ажырата алады,ерекшеліктерін анық айтып бере алады.

 

 

В критериі

ПРАКТИКА

 


  1. Төмендегінің ешқайсысы емес.

  2. Сөйлем ішінде бір ғана тыныс белгіні ажыратып жаза алады.

  3. Сөйлем ішінде барлық тыныс белгіні ажыратып жаза алады.

  4. Сөйлем ішінде барлық тыныс белгіні ажыратып жаза алады, сөйлемге тыныс белгісін қояды.

 

 

С критериі

АНАЛИЗ,СИНТЕЗ

 


  1. Төмендегінің ешқайсысы емес.

  2. Тек көмекпен ғана талдайды.

  3. Талдайды,оңай бір тыныс белгісін өздігінен қояды.

  4. Талдайды,оңай бір тыныс белгісін өздігінен қояды, кеткен қателіктерді түзейді.

 

D критериі

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

  1. Берілген тапсырманы мүлдем орындамайды.

  2. Берілген тапсырманы жартылай орындайды.

  3. Берілген тапсырманы толық орындайды.

  4. берілген тапсырманы толық орындайды, бірнеше мысал келтіреді.

 

Начало формы








Конец формы

Оплаченная Реклама:
- Зарабатывать легко и без риска
- ХИТ! Простой заработок в Интернете
- Постоянный заработок в интернете
- Зарабатывай с нами!
- Ru game
- Простой заработок в сети!


Платья-миди

Платье LOST INK..

lamoda.kz

13 000 тенге




Платья-миди

Платье Savage.

lamoda.kz

9 100 тенге




Платья-миди

Платье Lamania.

lamoda.kz

14 000 тенге




Качественные часы!

Брутальный дизайн часов для настоящих мужчин. Скидка-70%.

cool-chance.ru

9 900 тенге



қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған тест нұсқалары


  • Санжар

  • 3 маусым 2013

  • 13355

  • 0

  • 0

І нұсқа
1. Жақша ішіндегі нүкте қойылу себебін анықтаңдар
А) Жай сөйлемнен кейін
В) Автор түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін
С) Хабарлы сөйлемнен кейін
Д) Драмалық шығармада кейіпкер аталған соң
Е) Бұйрықты сөйлем соңында
2. Қай қатарда нүкте қойылмайды
А) т. б, т. с. с
В) Б. Ұ. Ұ., м
С) ж, сағ, мин
Д) Ғ. М., Ғ. Мүсірепов
Е) «Қ. Ә», П
3. Нүкте дұрыс қойылған жерді табыңыз
А) «Мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген сөздің мәніне.
В) Уай, дүние, шіркін – ай
С) Дүниеде туған еліңнен артық елде, жерде жоқ
Д) Байлық – қанағат пен еңбекте
Е) Ер жазасы – бар жазадан ақыр жаза...
4. Қос нүктенің қай сөзден кейін қойылатынын белгілеңіз.
Жалғыз кемдігім хат танымайтыным ғой.
А) Жалғыз
В) кемдігім
С) хат
Д) танымайтыным
Е) ғой
5. Көп нүкте қай сөзден кейін қойылатынын анықтаңыз
Еліңнің анық көшін бастайтын жолың даңғыл болсын да
А) Сөйлемнің басында
В) «бастайтын» сөзінен кейін
С) «Жолың» сөзінен кейін
Д) «Еліңнің» сөзінен кейін
Е) Сөйлем соңында
6. Ерекшелеуші тыныс белгісін көрсет
А) Леп белгісі
В) Нүкте
С) Тырнақша
Д) Сұрау белгісі
Е) Көп нүкте
7. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз
Оқып білім ал, бөбек!
А) Бірыңғай мүшелер
В) Одағай
С) Қыстырма сөз
Д) Оңашаланған айқындауыш
Е) Қаратпа сөз
8. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз
Менің ұғуымша, терең сын.
А) Шартты бағыңқы сабақтас
В) Толымсыз сөйлем
С) Оқшау сөз
Д) Қыстырма сөз
Е) Құрмалас құрамындағы жай сөйлем
9. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз
А) Ол әндер ерлікті де, елдікті де сұлулықты да сыйдырған.
В) Ол әндер: ерлікті де елдікті де сұлулықты да сыйдырған.
С) Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да сыйдырған.
Д) Ол әндер - ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да, сыйдырған.
Е) Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да, сыйдырған.
10. Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері: а) тұрмыс – салт жырлары ә) мақал – мәтелдер жұмбақтар
А) үтір
В) қос нүкте
С) нүктелі үтір
Д) тырнақша
Е) жақша
11. Қойылмаған тыныс белгісін тап
Жақсы адам елдің ырысы.
А) қос нүкте
В) сызықша
С) үтір
Д) нүкте
Е) сұрақ белгісі
12. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын тыныс белгісін тап
А) Ұсыныс сол – сөз өздеріне берілсін
В) Баланың өскен бесігі – кең дүниесінің есігі
С) Сәрсек аға, аман сау келдіңіз бе?
Д) Біраз жүрген соң Асан – күндіз көп жүгіріп, шаршаған бол? – ұйықтап қалды.
Е) Жақсы келдің айналайын! – деп
13. Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді тап
А) Жастықта алған білімнің, қарттықта ұстар мүлігің
В) Жастықта, алған білімнің – қарттықта, ұстар мүлігің
С) Жастықта алған білімнің – қарттықта ұстар мүлігің
Д) Жастықта – алған білімнің, қарттықта – ұстар мүлігің
Е) Жастықта алған білімнің; қарттықта ұстар мүлігің
14. Сызықша қойылмайтын жерді көрсет
А) Бастауыш та баяндауыш та атау тұлғасы болса, бастауыштан кейін
В) Жалпылауыш сөзден кейін, бірыңғай мүшелердің алдынан
С) Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдер арасына
Д) Төл сөзден соң, автор сөзі алдынан
Е) Автор сөзі төл сөздің ортасында келсе, автор сөзінің екі жағына
15. Қай сөз жақшаға алынатынын анықтаңыз
Ербол. Қуаныш тұрып. Жолдастар, біз жеңеміз
А) Ербол
В) Жолдастар
С) біз
Д) Қуаныш тұрып
Е) жеңеміз
16. Жетпей тұрған тыныс белгісін анықтаңыз
Бәрімен де жолыққың келеді оған уақыт аз
А) қос нүкте, үтір
В) сызықша, сұрау белгісі
С) тырнақша, нүктелі үтір
Д) үтір, сызықша
Е) сызықша, жақша
17. Қай жерге тыныс белгілері қабаттаса қойылады
А) Сөйлемнің ортасында
В) Сөйлем басында
С) Сөйлем соңында
Д) Автор сөзінен кейін
Е) Қаратпа сөздің екі жағынан
18. Бастауыш та, баяндауышта атау тұлғадағы сын есіммен жасалғанда бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
А) Үтір
В) Қос нүкте
С) Сызықша
Д) Дефис
Е) сызықша және үтір
19. Оңашаланған айқындауыш өздері анықтайтын сөздерінен қалай ажыратылады?
А) Үтір
В) Дефис
С) Тырнақша
Д) Нүкте
Е) Қос нүкте
20. Нүкте дұрыс қойылған жерді көрсет?
А) Бұл ненің қуанышы.
В) Тарт тіліңді.
С) Тағы бір байқағанымды айтайын ба.
Д) Қайран Базекем! – деп қарсы алды.
Е) Ғайниза жеңгей, сүйінші.
ІІ нұсқа
1. Нүкте дұрыс қойылған жерді табыңыз
А) «Мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген сөздің мәніне.
В) Уай, дүние, шіркін – ай
С) Дүниеде туған еліңнен артық елде, жерде жоқ
Д) Байлық – қанағат пен еңбекте
Е) Ер жазасы – бар жазадан ақыр жаза...
2. Қос нүктенің қай сөзден кейін қойылатынын белгілеңіз.
Жалғыз кемдігім хат танымайтыным ғой.
А) Жалғыз
В) кемдігім
С) хат
Д) танымайтыным
Е) ғой
3. Көп нүкте қай сөзден кейін қойылатынын анықтаңыз
Еліңнің анық көшін бастайтын жолың даңғыл болсын да
А) Сөйлемнің басында
В) «бастайтын» сөзінен кейін
С) «Жолың» сөзінен кейін
Д) «Еліңнің» сөзінен кейін
Е) Сөйлем соңында
4. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз
А) Ол әндер ерлікті де, елдікті де сұлулықты да сыйдырған.
В) Ол әндер: ерлікті де елдікті де сұлулықты да сыйдырған.
С) Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да сыйдырған.
Д) Ол әндер - ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да, сыйдырған.
Е) Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да, сыйдырған.
5. Жетпей тұрған тыныс белгісін табыңыз
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері: а) тұрмыс – салт жырлары ә) мақал – мәтелдер жұмбақтар
А) үтір
В) қос нүкте
С) нүктелі үтір
Д) тырнақша
Е) жақша
6. Қойылмаған тыныс белгісін тап
Жақсы адам елдің ырысы.
А) қос нүкте
В) сызықша
С) үтір
Д) нүкте
Е) сұрақ белгісі
7. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын тыныс белгісін тап
А) Ұсыныс сол – сөз өздеріне берілсін
В) Баланың өскен бесігі – кең дүниесінің есігі
С) Сәрсек аға, аман сау келдіңіз бе?
Д) Біраз жүрген соң Асан – күндіз көп жүгіріп, шаршаған бол? – ұйықтап қалды.
Е) Жақсы келдің айналайын! – деп
8. Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді тап
А) Жастықта алған білімнің, қарттықта ұстар мүлігің
В) Жастықта, алған білімнің – қарттықта, ұстар мүлігің
С) Жастықта алған білімнің – қарттықта ұстар мүлігің
Д) Жастықта – алған білімнің, қарттықта – ұстар мүлігің
Е) Жастықта алған білімнің; қарттықта ұстар мүлігің
9. Жақша ішіндегі нүкте қойылу себебін анықтаңдар
А) Жай сөйлемнен кейін
В) Автор түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін
С) Хабарлы сөйлемнен кейін
Д) Драмалық шығармада кейіпкер аталған соң
Е) Бұйрықты сөйлем соңында
10. Қай қатарда нүкте қойылмайды
А) т. б, т. с. с
В) Б. Ұ. Ұ., м
С) ж, сағ, мин
Д) Ғ. М., Ғ. Мүсірепов
Е) «Қ. Ә», П
11. Сызықша қойылмайтын жерді көрсет
А) Бастауыш та баяндауыш та атау тұлғасы болса, бастауыштан кейін
В) Жалпылауыш сөзден кейін, бірыңғай мүшелердің алдынан
С) Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдер арасына
Д) Төл сөзден соң, автор сөзі алдынан
Е) Автор сөзі төл сөздің ортасында келсе, автор сөзінің екі жағына
12. Қай сөз жақшаға алынатынын анықтаңыз
Ербол. Қуаныш тұрып. Жолдастар, біз жеңеміз
А) Ербол
В) Жолдастар
С) біз
Д) Қуаныш тұрып
Е) жеңеміз
13. Жетпей тұрған тыныс белгісін анықтаңыз
Бәрімен де жолыққың келеді оған уақыт аз
А) қос нүкте, үтір
В) сызықша, сұрау белгісі
С) тырнақша, нүктелі үтір
Д) үтір, сызықша
Е) сызықша, жақша
14. Қай жерге тыныс белгілері қабаттаса қойылады
А) Сөйлемнің ортасында
В) Сөйлем басында
С) Сөйлем соңында
Д) Автор сөзінен кейін
Е) Қаратпа сөздің екі жағынан
15. Бастауыш та,, баяндауышта атау тұлғадағы сын есіммен жасалғанда бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
А) Үтір
В) Қос нүкте
С) Сызықша
Д) Дефис
Е) сызықша және үтір
16. Оңашаланған айқындауыш өздері анықтайтын сөздерінен қалай ажыратылады?
А) Үтір
В) Дефис
С) Тырнақша
Д) Нүкте
Е) Қос нүкте
17. Нүкте дұрыс қойылған жерді көрсет?
А) Бұл ненің қуанышы.
В) Тарт тіліңді.
С) Тағы бір байқағанымды айтайын ба.
Д) Қайран Базекем! – деп қарсы алды.
Е) Ғайниза жеңгей, сүйінші.
18. Ерекшелеуші тыныс белгісін көрсет
А) Леп белгісі
В) Нүкте
С) Тырнақша
Д) Сұрау белгісі
Е) Көп нүкте
19. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз
Оқып білім ал, бөбек!
А) Бірыңғай мүшелер
В) Одағай
С) Қыстырма сөз
Д) Оңашаланған айқындауыш
Е) Қаратпа сөз
20. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз
Менің ұғуымша, терең сын.
А) Шартты бағыңқы сабақтас
В) Толымсыз сөйлем
С) Оқшау сөз
Д) Қыстырма сөз
Е) Құрмалас құрамындағы жай сөйлем

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет