Жатта. Шананың да, шардың да
Мен тұрамын алдында.
Меннен ғана басталар
Шұғыла да, шалғын да
Ұйқасын тап. Ша- ша-ша
... ... ... (Жерде жатыр алаша)
Қай суреттің атауында ША буыны бар, сол суретті буынмен байланыстыр.
ША
Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желінен ұстайды. Олар олай тартқылайды, былай тартқылайды, шығара алмайды. Мысық тышқанды шақырады. Тышқан «сұрақ- жауап» ойынын алып келген.
Ой толғаныс
«Сұрақ- жауап» ойыны.
Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
Ш дыбысы қандай дыбыс ?
«Ш» әрпі неше таяқшадан тұрады?
«Ш» неге ұқсайды? (тарақ, айыр)
Ш дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз кемпірдің белінен ұстайды, кемпір шалдың белбеуінен ұстайды, шал шалқанның желінен ұстайды, қатты тартып қалғанда, шалқанды суырып алыпты. Міне, балалар, бірлесіп тартып шалқанды жұлып алады. Көрдіңіздер ме, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген осы екен.
Сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін бәрінізге тышқан жұлдызша әкелген екен.
Балаларды мадақтап мақтай отырып, сабақты аяқтау.
Мадақтау
Педагог: Қошаман Айнагүл Есқуатқызы
Достарыңызбен бөлісу: |