Сабақ жоспары Тақырыбы: «Табиғатты қорғау қасиетті іс»



бет1/7
Дата23.05.2017
өлшемі2,88 Mb.
#16607
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Жаңаөзен қаласындағы № 3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразова Салтанат Алипбаевнаның 8 сыныбына өткізген сабақ жоспары

Тақырыбы: «Табиғатты қорғау - қасиетті іс»

Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.

Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғай және сүйе білетін адамгершілікті, экологиялық білімді ұрпақ тәрбиелеу,ойлау,есте сақтау және танымдық қабілеттерін арттыру; сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», АКТ, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», ОүБ, «Ой қозғау», «Кубизм» әдісі

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, география,биология, музыка, бейнелеу өнері.

Оқыту нәтижесі: Тақырыптың мазмұнын ұғынып, табиғатты қорғау жауапкершілігін сезінеді.

Қосымша тапсырмалар: Бақылау және жағдаяттық сұрақтар



Негізгі деректер: Оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, смайликтер.

Сабақ кезеңдері:

Ұйымдастыру кезені: Психологиялық дайындық. Топқа бөлу: Оқушылар «Табиғат» деген сөзді естігенде көз алдыңызға не келеді?» сұрағына жауап беру арқылы «Асқар тау», «Мөлдір бұлақ», «Жасыл желек» атауларымен үш шағын топқа бөлініп, орындарына жайғасады да сынып ережесін бір-бірлеп интерактивті тақтадан оқып қайталайды) Үй тапсырмасын пысықтау: Қазақстан экологиясы туралы мәтінді оқушылар қоржыннан нөмірленген асық алу арқылы сұрақтарға жауап береді (сұрақтар интерактивті тақтада)

Жаңа сабақ: «Ой қозғау» әдісі бойынша интерактивті тақтадан табиғаттың суреттерін көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу; Оқушылар өз ой-пікірлерін айтып сабақтың тақырыбын ашады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет