Сабақ жоспары тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы



Дата09.06.2017
өлшемі16,33 Kb.
#18262
  • ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ
  • Тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы
  • Қазақ хандығы
  • Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі Қойшыбаев Ербол Әбілғазыұлы
  • 7 - сынып

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділігі: Тәуке ханның Қазақ хандығындағы асқынған ішкі феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салғанын, осы жолда хандық билікті нығайтуға бағытталған тың өзгерістер енгізгенін түсіну, тану.
  • Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру, қосымша деректі материалдармен, фактілермен таныстыру арқылы оқушылардың ой- өрісін дамыту.
  • Тәрбиелік: Тәуке ханның қазақ халқын біріктіру, сыртқы жауға бірлесіп қарсы тұруы, Отанды қорғауға күш салуы «Жеті жарғы» арқылы ел бірлігін сақтауы негізінде оқушыларды ата-бабалардың салып кеткен сара жолын қадір тұтуға тәрбиелеу, патриоттық тұлға қалыптастыру.
  • Күтілетін нәтиже:
  • Өз пікірін айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
  • Пікір таласуға машықтанады .
  • Топпен жұмыс жасай отырып, балалар еркін ойлауға, емін-еркін сөйлеуге дағдыланады.

Сабақтың құрылымы:

  • Сабақтың түрі: аралас сабақ
  • Сабақтың әдісі: СТО, проблемалық, сұрақ-жауап. Блум жүйесі. баяндау, сұхбаттасу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу, сұрақ-жауап, тесттік жұмыс.
  • Оқыту технологиясы: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау, АКТ-ны пайдалану.
  • Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, тест тапсырма қағаздары, тірек-сызба нұсқаулар, флипчарт (плакаттар), маркерлер, бағалау парағы.
  • Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
  • Сабақтың барысы:
  • І. Ұйымдастыру кезеңі.
  • Сынып оқушыларына “ Ыстық алақан” тренингін ынтымақтастық атфосмера туғызу, назарын сабаққа аудару.
  • Бірінші: әр топтан топ көшбашысын сайлау;
  • Оқушылар таратпадағы жүздердің түрлеріне қарай топқа бөлінеді: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.
  • Оқушылар мұғалім алдынан келіп парақшаларды алып 3 топқа бөлінеді. Оқушылар топтық жұмыс ережесін құрады.

Сабақ жоспары:(Блум тәсілі)

  • І кезең. Білу.
  • ІІ кезең. Түсіну. Жаңа сабақты меңгеру.
  • ІІІ кезең. Қолдану.
  • IV кезең. Талдау.
  • V кезең. Жинақтау.
  • VІ .Рефлексия. Бағалау кезеңі.
  • VІ І. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
  • І кезең. Білу.
  • «Өрмекші торы» ойыны арқылы сұралады. (диалогтік әдіс)
  • ( Оқушылар шеңбер жасап дөңгеленіп тұрады, жіптің ұшын
  • ұстап тұрып, кез келген оқушыға лақтырады да,
  • жауап береді де, ол келесі қарсы тұрған балаға лақтырады,
  • осылай жалғаса береді . Соныңда өрмекші торы пайда
  • болады.)
  • «Миға шабуыл» стратегиясы.
  • Қазақ мемлекеті құрылуының қандай тарихи маңызы болды ?
  • Қазақ хандығы алдындағы қандай тарихи міндеттер болды деп ойлайсыздар?
  • Қазақ хандығын құрған кімдер?
  • Тарихта «Жеті жарғы» заңдар жинағымен танымал болған хан.
  • Осы сұрақтар төңірегінде оқушылардың жауаптарын
  • тұжырымдай келе сабақтың тақырыбын нақтылап,
  • мақсатын тұжырымдатады.
  • І кезең. Білу.
  • ІІ кезең. Түсіну.
  • Тәуке хан тұсындағы
  • Қазақ хандығы

Нені білуге тиіспіз?

  • 2-тапсырма.
  • Бейнебаян арқылы Тәуке хан және оның мемлекеттің күш-қуатын арттырудағы мақсатымен таныстыру.
  • Оқулықтан мәтінмен танысу.
  • “Джигсо” әдісімен жаңа тақырыпты меңгеру.Оқушылар топқа бөлініп, мәтінді оқиды. Өз топтарына қайта оралып, оқыған мәтінін түсіндіреді, топта талқылайды.
  • Тәуке
  • Өмір сүрген жылдары
  • 1626 -1715 ж.ж
  • Билік құрған жылдары
  • 1680-1715ж.ж
  • Көреген саясаткер,ақылды дипломат,құдіретті күшті хан
  • 1.Ішкі талас-тартыс пен алауыздық өршіді.
  • 2.Хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.
  • 3.Халықты біріктіру үшін шаралар жасады.
  • 4. “Жеті жарғы” деп аталатын заңдар жинағын жасады.
  • 1.Көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қатынас орнатудың жолдарын іздестірді.
  • 2.Жоңғарларда қарсы күреске қырғыздар мен қарақалпақтарды тартты.
  • 3.1710 жылы Қарақұм маңы.
  • ІІІ кезең. Қолдану. І топ
  • «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарды
  • Хандық кеңестің және билік кеңестің рөлін арттырды
  • Хан мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиісті болды
  • Билер жергілікті атқарушы билікке айналды
  • Тәуке хан
  • Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып,бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды.
  • Тәуке ханның хан тағына отыруы
  • ІІІ кезең. Қолдану. ІІ топ
  • Ішкі жағдайы
  • ІІІ кезең. Қолдану. ІІІ топ.
  • Сыртқы
  • жағдайы
  • V кезең. Сабақты бекіту.
  • 1 топ. Тәуке ханды Н. Назарбаевпен салыстыру.
  • 2 топ. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер.
  • 3 топ. Тәуке хан беделін арттырған «Билер кеңесі»
  • 1 топқа «Венн диаграммасы»
  • ІІ топқа « Жеті жарғы» заңдар жинағында
  • қарастырылған мәселелер.
  • «Жеті жарғы»
  • 3 топқа
  • «Билер кеңесінің» рөлі
  • Әр топтың көшбасшысы әр кезең бойынша өз тобындағы оқушыға бағасын қойып, топтың ортақ қорытынды ұпайын шығарып бағасын қояды
  • Оқушының
  • аты-жөні
  • І кезең
  • ІІ кезең
  • ІІІ кезең
  • IV кезең
  • V кезең
  • VI кезең
  • Қоры- тынды ұпайы
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • Бағалау: Жұмысын толық орындаса -5 ұпай, толық емес -4 ұпай,
  • Жартылай орындаса -3 ұпай. Сосын кезеңдердің ұпайын қосып ,
  • кезең санына бөлеміз. Қорытынды ұпай шығады
  • Бағалау парағы. Топ аты: __________________________
  • Үйге тапсырма:
  • 2-топқа:“Венн диограммасы”
  • Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады
  • Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады
  • Ортақ
  • белгісі
  • .
  • Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
  • Сары алма: Толық түсінбедім
  • Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет