№1 Қысқа мерзімді сабақ жоспары
«Тасарал негізгі орта мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Аймаганбетова Эльвира Мейрамовна
Сыныбы:1
Өткізілетін күні: 07.10.2014ж.
Пәні: Әліппе
Тақырыбы: «О» дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
Міндеттері: -О дыбысы және оның әріп таңбасын білу.
-О дыбысы сөздің басында, ортасында, келетінін түсіну.
-О дыбысы бар сөздерді талдау арқылы, жүйелі ойлауға, сөйлеуге үйрену;
- Сөз ойлап табу, сөйлем құрап айтуға үйрену.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғадан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Жүректен-жүрекке», «Геометриялық фигура», «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Постер» стратегиясы, «Ойлан, талқыла» , «Вен диаграмасы», «Позитивті доп»
Уақыты
Кезеңдер
|
Мазмұны
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Кіріспе
2 минут
Тұсау кесер
2 минут
1 минут
3 минут
5 минут
|
«Жүректен-жүрекке» сыныпта позитивті атмосфера қалыптастыру
«Көңілді күн» жаттығуы
Күлімдеп көкте күн,
Қарайды маған да.
Күлімдеп көкте күн,
Қарайды саған да.
Күлімдеп көкте күн,
Қарайды маған да,
Саған да, оған да.
Топқа бөліну.
«Геометриялық фигураларды» пайдалана отырып сынып 2 топқа бөлінеді,
Сынып ұстанымы еске түсіріледі.
Сыныптың білім деңгейін анықтау.
«Миға шабуыл» стратегиясы
- Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз
- Әріптерді не істейміз?
- Ал дыбысты ше?
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ
|
Оқушылармен сәлемдеседі, қызығушылықты ояту үшін шаттық шеңберін құрып, барлығына сәттілік тілейді. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен-жүрекке» жаттығу орындалады.
Оқушылардың топқа бөлуінуіне басшылық жасау, бағыттау.
Топ ұстанымын оқушылардың естеріне салады.
Оқушылардың назарын экранға аударып, сұрақтар оқу.
Суреттер арқылы сөйлету. (метатануға жетелеу)
|
Шаттық шеңберін құрады, жаттығуларды орындайды.
Түрлі-түсті геометриялық фигуралар бойынша топтарға бөлінеді. Топқа ат қояды, топ басшысын, таймкиперді, бағалаушыны, бақылаушыны анықталады.
Еске түсіреді.
Сұрақтарды оқидыі, өз ойларын білдіріп, сұрақтарға жауап береді.
Суреттерге қарап атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын айтады.
|
«Бас бармақ»
«Тамаша!», «Керемет».
«Өте жақсы!», «Жарайсың!»
|
Геометриялық фигуралар, А4 қағаз, маркер.
Топ ұстанымы
флипчарт, маркер
|
Негізгі бөлім
5 минут
5 минут
2 минут
инут
|
"Ой қозғау» әдісі.
Оқушыларға суреттер көрсетіледі, сол суреттерде қай дыбыс көп, арасынан О дыбысы бар суреттерді табу, оны талдау
Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға өз беттерімен оқулықтағы суреттерді талдату. Содан соң, әр топқа тізбектеп оқиды.
Дәптермен жұмыс: дәптерлеріне О әрпін жазу.
Сергіту сәті
«Постер» стратегиясы.
1-топ О әрпі сөздің басында келетін сөздерді жазады, 2-топ О әрпі сөздің ортасында келетін сөздерді жазып өзара талдап, постерге жазып, қорғау.
|
Оқушылардың назарын суреттерге аударып, сұрақтар қояды. Сол арқылы жадыны қозғап, көз алдарына елестетуді ұсынады.
Сурет бойынша жұмыс жасауды түсіндіреді. Сөздерді оқытады.
Топтық жұмысқа бағыттып, тапсырмаға байланысты нұсқаулық беру. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау.
|
Суреттерге қарап жауап береді.
Өткен әріптердің ішінен таныс емес әріпті табады, пікірлерін ортаға салып, ой бөліседі.
Сурет бойынша жұмыс жасайды. Сөздерді оқиды.
Тапсырмаға байланысты жұмыс жасайды.
|
«Супер!», «Өте жақсы!»
Әр түрлі стакандар тарату.
|
Проектор
Музыка, түрлі-түсті қағаздар, желім, маркер,
|
Қорытынды
3 минут
5 минут
2 минут
|
Сабақты бекіту «Вен диаграмасы» стратегиясы
Өткен Й әрпі мен жаңа О әрпін салыстыру.
«Позитивті доп»
Бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?
Әріп туралы не білдіңдер?
Бүгінгі сабақта не туралы оқыдық?
Бүгінгі сабақтан нені үйрендік?
Сабақтан сендерге не ұнады, немесе ұнаған жоқ?
Келесі сабаққа ұсыныстарың бар ма?
Бағалау.
Топтар өздерін бағалайды;
Басқа топтардың жұмысын бағалайды;
Өз-өздерін бағалайды.
Кері байланыс. «1 жұлдыз, 1 тілек» стратегиясы
Үйге тапсырма.
О дыбысына сөз оқып келу.
|
Өткен Й әрпі мен жаңа О әрпін салыстыруға ықпал етеді.
Доп лақтырып сұрақтар қояды.
Оқушылардың бағалауларын бақылайды, бағыттайды, оқушыларды бағалайды.
Рефлексия жасатып, оқушылардың ойын тыңдайды, бағалайды.
Үй тапсырмаларына нұсқаулық береді.
|
Әріптерді салыстырып жазады. Өз ойларын айтады.
Қойылған сұрақ төңірегінде топ болып талдау жасайды, жауап береді.
Бағалау кестесін толтырады, басқа топтарды және өз-өздерін бағалайды.
Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып, жабыстарады.
Үй тапсырмасын жазып, нұсқаулықты тыңдайды, сұрақтар қояды.
|
«Керемет!», «Өте жақсы!»
«Өте жақсы!», «Тамаша!»
Өзін-өзі бағалау
«Жарайсыңдар!»
|
Бағалау парағы, стикерлер.
тақта.
|
Достарыңызбен бөлісу: |