Сабақ жоспары Тексерілді: Сабақ:Қазақстан тарихы (қолданбалы курс) Тақырыбы:Қазақ хандығының құрылуы 1465-1466 жылдар



Дата22.08.2017
өлшемі71,88 Kb.
#24460
түріСабақ
1.Сабақ жоспары

Тексерілді:



Сабақ:Қазақстан тарихы (қолданбалы курс)

Тақырыбы:Қазақ хандығының құрылуы 1465-1466 жылдар.


Мектеп: «№228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектебі»КММ

Күні: 17. 04. 2017 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Б.Хайдарова

Сыныбы: 10б

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны:0

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік –экономикалық жағдайы туралы біледі, этникалық құрамын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

  • Өздеріне берілген тапсырманы бөлімге бөледі, талқылайды,жинақтайды,бағалайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • Ақпаратты құрастыра алады




Негізгі сөздер мен тіркестер:

Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында мекендеген тайпалар: үйсін, қаңлы, қыпшақ, найман, керей, дулат
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тақырыптар:

-Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси жағдай туралы айқындаңыз?

-Қазақ хандығының құрылыуының негізгі себебін зерттеңіз?

-Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы ашып көрсетініз;

-Этникалық құрамын атаңыз;


Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

- Қазақ хандығының құрылуы туралы не білесіз? Этникалық құрамын айта аласыз ба?

Жазу үшін ойға салу:

-Қазақ хандығының аумағы;

-Қазақ хандығының алдындағы тарихи міндеттері;

-Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегі


Алдыңғы оқу

Қазақ хандығының құрылуы туралы түсінктері бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы

6 мин.


Ұйымдастыру сәті, сәлемдесу, терминдер арқылы екі топқа бөлу,

«Кубизм» әдісі. Үйтапсырмасын пысықтау

«Қасым ханның қасқа жолы»

«Есім ханның ескі жолы»

«Тәуке ханның жеті жарғысы»

«Еңсегей бойлы Ер Есім»

«Салқам Жәңгір»


Кең бөлме

Ортасы

7 мин.


6 мин.

10 мин.


10 мин.

«Ой қозғау» әдісі. Интербелседі тақтадан бейнефильм көрсету:

-Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси жағдай. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық Шайбани ұрпағы Әбілқайырдың кезінде шарықтау шегіне жеткендігін баяндай отырып,Керей мен Жәнібектің басты мақсаты жеке ұлттық мемлекет құру болғандығын постер арқылы қорғайды.(топтық жұмыс). Бағалау «шапалақтау» әдісі.



Жұптық жұмыс. М.Х. Дулатидың дерегі бойынша Қазақ хандығының алып жатқан аумағы Шу мен Талас өзендерінің аралығы болған,Керей хан тұрған жер- Қозыбасы тауында қырғыз жерімен шектескен Үшқоңыр жайлауы болса, Жәнібек хан тұрған жер- Қазіргі Шу станциясының солтүстік –шығысында Хантау деген жер болған, XVғ. Аяғында Қазақ хандығының жері:Батыста –Түркістан, Сауран, Созақ, Сығанақ қалаларына дейін жетті.Солтүстікте –Балқаш көлінің Қаратал өзені құйлысына дейін кеңейіп, Сарысу өзеніне дейінгі жерді алып жатты деп оқушылар топта «Кім жылдам» әдісі бойынша картамен жұмыс жасады. Бағалау

( шапалақ ).

Қазақ хандығының құрылу қарсаңында мекендеген тайпалар:


  • Наймандар-Ұлытаудан Есілге дейін,

  • Қоңыраттар- Түркістан мен Қаратау,

  • Арғындар- Ертістен Батысқа қарай, Орталық Қазақстан,

  • Керейлер- Жетісу, Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан;

  • Дулаттар-Іле, Шу, Талас өзендері,

  • Қаңлылар- Қаратау, Сырдария мен Жетісу өзендерінің бойында,

  • Үйсіндер- Жетісуда.

Жеке жұмыс. «Серпілген сауал» доп лақтыру әдісі. Бағалау «3 рет шапалақ».

бейнефильм
Маркерлер мен интербелсенді тақта

«Алтын қақпа»,

Сәйкестендіру тест жазылған кесте,асық,сандар жазылған кесілген парақшалар,конверт,

карта.


Қазақстан тарихы(ҰБТ) дайындық(І бөлім),

оқулық


Соңы

6 мин.


Кері байланыс, «Тікелей радиоэфир» әдісі

Тыңдаушылар аудиториясы (сыныптағы оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады», ескертпелер жасайды және т.б.

Кейінгі жұмыс: Интернет материалдарымен жұмыс жасау.





Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


Деңгейлік тапсырмалар арқылы

Қалыптастырушы бағалау мен критералды бағалау арқылы (көшбашының көмегі арқылы)

География, Қазақ әдебиеті, Математика, Дүниежүзі тарихы


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы болды.

Қазақ хандығы туралы ақпараттар алды.


Өз ойларын ашық айтты, сұрақтарға жауап бере алды, картадан шайқас болған жерлерді тапты.

Сaбaқ бәрiне ұнaғaн. Себебi бұрынғы дәстүрлi сaбaққa ұқсaмaйды, топпен, жұппен жұмыс жaсaу қaтты ұнaғaн және aлғaн бaғaлaрының қaлaй aлғaндaрын бiлдi.

Сабақ уақытылы беріліп,оқушылар толық меңгерді


Қорытынды бағамдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыны мaқтaп, содaн соң жaсaғaн жұмысының дұрыс жерлерiне бiрiншi тоқтaлып және aтaп көрсетiп, соңынaн қaтелiк кеткен тұстaрынa ұсыныс aрқылы оқушығa жеткiзiп отырсaқ, ондa оқушының сaбaққa деген қызығушылықтaры aртa түсетiндiгiн көзiм жеттi

2: Бaғaлaудың оқушылaрғa пәнге қызығушылығын aрттырудa қaлыптaстырушы бaғaлaудың мaңызы зор. Себебi осы бaғaлaу кезiнде оқушылaрды ертеңгi күнге ынтaлaндыратындығын түсіндім.

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Ең бiрiншi оқушының бойындa сенiмдiлiк, жaуaпкершiлiк, өзiн-өзi бaғaлaуғa, өзгенi бaғaлaуғa үйрету тимді,әрі қолайлы (оқытуды да, оқуды да)

2: Бaғaлaу бaрысындa оқушыны мaқтaп, көтермелеп отырудың дa мaңызы зор екенiн түсiндiм

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет