Сабақ жоспары «Тексерілді»



Дата24.04.2017
өлшемі67,33 Kb.
#14896
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

«___________» ________2016 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Сыныбы 8
Сабақтың тақырыбы: Ақиқат кестелері.
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды талдау байланыстарымен, олардың математикада қалай сипатталғанымен таныстыру. Құрама пікірлердің жазылуын, логикалық есептердің ақиқат кестесінің көмегімен шешлуін көрсетуді үйрету;

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

V. Үйге тапсырма

VІ. Қортындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Пысықтау сұрақтары.



  1. Пікір деген не?

  2. Пікір сұраулы немесе лепті сөйлемдер түрінде болуы мүмкін бе?

  3. Қандай пікірлер күрделі деп аталады?

  4. Теріске шығару, конъюнкция, дизъюнкция амалдарының анықтамасын беріңдер?

  5. Информатикадағы бульдік алгебраның рөлін қай түсінесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ақиқат кестелерін құру логикалық есептерді шығару тәсілдерінің бірі түрі болып табылады. Сонымен қатар ақиқат кестелері логикалық функциялардың мәндерін анықтау және логикалық сұлбаларды жеңілдету үшін қолданылады.

Ақиқат кестесінде логикалық айнымалылар мен логикалық функциялардың мәндері арасындағы сәйкестік орнатылады.

Ақиқат кестелерін құру ережелері:



  1. Логикалық функциядағы n айнымалылардың санын есептеу;

  2. Кестедегі жолдардың санын k=2n формуласы арқылы анықтау;

  3. Формуладағы логикалық амалдардың санын есептеу;

  4. Логикалық амалдардың орындалу ретін жақшалар мен басылымдылықтарды ескеріп тағайындау;

  5. Кестедегі бағандардың санын есептеу:айнымалылардың санын амалдардың санына қосу;

  6. Ақиқат кестесін толтыру:логикалық айнымалылардың барлық мүмкін болатын мәндерін жазып алу, логикалық амалдардың мәнін жазып алып, ретімен орындау.

Логикалық амалдардың орындалу реті арифметикалық амалдарға сәйкес орындалады: теріске шығару, конъюнкция, дизъюнкция. Алдымен жақшадағы әркеттер орындалады.

Мысалы, А˄В˅А˄С логикалық функцияның мәнін есептеу реті төмендегідей:



  1. А

  2. А˄В

  3. А˄С

  4. (А˄В)˅(А˄С)

Ережеге сәйкес осы функцияның ақиқат кестесін құрамыз:

  1. Логикалық айнымалылардың саны n=3

  2. Кестедегі долдардың саны k=2n, 23=8

  3. Формулалағы огикалық амалдардың саны-4, яғни, кестедкгі бағандардың саны 3+4= 7 болуы керек.




Логикалық айнымалылар

Аралық формулалар

Логикалық фуекциялар

А

В

С

А

А˄В

А˄С

(А˄В)˅(А˄С)

0

0

0

1

0

0

0

0

0

1

1

0

0

0

0

1

0

1

1

0

1

Ақиқат кестелерін құру-мәтіндік логикалық есептерді шығару кезінде қолданылатын негізгі тәсіл.

Серік, Берік, Арман және Данияр «Қазақша күрес» жарысында алдыңғы төрт орынды алды. Кім қандай орын алды сұрағына үшеуі: «Серік бірінші де, соңғы да орын емес», «Берік-екінші», «Арман соңғы емес»,-деп жауап берді. Барлығының да шындықты айтқаны белгілі. Кім, қандай орын алды?


Орындар

Серік

Берік

Арман

Данияр

1-орын

-

-

+

-

2-орын

-

+

-

-

3-орын

+

-

-

-

4-орын

-

-

-

+

Жауабы: 1-орынды-Арман, 2-орынды-Берік, 3-орынды-Серік, 4-орынды-Данияр


ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

А деңгейі

Шартты теріп, мәтіндік есептің шешімін ақиқат кестесінде көрсетіңдер.

Шеңбер мен шаршы тұратын көшеде үш ұй орналасқан: біреуінде терезе мен құбыр, екіншісінде тек қана терезе, үшіншсінде тек қана құбыр бар.


  • Әр фигура өз үйінде тұрады;

  • Шеңбер мен шаршы терезесі бар үйде тұрады;

  • Шаршы жылы болғанын жақсы көреді, сондықтан ол пешті жиі жағады.

Жоғарыда берілген ақпаратқа сүйеніп, кімнің қандай үйде тұратынын анықтаңдар.

В деңгейі

Құжатқа кестені салып толтырыңдар:

формула

Бастапқы пікір

...туралы пікірдің мәні

Жолбарыс

Қасқыр

Борша тышқан

Қоян

А

Жолақ аң













В

Жыртқыш аң













А емес
















В емес
















А және В
















А немесе В


















Үйге тапсырма:

§6. «Ақиқат кестелері.» тақырыптарын оқып келу.



V . Қорытындылау:

  1. Ақиқат кестесі деген не?

  2. Логикалық есептерді шешудің кестелік амалы қай жағдайларда қолданылады?


VІ. Оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 02c3
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02c3 -> Тақырыбы: Қоғамтану пәндерін оқытуда нәтижеге бағытталған білім берудің жолдары
02c3 -> Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры Сабақтың мақсаты
02c3 -> Тұмаудан сақтанайық
02c3 -> Сабақтан тыс ашық сабақ Сынып: 6а сабақтың тақырыбы: «Тұңғыш президент»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет