ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Күршім ауылы, №3 Күршім гимназиясы
Сабақ жоспары
Тылсым дүние ғажаптары
Орындаған: Чайзатов М.С.
Күршім ауылы 2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Тылсым дүние ғажаптары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік. Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып – білуге баулу;
Тәрбиелік: сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: достық, мейірімділік, сүйіспеншілік.
Көрнекіліктер: слайд, аудио және бейне материалдар, интерактивті тақта, стикер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Түгелдеу. 5 Т ережесі.
Тыныштық сәтi.
Ыңғайлы және еркін отырыңдар. Көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп елестетіңдер. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырып жүрмін деп ойлаңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақындаңдар. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезін. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Судың аққанын және орман тыныштығын, құстардың әнін естуге тырыс. Осының барлығына ішкі жан дүниеңді аш: өзіңе ыңғайлы орынға отырып, тыныштықпен үйлесімге кел. «Иә» деген сөз барлық әсерге ие, осы сөзбен сенің жаман көңіл-күйің кетсін. Ішіңізден қуанышты сезін. Өз өткеніңіз, ертең, бүгініңізге күлімдеңіз. Жұмысымызды аяқтаймыз. Өзіңіздің демалғаныңызды сезген кезде көзіңізді ашыңыз.
Қандай әсер алдыңыздар?
Бейнематериал
Оқушыларға табиғат құбылыстары туралы бейнематериал көрсету.
Әңгімелесу.
Адам неліктен тылсым дүниелердің сырын ашуға ұмтылады?
Адамға құпия болып келген тылсым дүниені тану несімен қызықтырады?
Табиғат адамды қандай сезімге бөлейді?
Табиғат сұлулығын қалай сезінуге болады?
Табиғаттың аясында өздеріңді қалай сезінесіңдер?
Табиғаттың қандай көріністері сендерге ерекше әсер етті? Неліктен?
Үй тапсырмасын тексеру.
Ақселеу Сейдімбековтің ғылыми-танымдық шығармасынан үзінді.
Шығармада не туралы айтылады?
Көшпелілердің сенімін қалай түсінесіз?
Олардың табиғат құбылыстарын тамаша байқап, бағалай алуының сырын неде?
Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма.
Табиғат құбылыстарын келтіріп беру
Күн, бұлт, найзағай, жаңбыр, жел,
Дәйексөзбен жұмыс.
«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»
Халық нақылы
Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан-жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата-анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.
Жаңа ақпарат, оқулықпен жұмыс.
«Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан, қоршаған табиғи ортаның түрлі қасиеттері табиғат құбылысының терең тынысына үңілуде адамзат баласы талай жолдардан өтіп, бай тәжірибе жинақтады.
Табиғат біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы негізгі және басты ұстазы. Адам баласының білім алатын көзі – табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, тексеру, оның заңын табу сырын шешу... ғаламның ғажайып көркі де сонда, сыры да сонда мақамы да сонда... ғылымы да сонда, діні де сонда, адамдардың өмірі де сонда...» А. Машанов
Жағдаяттарды шешу
1-жағдаят
Сіз саябақта достарыңызбен серуендеп келе жатқанда, бір топ балалар ағаштың жапырағын жұлып, бұтағын сындырып жатқанын көрдіңіз. Сіз не істейсіз?
2-жағдаят
Сіздің сыныбыңызда оқитын бала сабақтан кейін өзінің үйінің жанында тал отырғызады, сізге барасыз ба деп ұсыныс жасайды. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
Дәптермен жұмыс
Оқушыларға қағаздан жасалған күннің сәулелерін таратып, жақсы қасиеттер жазғызамын. Осы сәулелерді тақтадағы күн шеңберінің айналасына оқушылармен бірге орналастырамыз.
Оқушылар тақтадағы күннің сәулесін жақсы қасиеттермен бірге дәптерге көшіріп алады.
Ән шырқайық достар
Табиғат Айдар Байжанов
Шапағат нұрын құйған таңғы арай,
Әсем көрік сәуле шашқан жазғы күн-ай.
Самал желмен тербеліп дарқан дала,
Шіркін қандай десеңші табиғат-ай.
Табиғат көркің әсем айдай,
Жүзің нұрлы жаздай.
Қайтіп сені сүйіп өтем,
Бұл өмірден балдай.
Синквейн 5 жолды өлең
1.Зат есім (бір сөз)
2.Сын есім (екі сөз)
3.Етістік (үш сөз)
4.Тақырыптың мағынасын ашатын ой ( 4 сөз)
5.Тақырыптың негізін қалайтын бірінші сөздің синонимі (бір сөз)
Сабақты қорытындылау:
АЙНА
Мен кіммін?
Мен осы сабақта не білдім?
Осы сабаққа дейін менде осы тақырып туралы түсінік көп/аз болды.
Осы сабақтан кейін менің көзқарасым өзгерді?
Үйге тапсырма: Ә.Нұршайықовтың естеліктерінен алынған үзіндіні оқып келу.
Бағалау: Оқушылар стикерлерге табиғат құбылыстарына байланысты тілектер жазады. Мысалы: Күндей жарқырап жүре бер т.с.с.
Соңғы тыныштық сәті.
«Тазару» жаттығуы
Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді . Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім.
Достарыңызбен бөлісу: |