Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттерді түгелдеу, сабаққа даярлау.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: Сабақ баяны
Материалды түсіндіру жоспары.
Медицина саласындағы жүйелі зерттеулер республикада 1925 ж. Өлкелік санитады-бактериолиялық институт ашылғаннан кейін басталып, келесі кезеңдерде ұйымдастырылған қазіргі Қазақ Ұлттық медицина университетінде, Тері-венерология ғылыми-зерттеу институтында, Туберкулез мәселелері ұлттық орталығында, Республикалық ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығында, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында, Гигиена және эпидемиологияғылыми-зерттеу орталығында, Хирургиялық ғылыми орталықта, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында, Қазақ карантиндік және зооноздық инфекцияларғылыми орталығында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, өзге де медициналық университеттер мен факультеттерде жалғасын тауып келеді.
Қазіргі заман психологиясы мен педагогикасында психологиялық шығармашылық аумағындағы зерттеулер белсенділік байқалуда. Өйткені қоғамдық тәжірибе шығармашылық жетістік тұлғалық емес, әлеуметтік мағынаға ие болғандығын мойындап, психология-педагогикалық ойларды осы проблемаға назар аударуына мәжбүр етті.
Инфекцияларғылыми орталығында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, өзге де медициналық университеттер мен факультеттерде жалғасын тауып келеді
Шығармашылық психологиясының негізгі міндеті шығармашылық процесс пен креативтіліктің психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын ашу. Креативтілік – ағылшынның “Creativity” сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді.
Шығармашылық психиканың даму механизмі мен негізі ретінде қарастырылады (Н.В. Кипиани, А.М.Матюшкин, Я.А. Пономарев, И.Н. Семенов және т.б.). Оны зерттеу ойлау заңдылықтарымен байланыстырылады (Н.Г. Алексеев, С.М. Бернштейн, В.С. Библер, В.Н. Пушкин, О.К. Тихомиров, Э.Г. Юдин және т.б.).
Шығармашылық психологиясындағы креативтілік атауымен белгілі болған бағытты зерттеуді Дж. Гильфорд, С. Медник, В. Смит, К. Тейлор, Е. Торренс, Х. Трик, М. Уоллах, Д. Халперн және тағы басқа шетел ғылымдары жүргізді. Бірақ, Н.Т. Алексеев, С.М. Бернштейн, А.Н. Лук, Я.А. Пономарев, Н.Г. Фролов, Э.Г. Юдин, М.Г. Ярошевский сияқты авторлардың айтуы бойынша креативтілікті зерттеудің қорытындылары айтарлықтай нәтижелі болмады. Шетел зерттеулерінің креативтілікке берген анықтамалары мен ұғымдарын талдай және жалпылай отырып, Р. Холлменн былай дейді: «Креативтілік жаңа тәсілмен жүзеге асырылған қабылдау ағыны (Маккеллар), жаңа байланыстар табу қабілеті (Кюби), жаңа қарым-қатынастардың пайда болуы (Роджерс), жаңа шығармалардың туындауы (Меррей), жаңалықтар ашуға және оларды білуге қабілеті (Лассуэль), жаңа шешімдерге әкелетін ақыл-ой іс-әрекеті (Жерар), жаңа ұғымға тәжірибені көшіру (Тейлор), жаңа констелляциялық мағыналардың елесі (Гизелин)»
Бірақ көптеген зерттеушілер креативтіліктің анықтамасында тұлғаның ерекшелігіне немесе қасиетіне басты назар аударады. Дж. Гилфорд креативтілік пен шығармашылық потенциалды табысты шығармашылық ойлауға ықпал ететін қабілеттер мен басқа ерекшеліктерінің жиынтығы тәрізді анықталуы мүмкін деп есептейді.Креативтіліктің жаратылысын қарастыру оны оқып-үйренудің негізгі сараптамалық бағытына негізделген. Жалпы алғанда оларды бағытталуына сәйкес үлкен екі топқа біріктіруге болады.
Бірінші топқа жалпы психологиялық және концептуалдық бағыттағы зерттеулерді жатқызуға болады (Д.Б. Богоявленская, 1983; К. Дункер, 1965; А.Я. Пономарев, 1976; С.Л. Рубинштейн, 1941; О.К. Тихомиров, 1969 және т.б.). Бұл топтың психологтары шығармашылық психологиясының методологиялық негіздерін, оның заңдылықтары мен шығармашылық қызметтің механизмдерін зерттеді. Шығармашылық психологиясында жалпы психологиялық теорияны құру мәселесі (Б.Ф. Ломов, Я.А. Пономарев, О.К. Тихомиров), педагогика мен психологияның әртүрлі бағыттарын зерттеудегі әлеуметтік тұрғыдан маңызды қорытындысын біртұтас ете алу қабілеті шұғыл шешім қабылдауды қажет етіп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |