ІІІ
5 мин
|
Қорытынды бөлім:
Сабақты қортындылау.
Үйге тапсырма беру.
Оқушылармен қоштасу.
|
2мин
3мин
|
|
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы
Жамбыл жалпы орта білім
беретін мектеп – балабақшасы .
Тақырыбы: “Допты әр түрлі тәсілмен себетке лақтыру.”
Өткізген: Денешынықтыру пәні мұғалімі: А.Жұматов.
2014 оқу жылы.
Сабақ жоспар №16
Сабақтың тақырыбы:
Допты әр түрлі тәсілмен себетке лақтыруды түсіндіріп үйрету.
Допты әр түрлі тәсілмен әріптесіне беруді жетілдіру.
Баскетбол добын еденге соғып эстафеталық ойын ойнау.
Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың баскетбол ойынына деген қызығушылығын арттыру.
2)Сабақта орындалатын жаттығулар негізінде жылдамдық, ептілік, куш қабілеттері арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Машықтық
Өткізілген орын: Спорт зал
Саймандар: Баскетбол добы,ысқырғыш.
Класы: 9
Күні: 6.10
Са-қ
бөл-і
| Мазмұны |
Мөл-і
|
Методикалық
нұсқау
|
І
10 мин
|
Кіріспе бөлім:
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
Жалпы дене жаттығулары.
Саппен жүру қолды жоғары үстап,
аяқтың ұшымен жүру;
Қолды жанға ұстап, өкшемен жүру;
Қолды алға ұстап, тізеден бүгіліп жүру;
Жүрелеп отырып жүру.
Арнайы жүгіру жаттығулары.
Тізені көтеріп жүгіру;
Қол белде, аяқты алға тастай жүгіру;
Қолды артқа қойып, аяқты тигізіп жүгіру;
Қол белде аяқты екі жаққа тастай жүгіру;
Қолды желкеге қойып, аяқы артқа тастап
жүгіру
Шапшаң жүгіру;
Арнайы секіру жаттығулары.
Оң және сол жақпен секіре жүгіру;
Әр адымға секіріп қолды алға (артқа)
айналдыру;
Адымдап жүру демалуды бір қалыпт-дыру;
|
1
1
1
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
25м
|
Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.
Жаңа сабақтың тақырыбын көңіл бөліп тыңдау.
Қолды түзу ұстап жаттығуды дұрыс орындалуына көңіл бөлу.
Денені тік ұстап отырып жүру.
Оқушылардың жаттығуларды дұрыс жасап қол аяқтарын тік ұстап орындауларын қадағалау.
Қолды шынтақ буынынан бүкпей тіке ұстау.
|
І І
30 мин
|
Негізгі бөлім:
Ойын ережесін түсіндіру.
Допты тек қолмен ойнайды. Команда құрамы 10 адам болады. Алайда алаңда әр жақтан 5 адам ғана ойнай алады. Алаңның көлемі онша үлкен емес (26х14) м. Осылардың барлығы допқа ие болып және оны себетке лақтыруға немесе қарсыластың шабуылына белсенді түрде қарсылық жасап, допқа ие болуға мүмкіндік жасайтын, серіктестердің өзара, дәл іс-әрекеті қажет болатындай ойын жағдайын жасайды.
Себетке доп лақтырудың әр түрлі тәсілдерін үйрету.
Үйрету реттілігі:
1.Допты бір қолмен оң немесе сол жақ иықтан допты лақтыратын қолын бүгіп бір қолымен доптың үстінен бір қолымен доптың астынан айналдырып себетке лақтыру.
2.Допты екі қолмен бастан асырып лақтыру.
3.Допты екі қолмен төменнен лақтыру.
4.Допты екі қолмен көкірек тұсынан лақтыру.
Допты әр түрлі тәсілмен әріптесіне беруді жетілдіру.
Допты екі қолмен кеудеден беру. Допты кеуде тұсында ұстайды, шынтақ төменде, қолды алға жылжуға байланысты доп алға қарай ұшады,осылай беру қолдың толық тузелуімен аяқталады.
Допты бір қолмен иықтан беру. Бастапқы қалыпта доп иық деңгейіндегі екі қолдың біреуінің алақанында, шынтақтан бүгілуі тұрған қолда ұстайды. Қолды алға қарай созу арқылы доп лақтырылады да, алақанның қимылымен аяқталады.
Екі қатарда тұрып, допты бір-біріне бір адым жасау арқылы беру;
Ортада бір оқушы, қалғандары шеңберді айнала орналасады; ортадағы оқушыға доп беріледі, ол басқа оқушыға беріп соның орнына барып тұрады, осылай ойынға қатысыушылардың барлығы бір-бірден допты беріп шығады.
Баскетбол добын еденге соғып ойналатын эстафеталық ойын ойнау.
Ықшамдалған ережемен баскетбол ойнау.
|
4-6
4-6
2-3
|
Ойыншылардың баскетбол ойнының ережелерін білуін қадағалау.
Лақтыру әдістерін дұрыс орындалуын қадағалау.
Жаттығудың дұрыс жасалуына назар аудару керек
Тура әріптесінің қолына доп беруге дағдылан
Допты әріптесіне дұрыс беру
.
|
ІІІ
5 мин
|
Қорытынды бөлім:
Сабақты қортындылау,
оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Оқушылармен қоштасу.
|
2мин
3мин
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |