Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1A Молекулалық физика
|
Мектеп: НИШ ФМН Шымкент
|
Күні: 26.09.2015 - 8 «G»
29.09.2015 – 8 «Д»
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Абдикерова Ж.Р.
|
Сынып: 8 C; 8 G.
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
12
|
Сабақ тақырыбы
|
Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу температурасы. Осы процестер кезіндегі дененің ішкі энергиясының өзгерісі. Меншікті балқу жылуы.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Балқу және кристалдану процесстерін ажырата білу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Балқу, балқу температурасы, меншікті балқу жылуы ұғымдарын меңгеру.
|
Жетістік критерийлері
|
- балқу мен кристалдану арасындағы айырмашылықты бөлшек деңгейінде анықтай алатынын (өз суреттері негізінде) көрсете алатын болса
|
Тілдік мақсаттар
|
Балқу дегеніміз …………………
Кристалдану дегеніміз……………………..
Балқудың кристалданудан айырмашылығы……………
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Меншікті балқу жылуы
|
Удельная теплота плавление
|
The specific heat of melting
|
Балқу
|
Плавление
|
Melting
|
Балқу температурасы
|
Температура плавления
|
Melting temperature
|
Кристалдану
|
Кристаллизация
|
Crystallization
|
Жылу мөлщері
|
Количество тепла
|
The amount of heat
|
|
|
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Сабақ барысында оқушылар балқу, кристалдану туралы өз пікірлерін білдіргенде бір бірінің айтылған пікірлеірмен келісіп, дұрыс болмаған жағдайда онымен келіспейтіндігін айта отырып өз пікірін ұсына алу.
Өмір бойы білім алуға зейінін аудару.
Сабақта негізгі құндылықтарды ескеру:
-қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
– құрмет;
– ынтымақтастық;
– ашықтық;
– еңбек және шығармашылық;
– өмір бойы білім алу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Матеметика пәнімен есептер шығару арқылы, графикпен жұмыс барысында байланыс орнатамыз .
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта, үйде тапсырмаларды орындау барысында қажетті мәліметтерді көрсетілген сайттардан іздеп таба алу дағдыларын қалыптастыру
|
Бастапқы білім
|
Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Есептер шығару
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
10 мин
6 мин
10 мин
20 мин
|
Сәлемдесу
Оқушылар отырмас бұрын топқа бөлу: кабинетте ілулі тұрған суреттерді алу және сурет туралы бір сөйлеммен не көрсетілгенін айту. Суреттер бойынша оқушыларды 3 топқа бөлу: теоретиктер, зерттеушілер, математиктер.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Қандай мақсат қоямыз?
Мақсат қойылғаннан кейін оқушылар топпен жұмыс жасайды
Теоретиктер: балқу және кристалдану дегеніміз не? Меншікті балқу жылуы дегеніміз не? Өлшем бірлігі қандай? Балқу кезіндегі жылу мөлшерінің өрнегі қандай? Балқу температурасы дегеніміз не?
Зерттеушілер: мұздың суға еруін бақылаңыз, графикті түсіндіріңіз.
Математиктер: балқу немесе қатаюға арналған бір есепті мысал қарастырып шешу жолын ұсыныңыз.
Қорғайды, мұғалім әр топ мәліметтеріне баға береді.
Глоссарий quizlette құрылған тестке жауап беріп, ағылшын тілінде тыңдау терминдерді.
І тапсырма Заттардың балқу температурасы графигі көрсетіледі
Мыс, қалайы, шойын қандай температурада қатаяды?
Көрсетілген кестеде қандай заттың балқу температурасы ең жоғары, ең төмен?
Неге шеге балауыз отына ерімейді?
Мыс ыдыста қалайыны балқытуға бола ма?
ІІ тапсырма график беріледі
Берілген график бойынша әр бөлікте қандай құбылыс болып жатқанын айтып бер және қандай зат?
ІІІ тапсырма
-100С кезіндегі мұзды қыздырады, нәтижесінде мұз еріп температурасы 200С су пайда болады. Айтылған процесстерді графикалық түрде кескіндеңдер және жылу мөлшерін есептеңдер.
Жауабы:
|
https://quizlet.com/94898720/flash-cards/
http://interneturok.ru/ru/school/physics/8-klass/bagregatnye-sostoyaniya-vewestvab/plavlenie-i-otverdevanie-kristallicheskih-tel-grafik-plavleniya-i-otverdevaniya?seconds=0&chapter_id=105
|
Сабақтың ортасы
18 мин
15 мин
2 мин
|
|