Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1avi IX ғғ. Қазақстан Мектеп: Күні : Мұғалімнің аты-жөні



Дата02.02.2022
өлшемі263,5 Kb.
#117034
түріСабақ
Байланысты:
1 Қазақстан тарихы 6 сынып VI-IX ғғ. Қазақстан Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер Қысқа мерзімді жоспар - 1-сабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Зерттеу сұрағы

VI-IX ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;

  • VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;




Сабақ мақсаты

VI-IX ғғ. Түркі қағандарының жүргізген ішкі және сыртқы саясатын түсінеді, негізгі бағыттарын анықтап бағалайды.

Бағалау критерийлер

Білу, түсіну

VI-IX ғасырлардағы қағанаттарды, белгілі қағандарды атайды.

Жоғары деңгей дағдылары

Мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды;




Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

VI-IX ғғ. Түркі қағандарының жүргізген ішкі және сыртқы саясаты туралы мәтін оқытылады (оқылым)

Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтар бойынша жауап жазады (жазылым).

Тақырып бойынша сыныпта өзара пікір алмасады(айтылым)



Пәнге қатысты лексика мен терминология

қаған, сыртқы саясат, бағыттар, тәуелсіздік, қатынастар



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Түркі қағанаттарынының сыртқы саясатының негізгі бағыттары...

...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени болып табылады.

оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені…

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…



Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын түркілер жайлы әңгімелеу барысында жүзеге асады

НЗМ құндылықтарынан «Функционалды сауаттылық», «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады



Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы пәнінен алған білімдерін қағандардың сыртқы саясатының бағыттарын талдау барысында қолданады;

Қазақ тілі пән білімдерін сөйлемдер құрастыруда пайдаланады.



АКТ қолдану дағдылары

Мүмкіндігінше ғаламторды пайдаланып, қағандар туралы қосымша ақпарат алады

Бастапқы білім

Түрік тайпаларының миграциясының әсерін біледі. Ортағасырлық мемлекеттердің территориясын картадан көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7 мин


Б Оқушыларды ынталандыру мақсатында түрік қағанының суреті көрсетіледі. Жаңа сабаққа бағыттау үшін мынадай сұрақтар қойылады:

- Суреттегі бейне кім болуы мүмкін?

- Сурет сіздерге қандай ой салды?

- Бүгінгі сабақтың тақырыбын болжап көріңіздер?



Б Оқушылар пікір алмасып, бүгінгі тақырыпты болжайды.

М Тақырып пен оқу мақсаттарын хабарлау.

Презентация

Сабақтың ортасы

7-12


12-22

22-32


Зерттеу және талдау

Д/Ж Мәтінмен жұмыс. Оқушылар ортағасырлық қағанаттар туралы ақпаратты оқып, тапсырмаларды орындайды.


Тапсырма I.

VI-IX ғғ. аталған қағандардың билік еткен мемлекеттерінің аумағын кескін картаға белгілеңіз.





Бағалау критерийі: VI-IX ғасырлардағы қағанаттарды, белгілі қағандарды атайды.

Дескрипторлар:

Ерте орта ғасырлардағы төрт мемлекеттің аумағын кескін картада белгілейді.

Ерте орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерін атайды.

Түркі мемлекеттерінің белгілі қағандарын атайды.



Тапсырма IІ.

Ж Мемлекеттерді салыстырып, екі ұқсастығы мен екі айырмашылығын анықтаңыз.

Екі жұп бірігіп, топта жауаптарын талқылайды, толықтырады. Бір топ сынып алдында жұмысын қорғайды, ал қалғандары толықтырады.



Бағалау критерийі: Мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды.

Дескрипторлар:

Ерте ортағасырлық мемлекеттердің кем дегенде екі ұқсастығын атайды;

Ерте ортағасыр мемлекеттердің кем дегенде екі айырмашылығын атайды.
Бағалау. Оқушылардың бір-біріне кері байланысы.


http://www.tarih-begalinka.kz/kk/history/medieval/maps/

lms.nci.history.kz.

e-history.kz

Таратпа материал

Нұрпейіс К. Тарихи тұлғалар. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007.



Сабақтың соңы

32-40


Мұғалімнің кері байланысы (бағалау критерийлері негізінде)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгерудең кейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Тілдік қабілеті жоғары оқушылар скафолдингтер болады

Қабілеті жоғары оқушылар қағандардың жүргізген саясатына 3-тен артық дәлел келтіреді, топтық жұмыста басқа оқушыларға көмек көрсетеді.



Дескрипторлар бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Топтар бір-біріне комментарий айтып бағалайды.

Жұпта бір-бірін тексеріп, бағалайды.

Мұғалімнің кері байланысы.



Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты дұрыс қойылды. Оқушылар барлық мақсатқа жетті. Картамен жұмыс жақсы өтті. Берілген кезеңге шолу жақсы жасалды. Оқушылар тақырыпты түсініп қортында жасады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет