Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адамгершілік – асыл қасиет
|
Мектеп :......................................................
|
Күні: ........................
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сарсембаева С.А.
|
Сыныбы: 5
Пәні: қазақ әдебиеті
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Тапсырмаларды орындау арқылы өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады;
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды, өзіндік ойларын айтады;
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
өлең тақырыбы мен идеясын аша отырып, өмірмен байланыстырады, дәлелдер келтіреді.
|
Бағалау критерийі
|
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтай алады;
Тақырыпқа қатысты өзіндік ойларын айтады;
Өлең идеясын өмірмен байланыстыра алады.
|
Дескриптор
|
Берілген тапсырмаларды орындау арқылы өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды;
Тақырып бойынша пікірлерін айтып, ойын еркін жеткізеді;
Өлең идеясы мен шынайы өмір арасындағы байланысты табады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: Шығармадан алған әсерін көркем тілмен бере біледі;
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Адамдық диқаншысы, еңбек, бейнет, зейнет
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
«Адамдық диқаншысы» деп кімді айтамыз?
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» атты тармағы сабақ барысында іске асырылады.
|
Пәнаралық байланыс
|
тарих
|
Алдыңғы оқу
|
Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңберін құрады. Адамдық қасиетке байланысты бір-бірінің жақсы қасиетін айтады.
|
Шеңбер жасап, ортаға тұрады.
|
Топқа бөлу. Сынып оқушылары қағаз қиындыларында берілген талап, еңбек, адамгершілік деген жазулар арқылы 3 топқа бөлінеді.
Топ атауларына байланысты мақал-мәтелдер айтады.
Дескриптор.«Талап», «еңбек», «адамдық» тақырыптарына қатысты мақал-мәтелдер айта алады.
ҚБ. Смайлик арқылы бағаланады.
|
Қағаз қиындылары
|
Үй тапсырмасын тексеру.
1.А.«Асық ату» ойыны. Оқушылар берілген 5 асықтың бірін ату арқылы сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор. Өткен тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға жауап бере алады.
ҚБ. Смайлик арқылы бағаланады.
|
Асықтар, слайд
|