Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адамгершілік асыл қасиет



бет1/3
Дата06.07.2018
өлшемі1,83 Mb.
#47780
түріСабақ
  1   2   3
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Адамгершілік – асыл қасиет

Мектеп :......................................................


Күні: ........................

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсембаева С.А.


Сыныбы: 5
Пәні: қазақ әдебиеті

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тапсырмаларды орындау арқылы өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды, өзіндік ойларын айтады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

өлең тақырыбы мен идеясын аша отырып, өмірмен байланыстырады, дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

  • Берілген тапсырмаларды орындау арқылы өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды;

  • Тақырып бойынша пікірлерін айтып, ойын еркін жеткізеді;

  • Өлең идеясы мен шынайы өмір арасындағы байланысты табады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Шығармадан алған әсерін көркем тілмен бере біледі;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Адамдық диқаншысы, еңбек, бейнет, зейнет



Талқылауға арналған сұрақтар:

«Адамдық диқаншысы» деп кімді айтамыз?



Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» атты тармағы сабақ барысында іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

тарих

Алдыңғы оқу

Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут



Психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңберін құрады. Адамдық қасиетке байланысты бір-бірінің жақсы қасиетін айтады.

Шеңбер жасап, ортаға тұрады.

Топқа бөлу. Сынып оқушылары қағаз қиындыларында берілген талап, еңбек, адамгершілік деген жазулар арқылы 3 топқа бөлінеді.

Топ атауларына байланысты мақал-мәтелдер айтады.



Дескриптор.«Талап», «еңбек», «адамдық» тақырыптарына қатысты мақал-мәтелдер айта алады.

ҚБ. Смайлик арқылы бағаланады.

Қағаз қиындылары



Үй тапсырмасын тексеру.

1.А.«Асық ату» ойыны. Оқушылар берілген 5 асықтың бірін ату арқылы сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор. Өткен тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға жауап бере алады.

ҚБ. Смайлик арқылы бағаланады.

Асықтар, слайд


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет