Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді



Дата31.12.2019
өлшемі249 Kb.
#55401
Байланысты:
doc1549520023

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: бірінші дүниежүзілік соғыс себептері мен салдары

Мектеп: «Ескі Иқан жалпы орта мектеп»

Күні: 04.09.2019 Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаев И

Сынып: 9 «А»- «Б» Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

8.3.2.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындау;


Сабақтың мақсаты

Барлығы: бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындайды.

Көпшілігі: бірінші дүниежүзілік соғыс аумағын картадан көрсете біледі.

Кейбірі: бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қалай пайда болғандығын сипаттайды.

Бағалау критерийі

- Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындай алады.

- Бірінші дүние жүзілік соғыс аумағын картадан көрсете біледі.

- Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері қалай пайда болғандығын сипаттай алады.


Тілдік мақсаттар

Диалогты пайдалана отырып, терминдік сөздерге тоқталу.

Монархия – жоғарғы өкімет билігі жеке – дара билеушінің қолындағы басқару түрі, сонымен бірге осындай билеуші басқаратын мемлекет.

Империя – 1) император басқаратын монархиялық мемлекет; бір орталықтан басқарылатын, экономикалық, саяси дербестігінен айырылған аумақтардан құралған мемлекет.

Антанта – құрамына Ұлыбритания, Франция мн Ресей енген әскери одақ.

Құндылықтарға баулу

Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары мен себептерін айқындай отырып, «Мәңгілік Ел» идеясының Жалпы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы бойынша оқушылардың бойына татулықты және патриоттық сезімді қалыптастыру.

Пəнаралық байланыс

География пәні бойынша дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдерді картадан көрсетеді, қанша ел қатысқаны жөнінде статистикалық мәліметтермен жұмыс жасайды, қанша адам қатысқаны жөнінде біледі.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы оқулығынан мәліметтер алынады.



Алдыңғы білім

Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу?


САБАҚ БАРЫСЫ

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Сабақтың жоспарланған кезеңдері: сабақтың басы

Ресурстар










2 минут

5 минут


Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныпты 3 топқа түстер арқылы бөлу.

Мақсаты: балаларды түстер арқылы өз еріктері бойынша аралас гендерлік әдісті пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау: Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу

Мақсаты: «Поезд» әдісі арқылы Рим империясының ыдырауына себеп болған елдерді айтады.

Үй тапсырмасын тексеру барысында Рим имперясының ыдырауын анықтау үшін топ арасында жүріп «Поезд» әдісі бойынша сұрақтар қоямын. Оқушылар жауап береді.

«Поезд» әдісі (Мұғалім әр топтың арасында аралап, жүріп кез келген топқа тоқтайды, тоқтаған баланың жанына сұрақ қойып, жауап берген балаға билет береді, қай топ көп ұпай жинайды, сол жеңімпаз болады.)

Рим империясының ыдырауы туралы осы сұрақтарды қоямын:

1.Қай жылы Рим империясы екіге бөлінеді? (395)

2. Шығыс римдерге кімдер шабуыл жасады? (Варварлар)

3.Рим елі қандай көрші халықтардың жорықтарынан қатты күйзеліске ұшырайды? (Германдардың Вандал тайпасынан)

4.Батыс Рим империясы билеушілерінің ішкі қырқыстарын пайдаланған Вандалдар қай жылы Римді алды? (455)

5. Орта ғасырда орын алған Рим империясының жерлеріне кімдер қоныстанды? (Герман тайпалары)

6. Шығыс Рим империясы тарихта не деп аталды? (Византия)

7. Шығыс Рим империясы неліктен батысқа қарағанда бай болды?

(Египет және Фракия астықпен қамтамасыз етіп отырды)

8. Рим импеиясының әлсіреуіне себеп болған жағдай? (құлдар еңбегінің тиімсіздігі)

9. Батыс Рим империясының құлауына кімдер себепші болды? (ғұндар)

10.Вандалдардың соққыларынан кейін, мәңгі қала атанған Рим неге айналды? (қираған үйіндіге)





4 Минут


6 минут
3 минут

6 минут
3 минут




Сабақтың ортасы

«Миға шабуыл» әдісі.

Мақсаты: жаңа тақырыпты ашу үшін және бейнежазбадан естіген керек мәліметтерді өздеріне түртіп алып отыруға үйрету.
Бейнежазбадан кейін оқушылардың өздеріне алған мәліметтері бойынша ой-пікірлерін тыңдау үшін, саралау тәсілінің «Диалог және қолдау» әдісін қолданамын. Одан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырамын.

Оқушыларға «Мәтінмен жұмыс» тапсырмасы беріледі.



Мақсаты: мәтінмен танысу арқылы жаңа тақырып бойынша мәлімет алынады.

«Мәтінмен жұмыс» оқушыларға тақырып бойынша беріледі. Мәтіндік тапсырманы 6 минут уақыт ішінде оқиды. Одан кейін оқушыларға топтық тапсырма беремін.
I-топ «Фишбоун» әдісі арқылы соғыстың себептерін анықтайды.

Мақсаты: оқушылар бірінші дүниежүзілік соғыстың себебін және салдырын анықтай отырып, қорытынды жасайды.


Дескриптор:

1.Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептерін анықтайды.

2.Бірінші дүниежүзілік соғыстың салдарын жазады.

3. Қорытынды тұжырым жасайды.


II-топ «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы оқушылар негізгі даталар мен жұмыс жасайды. Мақсаты: даталар бойынша бірінші дүниежүзілік соғыста қандай оқиғалар болғандығын анықтайды.

Дескриптор:

  1. Бірінші дүниежізілік соғыс кезіңдегі негізгі даталарды анықтады.

  2. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіңде даталар бойынша қандай оқиғалар болғандығын біледі.

III-топ «Картамен жұмыс» әдісінде соғысқа қатысушы елдерді анықтау. Мақсаты: соғысқа қатысқан елдерді картадан көрсетеді. Қанша ел қатысқандығы туралы статистикалық мәліметтермен жұмыс жасайды.

Дескриптор:

1. Соғысқа қатысушы елдерді анықтайды;

2. Соғысқа қаысушы елдердің санын жазады.

Жұмысты бірінші аяқтаған топ қорғайды.


ҚБ: Үш түрлі түсті фишкалармен бағалау: өте жақсы жауап берген топқа қызыл түс, жақсы жауап берген топқа жасыл түс, қанағаттанарлық жауап берген топқа көк түс беремін.
Тапсырманы орындап болған соң, терминдік сөздер бойынша тапсырма беремін.

«Термин сөздермен жұмыс». Мақсаты: терминдік сөздердің мағынасын үйрету. Терминдік сөздердің мағынасын ашып, өз түсінгендерің дәптерге жазады. Әр топтан бір бала оқып түсіндіреді және пікір алмасады.

Монархия

Империя


Антанта

Дүниежүзі тарихы

Бейнежазба

Презентация

Оқулық, 11-12 беті

Оқулық, 6-7 беті

Саяси карта


6 Минут

3 минут

2 минут



Сабақтың соңы

Сабақтың соңында сабақты бекіту үшін барлық топқа ой қозғау әдісі бойынша тест тапсырмасын беріледі. Тапсырманы берілген уақытқа сай жылдам орындаулары керек.



Мақсаты: оқушылардың бүгінгі алған білімдерін жинақтау.

Тест тапсырмалары:

1.Антанта одағы қай жылы құрылды?

А. 1907 В. 1906 С. 1905 Д. 1902 Е.1903

2. Үштік одақ қай жылы құрылды?

А. 1885 ж. В. 1884 ж. С. 1882 ж. Д. 1884 ж.

3.Бірінші дүиежүзілік соғыс кезіңде Ұлыбритания мен Франция Гермаияның қандай жерлерін басып алуды көздеді?



А. Африкадағы отарын В. Қара теңізді С. Галиция өңірін

Д. Балқан түбегін Е. Адриатты

4. 1909 ж. Үштік одақтан алшақтаған қай мемлекет?

А. Франция В. Ресей С. Италия Д.Англия Е. Австрия-Венгрия

5.Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаныңда қай ел өзінің өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалады?

А.Грмания В. Англия С.Италия Д. Франция Е. АҚШ

6. Германияның қуатты әскери – теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы қай елдің сыртқы саясатына өзгерістер енгізді?

А. Ресей В. Италия С. Англия Д. Сербия Е. Австро-Венгрия

7.Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылы басталды?

А. 1914 ж. В. 1912 ж. С. 1913 ж. Д. 1915 ж. Е. 1911 ж.

8. 1914 ж. 28 маусымда қай елдің басшысы қаза табады?

А. Ресей В. АҚШ С. Франция Д. Австро-Венгрия Е. Италия

9.Германия 1914 ж. 1 тамызда қай елге соғыс жариялады?



А. Ресей В. Италия С. Түркия Д. Австро-Венгрия Е. Жапония

10. Бірінші дүниежүзілік соғысқа неше мемлекет қатысты?

А. 35 В. 32 С. 38 Д. 37 Е. 36
Тест тапсырмасына оқушылар орындап жауап береді. Тапсырманы қалай орындалғаның білу үшін топтық бағалау жүйесін қолданамын.

Топтық бағалау: топ басшысы тест таапсырмасын жинап алып тексереді. Бағалау баллдық жүйе бойынша қойылады. Оқушы 9-10 сұраққа дұрыс жауап берсе – «5» деген баға, 7-8 сұраққа дұрыс жауап берсе – «4» деген баға, 6-4 сұраққа дұрыс жауап берсе «3» деген баға қойылады. Топ басшысы тапсырманы тексеріп болған соң, тапсырманы жинап аламын.
Сабақ бойынша оқушылар нені меңгергендігін және кері байланыс үшін ББҮ кестесін беремін.

«ББҮ кестесі» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша не білгендерің айқындау.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім








ББҮ кестесінде оқушылар не білетіндерін ойланады, сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап іздеу арқылы тақырыпты толық қорытындылап жазады. Саралау тәсілінің «Диалаог және қолдау көрсетуді» басшылыққа алып, кері байланыс орнатып, тақырыпты аяқтаймын.


Бағалау: оқушылардың алған білімдерін жинаған әр түрлі фишкалар арқылы және топтық бағалау арқылы бағалаймын.


I-топ










II-топ









III-топ









Ұпай сандарың айтқан соң, оқушыларды алған бағалары бойынша мадақтаймын.

Бағалау аяқталғаннан кейін, үйге тапсырма беремін.

Үйге тапсырма беру: бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен алғышарттарын мазмұндап келу.






Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралаудың жіктеу тәсілін негізге ала отырып, оқушыларды түстер арқылы аралас гендерлік топқа бөлемін. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, диалог және қолдау көрсету арқылы әр түрлі тапсырмаларды саралай отырып беремін. Саралау әдісінің қарқынды тәсілін ескере отырып, топтық жұмыста, жұптық жұмыста қарқыны баяу, қолдауды қажет етеін оқушыларға көмек көрсетемін. Тапсырмалар «Поезд» әдісі, «Фишбоун», «Сандар сөйлейді» «Картамен жұмыс», «Термин сөздермен жұмыс», бекіту кезеңінде «Ой қозғау» әдісін пайдалананамын. Кері байланыс үшін ББҮ кестесін беремін.

Тапсырманы орындағанда анықтайды, талдайды, баға береді. Қабілеті бар оқушыларға тереңірек тапсырма беремін. Қолдауды қажет етін оқушыларға жеңіл тапсырма беремін.




Бағалау кезіңде оқушылардың сабақ бойынша не білгенің бағалау үшін қолданған тәсілдерім

«Дескриптор», «Кері байланыс», «Үш түрлі фишкалармен», «Топтық бағалау», «Мұғалімнің бағалауы»



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтайды


Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет