Сабақ жоспары Зерттеу тақырыбы: сын тұрғысынан ойлауды дамыту Күні: 07. 12 Сабақ: 3



Дата12.03.2017
өлшемі89,64 Kb.
#11605
түріСабақ
8–сынып. Қазақ тілі  сабағынан қысқа мерзімді сабақ жоспары
 Зерттеу тақырыбы: сын тұрғысынан ойлауды дамыту


Күні: 07.12

Сабақ: 3

Сабақтың тақырыбы:

Менің жұмыс күнім. Есімшенің тәуелденуі.

Сабақтың мақсаты:

Жұмыс күні туралы әңгімелейді. Аударады. Ситуация бойынша диалог құрады.Топта бірігіп жұмыс істейді.

Оқудың нәтижесі:

Жұмыс күні туралы әңгімелеп үйренеді, сөйлемдер құрра біледі, топта бірігіп жұмыс істеді.

Көрнекілігі:

Таныстырылымдар, түрлі-түсті фломастерлер, стикерлер, карточкалар, кітап, ғаламтор.

Сабақтың барысы:

 

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыты

1-әрекет

Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесемін. Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.

-Бүгін сабақта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Бүгін аптаның қай күні?



Сәлемдеседі.

Оқу құралдарын дайындайды.

Берілген сұрақтарға жауап береді.


3 мин.

2-әрекет

Ынтымақтастық

атмосферасын орнату

Оқушылар бір-бірінің басына қолдарын қойып, жақсы тілектер айтады

Оқушылар бір қатар болып, бірінен кейін бірі тұрады. Ойынның ережесін тыңдайды. Тапсырманы орындайды.

5 мин.

Топқа бөлу


Оқушыларды түрлі-түсті асықтардың көмегімен топтарға бөлемін. Топтағы оқушыларға міндеттерін естеріне салып, топ мүшелерінің қызметтерін өзара бөлгіземін. Топ ережесін естеріне саламын.

Оқушылар өз орындарына барып отырады, оқушылар міндеттерін өзара белгілеп алады.

 

3-әрекет

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы естеріне саламын. Жаттаған сөздерді сурет арқылы көрсету.

Оқушылар қолдарын көтеріп, тақтадағы суретте не бейнеленгенін айтады.

7 мин.

4-әрекет

Өткен сабақ пен байланыстыру.

Бекіту сабағы.

Миға шабуыл.


Өткен сабақтарда «Сабақ қашан басталады. Есімшенің тәуелденуі» тақырыбын өткен болатынбыз.

Карточкаларды таратып беремін. Осы карточкалардан ессімшені тауып айтып беріңдер, қандай сұрақ қоясыңдар?

Тақтаға шығарып есімшені тәуелдетемін.

Ситуация жасау: «Менің жұмыс күнім»



Берілген карточкалардан есімшені тауып сұрақ қояды. Тақтаға шығып тәуелдейді. Ситуация жасайды «Менің жұмыс күнім» тақырыбына. Өтілген тақырыптарды пысықтайды.

5мин.

5-әрекет

Таныстырылым дайындау.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Мәтінді қазақ тіліне аударады, ішінен есімшелерді табады. Жауап беріп болғасын тақтаға дұрыс жауабын шығарамын, тексереміз. Содан кейін мәтін бойынша сұрақтар қоямын, сұраққа тез әрі жылдам жауап берулері тиіс.

Оқушылардың топ ішіндегі міндеттерін орындауын қадағалаймын, бірігіп жұмыс істеуге шақырамын.



Әр топ өз тапсырмалары бойынша таныстырылым дайындайды және қорғауға дайындалады.

10мин.

Таныстырылымды қорғау


Оқушыларды тақтаға шақырамын.

Әр топ өз таныстырылымы аясында әңгімелейді.

 

6-әрекет

Сергітусәті


«Апельсин» ойынын ойнауға шақырамын

«Апельсин» ойынын ойнайды.

3мин.

7-әрекет

Кластер жасау


Әр топқа бүгінгі күн тәртібінің кластерін жасауға парақтар таратып беремін.

Оқушылар өздерінің топтарында бірлесіп кластер құрады қорғауға дайындалады.

3мин.

8-әрекет

Ойды қорыту


«Менің жұмыс күнім» мәтіні бойынша суреттер беріледі. Сол суреттен 5 есімшенің суретін табады.

Берілген суреттен 5 есімшенің суретін табады, айтады.

3мин.

9-әрекет

Үй тапсырмасы

«Менің жұмыс күнім» тақырыбына шағын эссе жазып келу

Күнделіктеріне тапсырманы жазады.

2мин.

10-әрекет

Бағалау

Әр топтың бағалаушысынан, көрші топтың бағасын айтуын сұраймын.

Әр топтан бағалаушы тұрып, бағалау парағының көмегімен көрші топтағы оқушыларды бағалайды.

3мин.

11-әрекет

Рефлексия

Дана ағашына сабақ бойынша, өз ойларын жазуды сұраймын.

Стикерге өз ойларын жазып, дана ағашына жапсырады.

1мин.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет