Сабақ жоспарын блум таксономиясының негізінде қҰрудың ерекшелігі


Осы алғашқы білу, түсіну, қолдану деңгейлері



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі162,41 Kb.
#122996
түріСабақ
1   2
Байланысты:
sabaq-kz attachment saba-zhosparyn-blum-taksonomiyasy-negznde-rudy-erekshelkter

Осы алғашқы білу, түсіну, қолдану деңгейлері пәндік деңгей болып саналады. Одан әрі талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерінің тапсырмалары дарынды оқушыға негізделеді. Сабақтың талдау деңгейінде бүгінгі алған білімдерінің тиімді, тиімсіз жақтары туралы сараптайды, ойларын дәлелдейді. Оқушы жинақтау деңгейінде алған білімін эссе жазу, ассосация, Венн диаграммасы т.б әдіс-тәсілдер арқылы жинақтап, өз көзқарасын, өз тұжырымын жасайды. Блум таксономиясының соңғы деңгейі бағалау. Бұл деңгейде әдеттегісінше, оқушыны мұғалім бағаламайды, керісінше, оқушы өз жұмысының нәтижесі туралы рефлексия жасайды. Ал сабақтың нәтижесін мұғалім бағалау парағына қойылған ұпай санына байланысты анықтай алады. Сабақ соңында рефлексия жасау арқылы оқушы өз білім деңгейін анықтаса, мұғалім келесі сабағын қалай жоспарлау керектігін біле алады. Осы мақсаттарға жету үшін, алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру қажет. Ол үшін түрлі сергіту сәттерін, тренингтер өткізуге, жаймен сазды әуен қосып қоюға болады. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру кезінде қазақ тіліндегі әндерді, ұлттық ойын элементтерін қолдануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет