Жүру –адам қимылдауының табиғи тәсілі. Спорттық жүрудің жай жүруден айырмашылығы- жылдамдығы жағынан тезірек қимылдауы.
Спорттық жүру бір қалыпты сипатқа ие. Спорттық жүрудің ережелері шектеулі. Біріншіден, спорттық жүруде ұшу кезеңдері болмауы қажет, әрқашан жерменбайланысболуы қажет. Екіншіден, бірінші шектеуді орындау барысында, тігінен тұрған тірек аяқ тізе буынынан жазылуы керек.Спорттық жүруден қарапайым жүрудің айырмашылығы: жаяу жүрісте аяқты тізе буынынан бүгуге болады, ал спорттық жүрісте аяқ тік болуы қажет.
Спорттық жүрістің негізгі техникасы бірқалыпты қимылды құрайды, олекі адымнан тұрады, сол жақ аяқ пен оң жақ аяқтың адымы.
Ол қалып тӛмендегілерден құралады: а) жалғыз тіректің екі кезеңі; б) екі тіреудің екі кезеңі; в) сермейтін аяқты ауыстырудың екі кезеңі.
Спорттық жүрістің циклін алты шабағы бар дӛңгелек түрінде елестетуге болады. Екі қос шабақ дӛңгелекті екіге бӛледі - екі тіреудің кезеңі, екі жалғыз шабақосы жартыларды тӛртке Репозиторий КарГУ 17 бӛледі -жалғыз тіреудің кезеңі. Бір аяқтың жалғыз тірегінің кезеңі басқа аяқтың ауысу кезеңімен сәйкес келеді. Екі тіректі период ӛте жылдам болады, оны кӛбі байқамай қалады. Бір периодты тірек ұзағырақ болғандықтан екі кезеңге бӛлуге болады:
1) алдыңғы тіректің қатты фазасы;
2) итеру фазасы.
Ауысу фазасы да екіге бөлінеді:
1) артқы адым фазасы;
2) алдыңғы адым фазасы.
Жоғарғы білікті жүрушілер адымдарының жиілігі минутына 190-нан 230 адымға дейінбарады. Адымның ұзындығы 95 см –ден 130 см -ге дейін болады. Осылардың барлығы спортшының аяғының ұзындығы мен бұлшық етіне тығыз байланысты.