Споттық жүрудің жеңіл атлетиканың бір түрі ретінде пайда болуы мен қалыптасуыХІХ ғасырдың ортасында басталды. Ең алғашқы жарыс Англияда 7 мильді жүріп ӛту 1867 жылы болды. Репозиторий КарГУ 20 Алғашқы ұзақ қашықтықтағы жүрудің дистанциясы Вена – Берлин – 578 км; Париж – Бельфор – 496 км; Турин – Марсель – Барселона – 1100 км. Ол 1908 жылғы Олимпиада бағдарламасына 3,5 және 10 шақырымдық спорттық жүруді енгізгенше жалғаса берді. Екінші кезең: 1908 жылдан 1932 жылға дейін жалғасын тапты. Бұл уақытта спорттық жүріс олимпиада ойындары түріне енгізіледі. 1932 жылы Лос – Анджелестегі олимпиадалық қашықтық 50 км болып енгізілді. Әлемдік рекордтар: 1918ж – 20 км тіркелсе, 1924ж – 50 км тіркелді. Үінші кезең – 1932 – 1952 жылдары жаттығудың қызған кезі. Әр түрлі заманға сай әдістермен жаттықтырады. 1964 -1976 жылдары спорттық жүру біраз елдерге тарады.. Мысалы: Африка, Азия, Латын Америкасы, Шире кешенді әдіс – тәсілдер жүйелі түрде қолданылды. Спорттық жүріске дайындалатын адамдар саны кӛбейе түсті.Әр түрлі сатыдағы спортшылар дайындала бастады. Осыдан бастап спорттық жүруді нәзік жандыларда меңгере бастады. 1892 жылы Ресейде алғаш рет спрттық жүрістен 1,3 және 10 шақырым қашықтықтажарыс ӛтті. 1894 спорттық жүрістен жарыс Петербург пен Царское село арасындағы елді - мекендерде ӛтті. 1946 ж спорттық жүріс бойынша 50 км қашықтыққа алғашқы жарыс ӛтті. 1952 ж Кеңестік тезжүргіштер Олимпиада ойынына қатысып, шет ел спортшыларына кәдімгідей қарсыластық танытады. Әр түрлі дәрежедегі медальдарды жеңіп алады. Спорттық жүру әдісінін негізі адамның күнделікті жүрісіне ұқсас,бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар жоғарғы жылдамдықпен қозғалу, жерге қою сәтінде аяқтың толық түзетілуі,жамбас қозғалысының анық байқалуы (әсіресе, тік білек бойымен қозғалғанда).