Мұғалімнің аты-жөні:
|
Алдашова Назерке Сакентаевна
|
Пән/Сынып:
|
қазақ әдебиеті, 6-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
3-тоқсан, 8-апта, №16 сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
ІІІ бөлім: «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған»
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан»
|
Оқу мақсаттары:
|
А/И1 Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау
|
Сабақ мақсаты:
|
Шығарма композициясындағы жекелеген эпизодтарды біледі
эпизод шекарасын анықтайды
эпизодтың мәнін ашып, маңыздылығын түсінеді
Шығармаға композициялық талдау жасайды
|
Бағалау критериі:
|
Шығарма композициясындағы жекелеген эпизодтарды біледі
эпизод шекарасын анықтайды
эпизодтың мәнін ашып, маңыздылығын түсінеді
Шығармаға композициялық талдау жасайды
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсің бе?
6-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан» повесі
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
Шығарма композициясындағы жекелеген эпизодтарды біледі
эпизод шекарасын анықтайды
эпизодтың мәнін ашып, маңыздылығын түсінеді
Шығармаға композициялық талдау жасайды
|
|
Кесте, презентация т.б.
|
3 минут
|
Жаңа сабақ
|
Эпизод туралы білімді еске түсіреді.
Эпизод (грек. epeіzodіon – қоспа, үстеме) – көркем шығарма сюжетіндегі өз алдына мәні бар, өзара байланысқан оқиғаның бір бөлшегі, көрінісі. Әр эпизод кейіпкердің белгілі уақыт аралығында өткен қимылын, ісін, екі не одан көп кейіпкерлердің арасында болып жатқан құбылыстардың біткен кезеңін көрсетеді
|
|
|
1-5 минут
|
Тапсырмалар
|
1-тапсырма
Маңызды эпизодты тап
|
Эпизодқа ат қой
|
Эпизодтағы басты кейіпкер
|
Осы эпизод арқылы кейіпкерге мінездеме беру
|
|
|
|
|
Дескриптор
Маңызды эпизодты табады
Эпизодқа ат қояды
Эпизодтағы басты кейіпкерді табады
Эпизод арқылы кейіпкерге мінездеме береді
Өзіңді тексер
Маңызды эпизод
|
Эпизодқа ат қой
|
Эпизодтағы басты кейіпкер
|
Осы эпизод арқылы кейіпкерге мінездеме
беру
|
– Ей, сен не iстеп жатырсың? Көмбе қарда атты қалай жекпексiң,
батып кетедi ғой, – дестi жолдастары.
– Менiң оны өлшеп, ой тауысуға уақытым жоқ. Қожайын айтты бiттi,
менiң шөптi тез жеткiзуiм керек. Осыдан басқа маған түктiң керегi жоқ.
|
Тілалғыш Мұқан
|
Мұқан
|
Мұқан ісіне адал, қарапайым, ауыр мінезді, тілалғыш, еңбекққор кейіпкер
|
|
|
Презентация
|
1-6 минут
|
Тәжірибе
|
2-тапсырма
Осы эпизодтан кейін қандай оқиға болатынын анықтайық.
Мұқан атын жегiп, жетi-сегiз шақырымдай шыққанда, қарсы алдынан боран соға бастады. Үйе тиелген шөпке қарсы соққан қарлы жел шөп арасын көтерiп, аттың аяғын қия басқызбады. Аттардың жүргенiнен тұрғаны көбейдi. Күн батып, дүлей қараңғы түн басталды. Мұқан шананы сүйрелеп, атқа көмектестi.
Өзіңді тексер
Қалаға жетi шақырым қалғанда бiр ат аяғын басуға мұршасы келмей, төрт аяқтап тұрып алды. Ыза кернеген шөпшi, айырын шананың артына көмейлете
шаншып қойды да, үрiндi қарға көмiлiп тұрған шананы итерiп кеп жiбергенде, жүре алмай тұрған ортаға жеккен ат, бүктелген бойынша шананың астына шалқасынан түстi. Жанына жеккен ат қайрылып сыртқа шығып кеттi. Мұқан шананы кейiн итерiп, астындағы атты босатқанша ол өлiп кеткен едi. Өзi бел көтергiш қайысты шанаға байлап, қалған
атқа пар болып шөптi сүйреп, қаланың шетiне шейiн алып келдi.
|