Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Икишева Б. А. Пән/Сынып: қазақ тілі, 8-сынып



бет2/6
Дата02.12.2022
өлшемі29,12 Kb.
#160883
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-сабақ Жаңа мамандық түрлері

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар ?
8-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жаңа мамандық түрлері
Бүгінгі сабақта:
Сіздің білетініңіз:
• Мамандық таңдау. Сату менеджері
Сіздің меңгеретініңіз:

  • мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырасыз

  • өз ойыңызды дәлелдеп жазасыз

  • сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданасыз




Презентация

2 минут

3 минут


1 минут

Жаңа сабақ

Ойтүрткі сұрақтар.

  1. Мамандық дегеніміз не?

  2. Мамандық таңдауда ата-ананың ықпалы қаншалықты маңызды?

  3. Мамандық таңдаудағы ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

Кіріспе.
Мамандық дегеніміз не? (жауап беруге уақыт бөлу)
«Мамандық» сөзіне анықтама беру. Мұғалімнің толықтыруы
Профессия - мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.
Жаңа, болашақ мамандық түрлері:
Инженерлер - кез келген елдегі тапшы мамандықтардың бірі. Білімді мамандардың көмегімен құрылыс-индустриясы және өнімнің автоматтандырылған деңгейі артады. Елде дағдарыс бола қалған күннің өзінде инженерлердің сұраныста болатыны анық.
IT саласының мамандары. Қазақстан аталған мамандық бойынша әлемдегі ең үздіктер қатарына әлі ене қойған жоқ.Күнделікті өміріміз ақпараттық технологияларға барынша бейімделіп жатыр. Сондықтан, бүгініміз бен ертеңіміз үшін ең қажетті мамандық осы IT саласы. Бұл мамандар қанша көп болса, сонша сұранысқа ие
Дәрігерлер. Адам болған соң ауырады, өміріне қауіп төнеді. Адамның өміріне деген жауапкершілік атам заманнан келе жатыр. Дәрігерлер үшін жаңа технологиямен, яғни компьютерлік диагноз қою, лазер сәулесімен емдеу өте қажетті. Сондықтан бұл мамандық үздік ондықтың ішінде жүреді.
Экологтар. Қалалар үлкейген сайын жанармай, артық қоқыс, түрлі зауыттардың өндіріс үшін тоқтаусыз жұмыс жасауы, қоғамдағы әлеуметтік ортаны ластайды. Осыған бей-жай қарамайтын мамандар – экологтар. Экологтар сұранысқа ие мамандар. Экологияның бұзылуын қалпына келтіру және оның алдын-алу мақсатындағы жасалатын әрекеттерді ұйымдастыру экологтардың басты міндеті.
Химиктер. Химия – ерте заманнан таныс ғылым. Қазір оның биохимия, геохимия, электрохимия, компьютерлік химия, мұнай химиясы салалары ерекше даму үстінде. Дегенмен химия саласын зерттеуде білікті мамандар әлі аздық етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет