Жапырақтың ішкі құрылысы Өң жасушалры – тірі, бір-бірімен тығыз жанасып жатады. Астыңғы өңінде жанаспалы жасушалар орналасады (өсімдіктің өсетін жеріне, түріне байланысты кейде үстіңгі өңінде де кездеседі). Өң жасушаларында хлорофилл болмайды, сондықтан түссіз. Күн сәулесін өткізеді, қорғаныштық қызметін атқарады. Жанаспалы жасушалар– жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан 2 жасуша. Жанасқан жерінде саңылауы бар. Бұл саңылау бірде ашылып, бірде жабылады. Саңылау арқылы жапыраққа ауа енеді. Атмосфераға су буы, оттегі және көмірқышқыл газы шығарылады. Жанаспалы жасушада болатын хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант (органикалық зат) түзіледі. Сол кезде қысым артып, күндіз саңылау ашылады. Түнде қант мөлшерінің азаюы қысымды төмендетіп, саңылау жабылады. Егер күндіз күн өте ыстық, желді болса, ылғалды сақтау үшін саңылау жабылып тұрады. Саңылау күзде күндіз де, түнде де жабық болады.
Жапырақтың іші шырынды жасыл жұмсақ болатынын байқаған шығарсыздар. Бұл негізгі фотосинтездеуші ұлпа жасушалары –паренхима. Олар хлоропластарға бай, сондықтан ашық жасыл түске ие. Жапырақтың төменгі жағында маңызды құрылым-лептестік (устьица) болады. Лептестік арқылы заттар өсімдік ішіне түседі және сыртқа бөлінеді. Ішіне фотосинтез үшін қажет көмірқышқыл газы мен тыныс алуға керек оттек түседі. Сыртқа су (буланады) және оттек шығарылады.
Жапырақта заттар тасымалданады.Жапырақтың суды буландыруы транспарация деп аталады.
Өсімдік суды не үшін буландырады? Оның үш себебі бар.
Тамыр сіңіретін су жапырақ жасушаларының тіршілігіне және фотосинтез үшін қажет.
Су буланған кезде өсімдік температурасын төмендетеді де, жазда ағзаның қызып кетуінен сақтайды.
Су буланған кезде тамырдан жапыраққа таратылады да онымен бірге барлық тірі жасушаларға қажет еріген заттар да өсімдікке таралады.
Жапырақтың қызметі.Жапырақтар – жердегі барлық өсімдіктерінің негізгі мүшесі. Олар өсімдіктің тіршілік етуінде өте маңызды. Ассимиляциядан басқа, жапырақтар өсімдіктің су тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Әрбір жапырақ эпидерма мен немесе үстіңгі қабықпен жабылған. Олар тығыз орналасқан жасушалардан тұрады. Үстіңгі эпидерма өсімдіктерді судың жоғалуынан қорғайтын кутикуламен жабылған. Үстіңгі эпидерманың астында бағаналы мезофилл болады. Ол хлоропластарға бай, ұзартылған жасушалардан тұрады. Бағаналы мезофиллдің астында борпылдақ мезофилл бар. Оның құрамында хлоропластар аз болғанымен олардағы жасуша аралық бос орындар көлемі үлкен болады. Әрбір жапырақта жапырақтарға сумен минералды заттарды әкелетін және жапырақтардан құнарлы заттарды таситын құнарлы өткізгіш шоқтары болады. Жапырақтардың көбінде өсімдіктердегі судың булануына жауапты саңылаулар төменгі эпидермада орналасады. Талшық шоқтар, беріктік, серпімділік қызметін атқарады. Сүзгілі түтіктер- органикалық заттарды тамырмен сабақтарға жеткізеді. Өткізгіш шоқтар- тамырдан минералды заттарды
өткізеді.