Сабақ жоспарының Үлгісі



Дата18.12.2021
өлшемі299,11 Kb.
#102799
түріСабақ
Байланысты:
24- сабақ - Кездесу қозғалысына берілген есептер
Денсаулық-өмір негізі, сурак конферт, Көркем еңбек 2-т ҚМЖ 130 бұйрық 4-сынып, хеее, Диктант 1-4.2022

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

Математика, 4-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

№ 72 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Кездесу қозғалысына берілген есептер

Сабақтың тақырыбы:

Кездесу қозғалысына берілген есептер

Оқу мақсаты:

Бір-біріне кездесу және қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс, артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу

Бағалау критерийі:

шамаларды және олардың бірліктерін атай алады;

шамалар арасындағы тәуелділікті түсіндіре алады;

есептерді талдап, шығара алады.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі




Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету



Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы



Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Тақырып, мақсаттармен таныстыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Ерте тұрып, күнде мен

Тереземді ашамын.

«Сәлем!» деймін күнге мен,

Шаттық әнге басамын.

Айналама қарасам,

Ғажаптар қаншама,

Сан жетпейді санасам,

«Сәлем!» деймін күнге мен.

Жұмыс ережесін келісу


  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!




Не меңгеретінін білу үшін


ҚБ: Смайликтер арқылы бір-бірін бағалау.



Презентация № 1бет







Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Өзектендіру.
1 тапсырма

Балалар аты аңызға айналған әншімен сағат 17.00-де бас­талатын кездесуге аттанды. Олар ауылдан қа- лаға автобуспен сағат 15.30-да шықты. Автобус 60 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Ауылдан қалаға дейінгі арақашық- тық – 25 км. Егер кез­десу басталардан жарты сағат бұрын келу қажет болса, онда олар уақытында жете ала ма?

Есептің сұрағына жауап беру үшін, қандай есептеулерді орындау керек?

1)


2)











7-8 минут

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру



Дескрипторы:

шамаларды және олардың бірліктерін атай алады;

шамалар арасындағы тәуелділікті түсіндіре алады;

есептерді талдап, шығара алады




Жаңа тақырыпты меңгеру

ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.






Презентация № 2бет

8 мин



Тәжірибе

3 тапсырма

Сен екі дененің кездесу қозғалысына бе­рілген есептерді амалдар бойынша шығара аласың. Өр­нек құр. Оны теңдеу құрып шығарып көр.

Арақашықтығы 1 220 км болатын екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі пойыз шығып, 10 са­ғаттан кейін кездесті. Бірінші пойыздың жылдамдығы – 65 км/сағ. Екінші пойыздың жылдамдығын тап.

х – екінші пойыздың жылдамдығы болсын.

х + 65 – пойыздардың жақындау жылдамдығы

(х + 65) ∙ 10 – қалалардың арақашықтығы

(х + 65) ∙ 10 = 1 220

х + 65 = :

х + 65 =

х = –


х =

Жауабы: екінші пойыздың жылдамдығы км/сағ.

Есіңде сақта!

Екі дененің қозғалысына берілген есептерді теңдеу құрып шығаруға болады. Ол үшін:

1. Формуланы жаз: S = V ∙ t

​2. Есепті мұқият оқы және қозғалыстағы денелердің әр­қай­сысы үшін не белгілі екендігін анықта: арақа­шықтық, жылдамдық, уақыт.

​3. Теңдеу құрғанға дейін есептің барлық шамаларын бірдей өлшем бірліктеріне келтір.

​4. Нені табу керек екендігін анықтап, оны х-пен белгіле.

​5. Есептің барлық мәліметтерін қолданып, теңдеуді жаз.

​6. Теңдеуді шеш. Дұрыстығын тексер.


Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру



Бағалау критерийлерін ұсыну
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.


.

Презентация № 3бет



















3 мин



Бекіту

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Ойтолғаныс кезеңі.

Сен зерттеушісің

8 тапсырма

Ойлан және жауап бер.

Үлкен жол бойында 2 км жерге дейін жылдамдықты 60 км/сағ-тан асыруға болмайтын жол белгісі тұр. Жүргізуші бұл жол бөлігін 3 минутта жүріп өтті. Жүргізуші жол жүру белгісінің талабын сақтады ма?

Шешуі:


Тақырыпты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну
ҚБ: Жұлдыздар арқылы бір-бірін бағалау.


Презентация № 4бет




Кері байла

Ныс


Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Жетістік баспалдағы» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.










«Жетістік баспалда

ғы»






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет