География пәнінен сабақ
жоспарлары үлгілері
(іс-тәжірибеден)
Құрастырған: Есетова Айман Бекенқызы
Ақтөбе қаласы,
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің
география пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы,
№41 жалпы білім беретін орта мектебі
Құрастырушы: Есетова Айман Бекенқызы - география пәні мұғалімі
Осы әдістемелік құралда жиналған сабақ жоспарларының үлгілері мұғалімдердің іс - тәжірибесіндегі сәтті шыққан сабақтардан құралған. 6 - 7 кластарға арналған сабақ жоспарлары жинағында оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру жолдары, деңгейлік ықпалдастырылу жолдары барынша қарастырылған. Сабақ жоспарларының үлгілері мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынылып отыр.
Тақырыбы: Географиялық карталар, олардың жіктелуі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Географиялық карталар түрлерімен таныстыру, олардың негізгі ерекшелігін көрсете отырып, қалай пайдалану керектігін түсіндіру.
Дамытушылық: Географиялық карталар,ұғымдарын қалыптастыру. Ғаламшардың жартышарлары мен полюстері туралы аяқталған түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа, білімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: көрнекіліктер арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек сызба, Инсиорд әдісі, эссе.
Көрнекіліктері: оқулық, жер шарының жарты шарлар картасы, Ақтобе облысының картасы
4. Д.ж-нің саяси картасы, насихаттық материалдар.
Сабақтың барысы
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
1. Ұйым-дастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгелдеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
|
2. Үй тапсырмасын сұрау.
|
1) Үй тапсырмасы Глобус тақырыбында Эссе «Автор орындығы» арқылы сұрау.
2) Кәмпиттер бойынша 4 топқа бөлу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын айтып жауап береді.
|
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
|
Ой қозғау.
1)Карталарды көрсету арқылы не білетіндерін сұрап, жаздырту
1. жарты шарлар картасы
2. Қазақстанның физикалық картасы
3. Ақтобе облысының картасы
4. Д.ж-нің саяси картасы
|
Дәптерлеріне тақырыпты
жазады.
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
|
Мәтінмен жұмыс. Инсиорд әдісі. Топқа тапсырма беру
Сергіту сәті «Үш көмекші»
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды,
Бәрі осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі басқарған
|
Топ болып тапсырма орындайды
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
Білемін «٧»
|
Жаңалық «+»
|
Келіспеймін«-»
|
Мен үшін сұрақ «?»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.Қорытынды
|
Бүгінгі сабақта, Картаның бірнеше түрлерімен таныстық
|
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушылар өзін-өзі бағалайды
|
|
8.Үйге тапсырма
|
13 параграфтарды оқу
|
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
Тақырыбы: Глобус – Жердің моделі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды глобустың түрлерімен таныстыру, олардың негізгі ерекшелігін көрсете отырып, қалай пайдалану керектігін түсіндіру.
Дамытушылық: «Экватор», «параллель», «меридиан», «градус торы» ұғымдарын қалыптастыру. Ғаламшардың жартышарлары мен полюстері туралы аяқталған түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа, білімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: көрнекіліктер арқылы түсіндіру, ассоциация, сұрақ-жауап, тірек сызба, Жигсо стратегиясы
Көрнекіліктері: оқулық глобус, жер шарының жарты шарлар картасы, атлас, кескін карта,насихаттық материалдар.
Сабақтың барысы
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
1. Ұйым-дастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгелдеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
|
2. Үй тапсырмасын сұрау.
|
1) Үй тапсырмасын тексеру . «Өрмекші торы» тренинг Өткен тақырыпты қайталау
2) Географиялық фигуралар бойынша топқа бөлу. Топ ережесін құрастыру
Топ ережесі:
Тәртіп
Ұйымшылдық
Әділ бағалау
Тыңдау
Көмек көрсету3.
|
Оқушылар үй тапсырмасын айтып, қосымша сұрақтарға жауап береді.
|
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
|
Тірек білімді актуалдау.
1)Глобусты көрсетіп не білетіндерін сұрап, «Глобус» ассоциация жаздырту
Географиялық бойлық
мұхиттар
Шар тәрізді
глобус
Материктер Бехайм жасаған
|
Дәптерлеріне тақырыпты
жазады.
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
Мәтінмен жұмыс. Жигсо стратегиясы. Топқа тапсырма беру
1 топ Глобус
2 топ Географиялық ендік Географиялық бойлық
3 топ Градус торы
4 топ Географиялық ендік мен бойлықты анықтау
1,2,3,4 нөмірге бөліну
Қонаққа бару.
Қонақтан оралу.
Топпен талқылау.
Мазмұндау
Сергіту сәті Крокодил ойынын ойнату.
|
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
«Дұрыс-бұрыс?» ойыны (егер дұрыс болса шапалақ ұрамыз)
1.Жер шарында 2 полюс бар. (дұрыс)
2.Жер өз білігін айналғанда оның полюстері айналмайды. (дұрыс)
3.Экватор сөзі «түскілік» мағынаны білдіреді. (бұрыс)
4.Жерді тең екі жарты шарға меридиан бөледі. (бұрыс)
5.Жер экваторының ұзындығы 40000 километр. (дұрыс)
|
|
6.Қорытынды
|
Бүгінгі сабақта, Глобус - Жер шарының бірнеше кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі екенін білдік
|
|
6. Бағалау кезеңі
|
Топтар бір бірін бағалайды.
|
|
7.Үйге тапсырма
|
11, 12 параграфтарды оқу, эссе жазу
|
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
Тақырыбы: Карталар таным және ақпаратты өңдеуші құрал ретінде
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Карталар таным және ақпаратты өңдеуші құрал ретінде глобустың пайдалану керектігін түсіндіру.
Дамытушылық: Каратаның адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа, білімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: көрнекіліктер арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек сызба, бейне баян, ББҮ сызба әдісі.
Көрнекіліктері: оқулық , жер шарының жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, насихаттық материалдар.
Сабақтың барысы
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
1. Ұйым-дастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгелдеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
|
2. Үй тапсырмасын сұрау.
|
1) Үй тапсырмасын "Аквариум" әдісі арқылы сұрау.
Екі оқушы шығып бір-біріне сұрақ жасырады.
2) Жыл мезгілдеріне бойынша топқа бөлу. Топ ережесін құрастыру
|
Оқушылар үй тапсырмасын айтып, жыл мезгілдері байланысты топқа бөліну
|
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
|
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
Ой қозғау. Карталар туралы, маңызы туралы бейнебаян көрсету
|
Дәптерлеріне тақырыпты
жазады.
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
|
Мәтінмен жұмыс. Топқа тапсырма беру
жеке оқу
Топпен талқылау.
Дәптермен жұмыс
Сергіту сәті Крокодил ойынын ойнату.
|
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
Ойды қорытындылау
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
|
|
|
|
|
6.Қорытынды
|
|
|
6. Бағалау кезеңі
|
Топтар бір бірін бағалайды.
|
|
7.Үйге тапсырма
|
14 параграфтарды оқу
|
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
Тақырыбы: Глобустағы және географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды глобустың негізгі ерекшелігін көрсете отырып, қалай пайдалану керектігін түсіндіру.
Дамытушылық: «географиялық ендік, «градус торы» ұғымдарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, достық қарым-қатынасқа, білімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: көрнекіліктер арқылы түсіндіру, "кубизм", "ротация", сұрақ-жауап,
Көрнекіліктері: оқулық, глобус, жер шарының жарты шарлар картасы, атлас, кескін карта, насихаттық материалдар.
Сабақтың барысы
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
1. Ұйым-дастыру кезеңі
|
Оқушылармен амандасу. Түгелдеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
|
2. Үй тапсырмасын сұрау.
|
1) Үй тапсырмасын "Кубизм" әдісімен сұрау.
1.карта мен глобусты салыстырыңыз (неге ұқсас)
1. Карталарды салыстыр
2. картанының маңызы Дәлелде
3 картаны талда (неден тұрады, неден жасалған)
3 картаны қандай түрлері бар талда (өсім, жануар, климаттық)
3 Жалпы географиялық карталарды талда (не үшін қолданамыз)
4 План деген не? суретте
4.Глобусты суреттеңіз (түсі пішіні)
5. карта мен глобусты байланыстыр
6 глобусты қайда қолданамыз
6 картаны қайда қолданамыз
2) Географиялық, биологиялық, математикалық, әдеби терминдер бойынша топқа бөлу.
|
Оқушылар үй тапсырмасын айтып, қосымша сұрақтарға жауап береді.
|
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
|
Ой қозғау. "Ротация" әдісі
1 топ Географиялық ендік анықтау
2 топ Географиялық координаталарды анықтау
3 топ Градус торын анықтау
4 топ Географиялық бойлықты анықтау
|
Дәптерлеріне тақырыпты
жазады.
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
Мәтінмен жұмыс. Топқа тапсырма беру Географиялық координаталар - жер бетіндегі белгілі бір нүктенің экватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын анықтайтын, ендік және бойлық деп аталатын бұрыштық шамалар. Географиялық координаттар(лат. со — бірге, ordinatus — реттелген) — жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер.[1] Олар географиялық ендік және географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер бетінің кез-келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді. Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған.
1 топ Географиялық ендік анықтау
2 топ Географиялық координаталарды анықтау
3 топ Градус торын анықтау
4 топ Географиялық бойлықты анықтау
Топпен талқылау.
Презентация
Сергіту сәті. Билету
|
Оқушылар мәтінмен жұмыс жүргізеді
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
Донетка.
Глобус
Градус торы
Карта
Географиялық ендік
Географиялық бойлау
|
Әрбір сөзге анықтама беру
|
6.Қорытынды
|
Ойды қорытындылау.
Географиялық карта, глобус, ендік, бойлықты ажыратып, оларды анықтап үйрендік
|
|
6. Бағалау кезеңі
|
Топтар бір бірін бағалайды.
|
|
7.Үйге тапсырма
|
12 параграфтарды оқу,
|
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
Тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушалардың Оңтүстік Америка материгі бойынша алған білімдерін пысықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейту, өз қабілеттерін ашуға ұмтылдыру, картамен дұрыс шапшаң жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Оқыту әдісі: Іздену
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оңтүстік Американың, Африка материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Оқушыларды 4 топқа бөлу.
1 топ Оңтүстік Америка
2 топ Африка
3 топ Антрактида
4 топ Аустаралия
Сайыс кезеңдері.
І кезең: Ең....Ең....
ІІ кезең: "Қатені табыңыз"
ІІІ кезең: "Ойлан, тап!"
ІV кезең: "География тілі - Карта"
V кезең: "Жүзден жүйрік"
VІ кезең: "Эссе"«Менің Оңтүстік Америкадағы күндерім ...»
Команда капитандарын анықтау.
І кезең: Ең....Ең....
Интерактивтік тақтада кесте шығарылады. Сол кестеге әр топ өзінің көрсетілген ұяшығына ОА ең ең деген ерекшеліктерін бірітіндеп шығып толтырады. Қайталанған ерекшеліктер есепке алынбайды. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Жалпы кезеңнің орындалуына 5 минут беріледі.
ІІ кезең: "Қатені табыңыз"
Әр топқа ОА-ға қатысты сөйлемдер беріледі. Сол сөйлемдердің ішінен қатесін анықтау қажет. Тапсырманың орындалуына 3 минут беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І топ: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 4 орын алады. Христофор Колумб Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. XIV-XV ғасырларды жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары биолог Америго Веспуччи Оңтүстік Американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
Дұрыс жауабы: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 4 орын алады. Магеллан Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. 1799 – 1804 жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары биолог Вавилов Н.И. Оңтүстік американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
ІІ топ: Оңтүстік Американың жалпы ауданы 18,9 млн км2. Оңтүстік Американың шеткі нүктелері Солтүстік нүктесі-Гальинас. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд. Батыс нүктесі-Париньяс. Шығыс нүктесі-Эль-Абьяд. 1499 жылы Х.Колумб Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан. Оңтүстік Американы 2 мұхит шайып жатыр.
Дұрыс жауабы: Оңтүстік Американың жалпы ауданы 18,3 млн км2. Оңтүстік Американың шеткі нүктелері Солтүстік нүктесі-Гальинас. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд. Батыс нүктесі-Париньяс. Шығыс нүктесі- Кабу Бранку. Оңтүстік Американы Х.Колумб ашты. 1499 жылы Америго Веспуччи Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан. Оңтүстік Американы 2 мұхит шайып жатыр.
ІІІ топ: Америго Веспуччи 1501 жылғы саяхатынан қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып, оған "Кіші Венеция" деген ат берген. Х.Колумб өзінің бесінші саяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет ОА-ның Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Рио-де-Жанейра қаласы испан тілінен аударғанда "қаңтар көлі" деген мағынаны білдіреді.
Дұрыс жауабы: Америго Веспуччи 1499 жылғы саяхатынан қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып, оған "Кіші Венеция"(Венесуэла) деген ат берген. Х.Колумб өзінің үшіншісаяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет ОА-ның Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Рио-де-Жанейра қаласы испан тілінен аударғанда "қаңтар өзені" деген мағынаны білдіреді.
ІV топ: Атақты орыс климат зерттеушісі А.Й.Вороновский 1874 жылы ОА-ның климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді. 1932-33 жылдар аралығында орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтап, ОА-ны картоп, күріш, қызанақтың отаны екенін дәлелдеді. Оңтүстік Американы Антарктика материгінен Магеллан бұғазы бөліп тұр.
Дұрыс жауабы: Атақты орыс климат зерттеушісі А.Й.Воейков 1874 жылы ОА-ның климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді. 1932-33 жылдар аралығында орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтап, ОА-ны картоп, жүгері, қызанақтың отаны екенін дәлелдеді. Оңтүстік Американы Антарктика материгінен Дрейк бұғазы бөліп тұр.
ІІІ кезең: "Ойлан, тап!"
Бұл кезеңде әр топқа бір-бір мәтін оқылады, сол мәтінды тыңдай отырып не туралы айтылып жатырғанын табуы керек. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Егер көмек сұралып, көмек берілген жағдайда дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І топ: ХVІ ғасырдың басында атақты саяхатшы Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі бұғаз арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен. Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы Френсис Дрейк Отты жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан бұғазды ашқан. Қай саяхатшы туралы айтылған?(Фернан Магеллан)
Қосымша көмек: Бұғазға сол саяхатшының есімі берілген.
ІІ топ: Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарды алып жатыр. Бұл белдеуде температура жыл маусымдары бойынша өзегіп отырады, жазда орташа температура +28С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғарғы температура +47С байқалған. Бұл қай климаттық белдеу?(Тропиктік климаттық белдеу.)
Қосымша көмек: Негізгі климаттық белдеуге жатады.
ІІІ топ: Топырақ жамылғысы фералитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады. Көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады. Өсімдіктері: акация, мимоза, кактус. Жануарлары: пекари, тапир, құмырсқа жегіш және т.б. Бұл қандай табиғат зонасы?(Саванналар және Сирек ормандар)
Қосымша көмек: кампос, льянос.
ІV топ: Бұл ел Инктер мәдениетінің ескерткіштері "ежелгі өркениет елі, ОА-ның археологиялық мұражайы" деп атайды. Мұнда биіктаулық Титикака көлі орналасқан, жерінің 60% ормандар алып жатыр. Елді ата. (Перу)
Қосымша көмек: Анд елдері тобына кіреді.
ІV кезең: "География тілі - Карта"
Бұл кезеңде оқушылар интерактивтік тақтаға шығарылған кескін картмен жұмыс жасайды.І топ: Өзендері, ІІ топ: көлдері, ІІІ топ: Астаналары, ІV топ: елдерін кескін картаға сызып көрсетеді. 1 топтан тек 2 оқушы шығуға ғана рұқсат етіледі. Әр топқа 3 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс белгіленген обьект 2 ұпаймен бағаланады.
V кезең: "Жүзден жүйрік" Бұл кезеңде топтарға жалпылама сұрақтар қойылады. Әр топ өз жауаптарын алдарындағы ақ параққа жазып бастарына көтеріп көрсетеді. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.
1. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды?(Гондвана)
2. Оңтүстік Америка не арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты?(Панама мойнағы)
3. Ең ылғалды және ең жасыл материк (Оңтүстік Америка)
4. Солтүстік нүктесі-Гальинас м-12°с.е 72°б.б
5. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд 54°о.е-71°б.б
6. Батыс нүктесі-Париньяс 5°о.е.-82°б.б.
7. Шығыс нүктесі-Кабу-Бранку7°о.е. 34°б.б.
8. Ең суы мол өзен(Амазонка)
9. Ең биік тау көлі (Титикака)
10. Ең биік сарқырама (Анхель)
11. Ең ұзын тау жүйесі (Анд)
12. Оңт.Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі –Аконкагуаның биіктігі 6960 м
13. материктің ең төмен жатқан нүктесі (-40м) орналасқан. Вальдес түбегіндегі
VІ кезең: Қорытынды: Балалар, көзімізді жұмайық, өзімізді Оңтүстік Америкада жүргендей сезінейік. Өз ойымызша, қиялдайық. «Менің Оңтүстік Америкадағы күндерім ...» (эссе)
Бағалау. Әр топқа берілген бағалау қағазы бойынша бағалаймын.
Үйге тапсырма: Тарауды қорытындылау, қайталау.
Тақырыбы: Ішкі сулары
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Еуразия материгінің ішкі суларымен таныстыру. Олардың ерекшеілктері мен маңыздылықтарына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқулықпен, картамен жұмыс істей отырып Еуразия материгінің ішкі сулары жайлы алған білімді қорытындылап кесте арқылы олардың ой-өрісін, ойлау иқабілетін, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдістері: түсіндіру, ассоциация, домино, кесте құрастыру, көрнекіліктер арқылы оқыту, сұрақ-жауап, картамен жұмыс.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: интерактивтік тақта, компьютер, тақырыптық карта, флештаспа, оқулық.
Сабақтың құрылымы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады. Өзен-Река-River сөздерін бес-бестен орналастыру арқылы үш топқа бөлемін.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады. Оқушылар партадагы сөздерді таңдау арқылы өз топтарының мүшелерін анықтайды.
|
үй тапсырмасын сұрау.
|
«Зымыран сұрақтары» топтарға жалпылама сұрақтар қойылады.
Домино сұрақтары
|
Оқушылар сұраққа жалдым әрі дұрыс жауап қайтарулары тиіс.
Оқушылар топ болып доминоны құрастырады
|
Жаңа тақырыпқа көшу
|
Ой қозғау.
Ассоциация Ішкі сулары.
Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері жерасты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланыста келеді. Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Ең ірілері – Ресейдегі Ладога, Онега, Скандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.
Жер қыртысындағы терең жарылыстарды орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Байкал – д.ж. суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620м).
Еуразиядағы қалдық көлдер қатарына жататындардың ең ірілері: Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б.
Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай ақ биік тауларда (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұз. 77км) орналасқан.
Көпжылдық тоңдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса Таймыр түбегінде 1500м-ге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-15см тереңдікке дейін ериді.
Әр топқа тапсырма беру.
Өзендері
Көлдері
Мұздықтары
|
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап,сұрақтарға қысқаша жауап айтады.
|
Жаңа тақырыпты меңгерту
|
Атауы
|
Ұзындығы
|
Алабының ауданы, мың км²
|
Орташа су шығыны, м/сек
|
Янцзы
Обь (Ертіспен бірге)
Амур (аргуньмен бірге)
Хуанхэ
Меконг
Лена
Енисей
Еділ (Волга)
Үнді
Евфрат
Брахмапутра
Дунай
Ганг
Аравади
|
5800
5410
4440
4845
4500
4400
4102
3531
3180
3065
2900
2850
2700
2150
|
1808
2990
1855
771
810
2490
2580
1360
980
63
935
817
1120
430
|
34000
12700
10900
2000
11200
17000
19800
7710
3850
3850
12000
6430
13000
13000
|
Кескін картамен жұмыс
А) Есіл , Хуанхэ, Висла, Рейн, Амур, Янцзы, Зайсан
Ә) Лена, Обь, Дунай, Енисей. Жайық, Іле, Байкал
Б) Шу, Үнді, Ертіс,Днепр, Дунай, Балқаш, Каспий
|
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша тапсырмаларды орындайды.
|
Жаңа тақырыпты бекіту
|
Кестені солдан оңға, оңнан солға және жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай оқи отырып, Еуразияның ішкі суларына қатысты сөздерді анықта
|
|
Қорытынды
|
Эссе жазу
|
|
Бағалау
|
Өзін –өзң бағалау
|
|
Үй тапсырмасы
|
§20 – оқу, мазмұндау. Кескін картаға Еуразия өзендерінің алаптарын түсіру, 88-беттегі сұрақтарға жауап беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Тақырыбы: Климаты
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу.
Дамытушылық: Солтүстік Американың климатын оқыта отырып оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке мтәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, БББ кестесі, Геоминутка әдісі, домино әдісі, аннограмма әдісі.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Солтүстік Американың климат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар, интерактивтік тақта, презентация.
Сабақтың барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
1. Ұйым-дастыру кезеңі
|
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
|
2. Үй тапсырмасын сұрау.
|
1. "Ыстық үстел" "әдісі. Тақтанын алдына 1 үстел қоямын. 1 оқушыны сол орындыққа отырғызып сұқтар қоямын. Сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда ол оқушы орнан тұрып басқа оқушымен алмасады.
1. Д.ж-гі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық ең енді бөлігі 1600 км-ге тең.
2. Д.ж-гі ең үлкен арал – Гренландия аралы Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн.176 мың км.
3. Д.ж-гі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді.
4. Д.ж-гі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500 км.
5. Д.ж-гі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұз.145 км.
6. Д.ж-лік мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.
7. Д.ж-гі ең биік ағаш-биіктігі 100 м-ден астам мәңгі жасыл секвоя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.
8. Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда -70ºС тіркелген.
9. Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.
10. Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары (+57С) бұл солтүстік жарты шар материгінде байқалатын ең жоғары температура.
11. Материктегі жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.
12. Солтүстік Америкадағы жылдық жауын-шашынның ең аз жауатын жері – Калифорния шығанағының солүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем.
13. Солтүстік Американың жазықтарын ата(Ұлы жазық, орталық жазық)
14 Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін ата?.(Сент-Чарлз)
2. "Геоминутка" оқушыны картаға шығарып бір минут ішінде географиялық обьектілерді сұрау.
3. "Домино". Топтарға домино беріп оларды оқушылар құрастырады.
|
Оқушылар үй тапсырмасын айтып, қосымша сұрақтарға жауап береді.
|
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
|
Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Оның нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді..
Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады.
|
Дәптерлеріне тақырыпты
жазады.
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
|
Полиглот
1. Солтүстігін не басып жатыр? Қар-Снег-Snow
2. Кенеттен апат әкелетін Торнадо қалай пайда болады?
Жел-Ветер-wind, breeze
3. Ең төменгі температура қай айда байқалады?
Қаңтар- Январь- January
4. Ең жоғарғы температура қай айда байқалады?
Шілде- Июль- July
|
Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады. Суреттерді салдыртып, анықтамасын жазып алады.
|
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
|
1. Кітаптағы климаттық диаграммаларды сипаттау. Әр опқа бір-бір диаграммадан бөліп беремін.
1 топ: Балтимор
2 топ: Жаңа Орлеан
3 топ: Канзас - Сити
4 топ: Сан-Франциску
2. Кестені солдан оңға, оңнан солға және жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай оқи отырып, Солтүстік Американың климатына қатысты сөздерді анықтау
|
Түсінбегендерін сұрайды
|
6.Қорытынды
|
Бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың климатымен танысып, анықтадық
|
|
7. Бағалау кезеңі
|
Оқушылардың сабаққа қатысымы бойынша бағалау.
|
Өздеріне лайықты бағаларын алады.
|
8.Үйге тапсырма
|
§31-оқу, кескін картаға Солтүстік Американың климатын түсіріп келу.
|
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазады.
|
Тақырыбы: Еуразияның зерттелуі
Мақсаты:
Білімділік: Еуразия материгінің ашылуы және зерттелу тарихы туралы ақпарат беру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Еуразия матригінің зерттелуін оқыту, зерттеген зерттеушілердің еңбектерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушылар арасындағы ұжымдық жұмысқа баулу, бір-бірін сыйлауды, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдістері: түсіндіру, көрнекіліктер арқылы оқыту, сұрақ-жауап, картамен жұмыс.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер, тақырыптық карта, флештаспа, оқулық.
Пәнаралық байланыс тарих
Сабақтың құрылымы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
|
Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.
|
үй тапсырмасын сұрау.
|
1. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.
2. Геоминутка
|
Оқушылар берілген тестті өз беттерінше орындайды.
|
Жаңа тақырыпқа көшу
|
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталады. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сада қарым-қатынасын жүргізген.
Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.
Тек ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады.бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекшк зор. Әсіресе Н.М.Пржевальский басшылық еткен әкспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орта Азиияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Сол аймаққа жасаған 4 саяхаты нәтижесінде Н.М.Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және янцызы өзендерінің бастауын тапты.
1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпындақалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған.
|
Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап,сұрақтарға қысқаша жауап айтады.
|
Жаңа тақырыпты меңгерту
|
Жыл
|
зерттеуші
|
Зертеген жерлері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Қосымша тапсырмаларды орындайды.
|
Жаңа тақырыпты бекіту
|
"Өрмекші торы" әдісі арқылы оқушылардан бүгінгі сабақтан не үйренгендерін білемін.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Қорытынды
|
Бүгінгі сабақта Еуразия материгінің ашылуы туралы, зерттелу тарихы туралы білдік.
|
|
Бағалау
|
|
|
Үй тапсырмасы
|
§ оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Тақырыбы: Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімдік: Оқушыларға Дүние жүзілік мұхит және оның бөліктеріне сипаттама беру .Мұхит суының басты қасиеттеріне ағыстарына тоқталуКескін картамен жұмыс ,оқушы пікірін тыңдау арқылы оқушы шығармашылыгын дамыту
2.Тәрбиелік: Кескін картамен жұмыс ,оқушы пікірін тыңдау арқылы оқушы шығармашылыгын дамыту
3.Дамытушылық: Дүние жүзілік мұхиттың жер бетіндегі маңызына тоқтала отырып ,табиғатты сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдістері: түсіндіру, синкуейн баяндау,сызба, ,суреттер,сұрақ-жауап,.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Оқулық, атлас карта, глобус кескін карта, тұсбағар, кестелер;
Сабақтың барысы
Ұйым-дастыру кезеңі Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
Үй тапсырмасын сұрау.
1.Үй тапсырмасы Солтүстік Мұзды мұхиты мен Үнді мұхиты туралы баяндама, презинтацияларын қорғайды.
2.Үй тапсырмасын бекіту
Презинтация сұрақтар арқылы:
1.Солтүстік Мұзды мұхитының географиялық орны
2. Мұхиттың ауданы?
3.Неге мұхит өте суық?
4. Мұхиттағы климаттық белдеулер?
3. Геометрилық фигуралар бойынша топқа бөлу.
Жаңа материалға көшу кезеңі
Қызығушылықты ояту.
Картадан Тынық Мұхит пен Үнді Мұхитын көрсетіп «Тынық, Үнді мұхит» ассодсация жаздырту
Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
Мәтінмен жұмыс. Жигсо стратегиясы.Топқа тапсырма беру
1 топ
2 топ
3 топ
4 топ
1,2,3,4 нөмірге бөліну
Қонаққа бару.
Қонақтан оралу.
Топпен талқылау.
Мазмұндау
Сергіту сәті Крокодил ойынын ойнату.
Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
Синкуейн
1.Тынық Мұхит
2. үлкен, терең
3.толқиды, шаяды, тасиды
4. Тынық мұхит ең үлкен мұхит
5. су
1.Атлант мұхит
2. енді, ұзын
3.қозғалады,толқиды, созылады,
4.Атлант мұхитының ауданы 91,7 млн км
5. су
Ойды қорытындылау Тынық, үнді мұхиттардың ерекшеліктерін білдік
Бағалау кезеңі
Үйге тапсырма Үнді мұхиты. Тынық мұхиты Баяндама
Тақырыбы: Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге, жылдам есептеуге үйрету
2. Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, білімге құштарлығын, ізденімпаздылығын дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаты, елін жерін сүюге оны құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Әдістері: түсіндіру, Б.Ү.Ү. кестесі,тірек сызба, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекіліктер арқылы оқыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, климат картасы
атлас карта.
Сабақтың барысы
Ұйым-дастыру кезеңі Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.
Ой қозғау. Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін актуальдау.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Жаңа материалға көшу кезеңі Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.
Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:
1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.
2. Тропиктік белдеу – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ
Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
Тапсырмалар
Климат қалыптастырушы факторлар
Мұхиттардың ықпалы
Ауа массалары
Географиялық ендік
Жер бедерінің сипаты
2. Термин сөздермен жұмыс
субэкваторлық
субтропиктік
субарктикалық
субантарктикалық.
Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі
Өздерің тұрған жердің климатына қандай ауа массалары әсер етеді. Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер
Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады
3 .Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар. Бағалау кезеңі
Үйге тапсырма §8 Мәтінді оқу.
Тақырыбы: Табиғат кешені
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды табиғат кешендерімен таныстыру; табиғаттағы болатын құбылыстардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Картамен жұмысты жүргізуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Табиғаттағы болатын құбылыстарды танып білуге тәрбиелеу және бірін-бірі сыйлауға ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі баяндау, тірек-сызба
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер
Сабақтың барысы
Сабақ-тың кезеңде-рі.
Ұйым-дастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Жаңа білімді игеруге психологиялық дайындық
Қызығушылықты ояту. Бейнебаян арқылы білімдерін актуальдау.
Жаңа материалға көшу кезеңі.
Ой қозғау. Күн қуаты
Атпалы жыныстар
кристалдану
үгілу,
тасымалдау
Магма
Атпалы (магмалық) жыныстар
Шөгінді жыныстар
жыныстардың
қайта өзгеру Қайта балқуы
Метаморфтық жыныстар
Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі. Ең ірі табиғат кешені географиялық қабық деп аталады. Географиялық қабық дегеніміз- литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі такбиғат кешені.
Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі.
33-суретпен жұмыс. Географиялық қабық құрылымы .
Атмосфера Гидросфера Биосфера Литосфера
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі Сұрақ-жауап:
Сұрақ: Табиғат кешені дегеніміз не?
Жауап: Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшкліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.
Сұрақ: Географиялық қабық дегеніміз не?
Жауап: Географиялық қабық дегеніміз - литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені.
Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады?
Географиялық қабықтың қандай заңдылықтарын білесіңдер
6 . Қорытындылау. Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, жалпы табиғат кешені дегеніміз не екенін, табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір-бірімен тығыз байланысты екенін толық танып білдік.
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма: § 14 оқу, мазмұндау
Достарыңызбен бөлісу: |