Сабақ жоспарлары мен кластан тыс шараларының үлгілері
(бастауыш класқа арналған)
Құрастырған: Аманова Шолпан
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Құмтоғай орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Құмтоғай орта мектебі
Құрастырушы: Аманова Шолпан – бастауыш класс мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта бастауыш класс мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі сабақтар мен кластан тыс шараларының үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Бұл жинақты бастауыш класс мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Тақырыбы'>Аманова Шолпан
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Құмтоғай орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты: Оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін пысықтау, сөйлем ішінен сан есімді табуды, оның басқа сөзбен байланысын анықтауды, сұрақ қоя білуге үйрету, өткен сабақтан алған ұғымдарын кеңейту.
Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана білу аясын кеңейту, сөз таптарын ажырата білуқабілетін дамыту
Ұжымшылдыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, әдебиеттік оқу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, суреттер, үлестірмелі парақтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн достым, қайырлы күн болсын.
Дүйсенбінің күні сәттілікке толсын!
Кезекшінің мәліметі.
-Балалар, көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынбыз ба?
Біз екі топқа, яғни, «Алғырлар», «Тапқырлар» болып бөлініп отырмыз. Әр топтың топ басшысы бағалау парақтары бойынша ұпай сандарын есептеп отырады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Берілген сын есімдердің қарама-қарсы сыңарын тауып жазу. Қандай айырмашылық бар, -дай, -дей, -дау, -деу жұрнақтары арқылы жасалып тұр.
ІІІ.Өткен сабақты еске түсіру үшін тест жұмыстарын орындаймыз.
ІҮ.Тест жұмысы.
1.неше сөз табын білеміз? А) 4 ә) 2 б)3
2.Сын есім дегеніміз не? А) заттың атын ә) Заттың қимылын, іс-әрекетін б) Заттың түрін, түсін
3. Етістікті табыңыз. А)тоғай ә) ойнап жүр б) сары
4. Күрделі етістік қайсысы? А) отыз алты ә) тасу б) барып кел
5. Қарсы мәндес сын есімді тап. А) кішкене-кішкене ә) жап-жасыл б) биік-аласа
7. Негізгі сын есімді көрсетіңіз а) ағаш ә) адалдық б) таза
8.
1. Заттың сынын білдіретін сөз таптары а) етістік ә) зат есім б) сын есім
2. Сын есімнің сұрақтарын көрсетіңіз. А) Не істеді? Ә) неше? Б) қандай?
3. Зат есімді табыңыз. А) биік ә) кітап б) он
4. Туынды сын есімді табыңыз. А) отыз алты ә) ажарлы б) жүріп кетті
5. Етістіктің сұрақтарын табыңыз. А) не? Ә) неше? Б) не істеді
6. Негізгі сын есімді көрсетіңіз а) білімді ә) гүл б) таза
Ү. Ой қозғау.
Елу метр есіктен
Еңкеюмен шақ кірдім
Жүз қасқырды өшіккен
Бір қозыға бақтырдым.
-Осы өлеңдегі сан есімдерге сұрақ қоямыз.
ҮІ. Жаңа сабақ. Сан есім.
(Электронды оқулықпен жұмыс)
-Балалар, математика сабағында біз сандармен берілген әр алуан тапсырмаларды орындай аламыз, бірақ біз санды қосу, азайту, бөлу, көбейту амалдарының объектілері ретінде санау таңбасы деп ұғынамыз. Ал қазақ тілінде сан есімдер негізгі есім сөздердің бірі ретінде саналады.
-Қай сыныпта оқисың?
-Сенің жасың нешеде?
-Сенің туған күнің қашан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін санды пайдаланамыз. Мысалы, -біз ауылға дейін 3 сағат жүрдік.
-Сыныпта он бала оқиды. Бұл сөйлемдердегі 10,3, деген белгілі бір заттың санын, ретін, мөлшерін білдіреді.
-Қандай киелі сандады білесіңдер?
-7 нан, 7 ата, 7 күн, 7 байлық деген не? (Оқушылардың жауабын тыңдау)
2-жаттығу. Ерекше жазылған сөздерді қандай сандармен ауыстырып айтуға болады?
ҮІІ. Дәптермен жұмыс. Әр топтың мүшесі тапсырманы тақтаға жазады.
ҮІІІ.Сергіту сәті.
ІХ. «Мозайка құрастыру» ойыны. Құрастырған суреттері бойынша сан есімі бар сөйлем құрап жазып, сан есімдердің астын сыз.
Х.Оқулықпен жұмыс. 4-жаттығу. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, олар қай сөз табымен байланысып тұрғанын сұрақ қою арқылы анықтау.
ХІ. «Сыңарын тап» ойыны. Плакаттағы құрамында сан есімі бар мақалдардың жалғасын табамыз.
-Тағы қандай мақал білесіңдер?
Болар бала жетісінде бас болар, Болмас бала қырқында жас болар.
ХІІ.Математикалық сөзжұмбақ. Бір буыны саннан құралған сөздер білеміз бе? Ендеше, математикалық сөзжұмбақ шешу.
100ік, 100ім, к2лік, 3ем
ХІІІ.Жаңа сабақты қорытындылау.
-Бүгін қандай сөз табын есімізге түсірдік?
-Оның қандай түрлерін білеміз?
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
ХІҮ. Семантикалық карта. Осы кестеде тек қана сан есімдерді табамыз.
ХҮ.Бағалау парағы бойынша мадақтау.
ХҮІ. Үй тапсырмасы . 5-жаттығу.
Пәні: Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы: Менің ауылым.
Мақсаты: Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз ауылы туралы мәлімет беру.
Сабақтың түрі: Әңгіме-сұхбат
Көрнекілігі: Статистикалық мәліметтер, туған жер туралы слайд, өлеңдер, мақал-мәтелдер.
Техникалық құралдар: проектор, компьютер.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Кіріспе бөлім.
Кең байтақ қазақ жерінің шежірелі бір өлкесі-Ырғыз. Осы Ырғыздың бір бөлшегі-Құмтоғай ауылыының жері өзгеше. Елі еңбекқор, жері бай, рухани мәдениеті жоғары. Құмтоғайдың құрылғаныны санаулы жылдар болса да, қазіргі таңда үлгілі ауыл қатарында.
Аслан: Туған жер дегеніміз-адамның түп-төркіні, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсім-өніп келе жатқан жері.
Бану.Туған жер дегеніміз-үйінің табалдырығынан басталып, оның жұпар атқан жусаны, таза ауасы, жалғыз аяқ жолдары, мөлдір суы, әсем табиғаты, бәрі-бәрі туған елді құрайды.
Жанар: ауыл-қазақтың кең дүние есігін ашып өмірге келген бізге дейінгі сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені.
Әмина: Ауыл-халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі.
Нұржігіт: ауыл дегеніміз-қазақтың тілі қазақтың дәстүрі, қазақтың бесігі, алтын ұясы.
Негізгі бөлім. Кестені толтыру арқылы ауыл туралы мәліметтермен танысу.
І
|
Жалпы мәлімет
|
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылы
Индекс:
Жерінің көлемі:
Халқының саны:
Бөлімшелері:
Көршілес ауылдары:
|
ІІ
|
тарихы
|
Қай жыл құрылған?
Оны кім басқарған?
|
ІІІ
|
Табиғаты
|
Қысы суық, жазы ыстық, жері мал шаруашылығына қолайлы, Ырғыз өзенінің жағасында орналасқан.
Жануарлары:
Өсімдіктері:
Балықтары:
Құстары:
|
ІҮ
|
Әлеуметтік құрылымы
|
Орта мектеп, балабақша, амбулатория, кітапхана, мәдениет үйі, мейрамхана, және сауда нүктелері халыққа қызмет жасайды.
Тіркелген кәсіпкерлер саны:
Шағын кәсіпкер:
Шаруа қожалығы:
Олар мал шаруашылығымен айналысады.
|
Ү.
|
«Туған өлке»
|
Шығармашылық бөлім
Туған жер турал өлеңдерден жатқа өлең айт.
Өзіңнің туған жерің туралы әңгімеле, өлең құрастыр.
Туған жер туралы ән орында.
|
Қорытынды бөлім:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір
Бір әңгіме ауыл жайлы-деп ақиық ақын М.Мақатаев ағамыз жырлағандай, өз ауылымыз туралы әңгімелейік.
( Қонақтарға өз туған жерлері туралы әңгімелету)
1.Өз туған жеріңіз туралы әңгімелеп берсеңіз.
2.Өзіңіздің туған жеріңіздің өркендеуіне қандай үлес қосып жүрмін деп ойлайсыз
Өзінің туған жеріне ән арнамаған сазгер, өлең жазбаған ақын, жалпы туған жерін ойламайтын адам жоқ-ау сірә, елбасы Н:Ә:Назарбаев Үшқоңыр, Мұқағали «Қайран Қарасазым-ай» деп жырлайды. Б.Тәжібаев балалық шағы өткен «Ақбұлақты», сенің келіп жағаңнан әкем атын суарған, сенің келіп жағаңнан анам талай су алғанн деп әнге қосса, құтты мекен Құмтоғайды жерлес ақын С.Қоблашев жас сазгер Ырғыздық Н.Жүсіпов былайша әнге қосады.
«Құмтоғай сазы» әні орындалады.
1.Бүгінгі сабақта не білдік?
Сабақ сендерге ұнады ма?
Кім қай жерде жүрсе де, қандай биікке шықса да туған жерін ұмытпасы анық. Туған жердің құдіреті де осы емес пе!
Бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз, назарларыңызға рахмет, сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында
Сабақтың мақсаты:1) табиғаттың адам өміріндегі маңызын сезінуге, жас ұрпақты табиғатты қорғауға шақыру, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. әр мезгіде болып жатқан өзгерістерді салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Төрт мезгілдің суреті, табиғат туралы слайдтар, ақындардың суреттері.
Сабақтың барысы.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді жылдың тамаша мезгілінің келуі қарсаңында 2-сыныптың ұйымдастыруымен болатын « Табиғат аясында» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Адам –табиғат перзенті. «Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа –адам баласының ұрағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына...»
Табиғат-бізді қоршаған орта, ол адам санасынан тыс, жаратылыстан пайда болған дүние. Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының құтты-қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі,Жер бетіне көрік берген сәні.
Барлығы:
Армысыз,қайырлы күн!
Армысың, қайырымды Аспан Ата!
Армысыз, мейірімді Жер Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын Күн!
Армысыздар, қонақтар!
1-оқушы
Күн Ана.
Әлемге қуатты,
Сәуле мен шуақты
Алып күн беріп тұр.
2-оқушы
Жер Ана
Аялап анамыз,
Саялап анамыз,
Құлпырған тірлікпен,
Жер құтты гүл біткен.
3-оқушы.
Су Ана
Өңірдің өзегі-
Өмірдің өзені.
Сусыз жер -өмір нусыз
Өр өңір- тұз.
4-оқушы
Ауа Ана
Ауасыз жер шарының-
Дәу әлем,
Қоршаулы ауамен.
Ауасыз тұншығар.
5-оқушы
Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау бабаңның
Емес пе еді басты ұраны.
6-оқушы
Табиғат-сұлу мекенім,
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп ер жетіп,
Биікке самғап жетемін.
7-оқушы
Айтарым, досым, сендерге,
Күтіңдер орман, тоғайды.
Балалар біздің жер жерде
Байлығын елдің қорғайды.
8-оқушы
Табиғат-әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
9-оқушы.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ғой,сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Мұғалім: Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, аңың, құсың да.
Тегінде жаның жомарт-ақ,
Ізгілік жатыр бойыңда, -деп табиғатқа деген сүйіспеншілік адамзат жүрегінде терең ұялаған.
Қоршаған ортаға қатысты тыйымдарға кезек берейік.
1-оқушы: Көкті жұлса « көктей соласың» деп жамандыққа жориды.
2-оқушы: Суға дәрет сындыруға болмайды. « Ағын судың» арамы жоқ деген сөз бар. Бұл суды басқалар пайдаланады.
3-оқушы: Суға түкірмейді, өйткені бұл суды қайта ішуге тура келеді.
4-оқушы: Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй-ішіне кесапаты тиеді.
5-оқушы: Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіңе шұбар түсуі мүмкін.
6-оқушы: Аққу – киелі құс, оны атуға болмайды.
7-оқушы: Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.
8-оқушы: Жерді теппе, толпырақ шашып ойнама.
Мұғалім:Табиғат –бізді қоршаған орта, адамдардың тіршілік етіп отырған ортақ үйі. Адам табиғатпен тығыз байланысып өмір сүреді.
Табиғат туалы мақал мәтелдер
1. Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
2. Жердің сәні – егін,
Ердің сәні- білім.
3. Өзен біріксе теңіз болар,
Көп біріксе ел болар.
4. Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Бір тал кессең он тал ек.
5.Көлдің көркі- құрақ,
Таудың көркі –бұлақ.
6.Сулы жер – нулы жер.
7.Бағбан болсаң бақ өсір.
«Балама » деп тағы өсір.
8 Су жүрген жер- береке,
Ел жүрген жер- мереке.
9.Ағаш ексең аялап,
Басыңа болар саябақ.
Мұғалім:
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!-деп кезекті ақындардың табиғатқа, мезгілге жазған өлеңдеріне берейік.
1. Тайыр Жароков. « Ауыл күзі» Ақгүл
2.Абай Құнанбайов « Қыс» Ақылбек
3.Ыбырай Алтынсарин «Өзен» Кәусар
4.Абай «Жазғытұрым» Аяулым
5.Қасым Аманжолов «Көктем» Нұрталап
6. Абай. «Жаз» Ернұр
7.Қабдыкәрім Ыдырысов « Жаңбыр» Шұғыла
8. Сәкен Сейфуллин «Қыс» Сайраш
Мұғалім:
Түйіп айтар сөзіміз:
Табиғаттың панасы-
Біздің мына өзіміз
Адамзаттың баласы.
Көрініс Әкесі мен баласы
Ағаш: Орман едік бір кезде жайқалған,
Аң мен құстың әсем әні сайраған.
Әні кеткен, бұл өлкенің сәні кеткен,
Аң мен құстың басауғалап бәрі кеткен.
Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп,
Анам, әкем, бауырларым, қайдасың?
Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын.
Жалғыздықтың мұңы көп
Соны айтуға адамзатқа тілі жоқ....
Әкесі:
Ағаш та қалмапты ғой өзі?
Баласы:
Әке, бар ағашты өзіміз қырқып болдық қой.
Әкесі:
Е, міне, жалғыз ағаш қалыпты ғой.
Баласы:
Әке, ол әлі жасқой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой.
Әкесі:
Немене, табиғатқа жаның ашып қалды.Заманның бізге ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста арның арғы басын.
Құс:
Тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы,қырықпаңдаршы.
Әкесі:
Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырықпай-ақ қойяйықшы.
Әкесі:
Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сенде, нәзік жүрек. Мә, саған.
Құс:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала.
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын
Не көрінді? Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас ағаштың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Байғұстың кім тыңдады жылағанын.
Мұғалім: Жұмбақтар шешейік
Қыр көгерді,
Құс қиқуы көбейді.
Жерге диқан дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді. Көктем
Күн ысып,
Су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан
Жеңімізді түрініп. Жаз
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды. Күз
Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын
Қаздарым тұр аулада. Қыс
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ауа
Жылт- жылт еткен,
Жырадан өткен. Су
Үлкен-үлкен түйені
Тастапты атам шегеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. Тау
8. Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып
Құстар жүрген сайрап,
Өсіп тұрған бұл не ? Ағаш
Ымырт түссе шығамын, таң атқанда батамын.
Көк теңізде шашылып, көзімді ілмей жатамын. Жұлдыз
Ақ шапанды үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен алты ай бойы түспейді. Қара жер мен қар
Шұғыла «Табиғатты бүлдірмейік» Сұрақ –жауап
1.Жылдың неше мезгілі бар?
2.Жылдың төрт мезгілінде болатын құбылыстарды білесіңдер ме?
3.Қыс несімен қызықты?
4. Жыл санауға кірген құс
5.Әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетімеген балапандар қалай аталады?
6.Қай өсімдік қыста жап-жасыл болып тұрады?
7.Қысқы ұйқыға кететін аңды ата?
8.Қай мезгілде түн күннен қысқа болады?
9.Қай құс жұмыртқасын өзі баспай, басқа құстардың ұясына тастап кетеді?
10. Қыста аппақ, ал көктемде сұр түсті қандай жануар?
Хор: Көктем
Мұғалім: Табиғат- адамға қажет баға жетпес байлық. Сондықтан халқымыз «Табиғат- адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» деген.
Міне, сондықтан да біздің заманымызда табиғатты қорғау, қастерлей білу- бәріміздің борышымыз.
Тақырыбы: Құстар-біздің досымыз
Мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, табиғаттың
заңдылықтары туралы білім беру. Оқушыларға құстардың
санитарлық рөлін түсіндіру, табиғатқа, қоршаған ортаға зиян
келтірмей, аялы көзқарастарын қалыптастыру.Тірі табиғат
құрамдары құстар мен жануарларды, өсімдіктер дүниесін
қорғау барша адамзаттың міндеті екендігін ұғындыру.
Барысы: Сәлеметсіздер ме, достар! Сіздерді көктем мерекесі құстар күнімен құттықтаймыз. Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршаса құстың келуіне байланысты.
Құстар, құстар келеді, жерді шуға бөледі.
Көктем келді деп бізге жақсы хабар береді.
Табиғат- бізді қоршаған орта: тау, тас, ауа, жер, өсімдік. Бүгін біз табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған құстар туралы айтамыз.
Құрметті достар, біздің қанатты достарымыз құстар егістіктерді, бау-бақша, орман, тоғайларды зиянкес жәндіктерден қорғайды. Құстардың әсем сазды әуені, көркем сұлулығы адам баласының назарын ертеден-ақ аударып келеді.
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі-жемінің азаюы. Күн салқындап, құрт-құмырсқа тығылып қалады. Сол кезде құстар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды. Көктемде қайта оралу себебі-ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалар шіріп кетеді. Ұрпақ өрбіте алмайды. Енді міне, қанатты достарымыз қайта оралуда.
Халқымыз өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, адамнаң жан дүниесін тебірентетін әсем әнші қыздарын бұлбұлға, ел қорғаны болған батырын-қыран бүркітке, елден асқан сұлуын -кербез аққуға теңеді.
Тоқылдақпын, тоқылдақпын, Ағаш қабығы зиянкестерін құртамын.
Бір тәулікте 200-дей зиянкестерді жұтамын. Ағашты тазалайтын дәрігер санитармын.
Қарлығашпын, мен қарлығашпын,
Мен адамның тұрағын шыбын деген кеселден тазалаймын үй-ішін.
Ел аузында мақтаулы тазалықшымын төселген.
Мен қараторғаймын, шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын, Егістікке, жайылымға қорғаушы боп тұрамын.
Жәндіктерді зиянды құртатұғын батырмын.
Дайындайтын ұямды Достарға келе жатырмын.
Мен еркін бұлбұлмын, Бұлағын тасытқан ән-жырдың.
Тамаша тамылжытып шырқаймын шаттығын тауыса алмай әр күннің.
Көкек. Бір қонып, бір секектеп, менің атым көкек деп,
Мен ғой келген жетектеп, Қорықпаңдар жаз өтед деп.
Тұрады жаз тамылжып, Қойсам болды «көкек » деп. Көкек хорға
Халықта «Көкек келді-көктем келді» деген сөз бар. Бұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл боп бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып, көзге ыстық, көңілге жақын жауқазындар гүлдейді.
Жұмбақтарды оқып, шешуін табайық.
Қызығып әр адам ұстап ап даладан
Жүнімді жұлып ап, бесікке қадаған. Бұл қай құс? Үкі.
Биікке салған ағаш үй, Сол ғой оның мекені.
Жаздай сайран салып ап, қыста алыс кетеді. Қараторғай
Он екі айдың біреуі Сірә оның атында.
Өзге ұяға із тастап Мен деп жар салып жүреді.
Көктем жаршысы, адамзаттың досы, табиғат көркі жыл құсын қарсы алайық.
Құстар тойын құттықтап, Қуанамыз, қолдаймыз
Ұя жасап, ұқыптап, біз оларды қорғаймыз.
Біздің Ырғыз жерінде қандай құстар тіршілік етеді екен, тақтаға назар аударайық.
Құстардың қандай пайдасы бар?
-Құстар ән айтып көңілімізді көтереді. Олар ағаштағы, жердегі зиянды жәндіктерді жейді. Өсімдіктердің өсіп-өнуіне ықпал етеді. Табиғаттың, бақтың сәні.
-Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз-құстар мерекесін қарсы аламыз. Міне, сол күн биыл да келіп жетті. Өлкеміз-өзен-көлдеріміз, башаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
-Ендеше, құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы білу үшін, балалардың мәліметіне құлақ салып, тыңдайық.
Мен пайдалы құс-үкімін. Тек шыбын-шіркейді ғана емес, тышқанды да аулап жеймін. Бір жазда бірнеше тышқан ұстап, адамның көптеген астығын сақтаймын. Менің қауырсынымды бесікке тағады. Күндіз қуыстарда, тас үстінде, ескі қыстауларда паналап, жемімді аулауға түнде шығамын.
Мен-қараторғаймын. Өзім кішкентай болғаныммен табиғатқа пайдалы құспын., орман қорғаушысымын. Менің келуіммен аспан ашылып, күн жылынады. Жаз бойы 4млн. құрт жеп, орманға пайда келтіремін.
Балалар, мен орман құсы-тоқылдақпын. Өзімнің балға тұмсығыммен ағаш қабығының астынан зиянкестерді оңай табамын. Бір тәулікте 22-00-ден астам зиянкестің көзін жоямын.
Мен-қарлығашпын. Кеш келіп, ерте қайтамын. Кеш келетінім-негізінен шыбын-шіркеймен қоректенемін. Ал шыбын-шіркей қар ерісімен шыға қоймайды. Ұямды үйдің маңдайшасына, қораның бел ағашына саламын. Адамдар үй салуды менен үйренген.
Қарлығашпын мен адамның тұрағын
Мекен етіп тұрамын.
Тазалаймын үй-ішін
Шыбын деген кеселден
Ел аузында мақтаулы
Санитармын төселген.
Викториналық сұрақтар.
1Құстың негізгі баспанасы не?
2Қандай құс хат тасушы атанған?
3Қай құста мүлде ұя болмайды?
4Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
5Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады?
6Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
7 Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін қай құс?
8Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың.
9.Дүниежүзіндегі ең кішкентай құс
10.Өте сәнді құс.
11.Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды?
12.Қай құс өз атын қайталайды?
Жұмбақтар.
1.Тұмсығымен ояды, Ұя салып қояды.
Айтыңдаршы, балалар, Бұл қандай құс болады? (Тоқылдақ)
2.Дала, тау-тас тұрағы, Көзі өткір қырағы.
Қасқыр, түлкі, бұғыға Шабуылға шығады.
Өзі күндіз жүреді, Елік, қоян бүреді.
Қияға салар ұясын Бұл құсты кім біледі? (Бүркіт)
3.Қонатын қырға, Қуантып бізді,
Қосатын жырға «Тыраулап» күзді. Бұл не? (Тырна)
4.Дүр етіп, пыр етіп, Көденің түбінен Ұшатын немене? (Бөдене)
5.Көлдің көркі сән екен, Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған, Адамдар қорғап мақтаған. (Аққу)
6.Жем көрсе, шықылықтап қалтаңдайды.
Сескенсе, жыпылықтап жалтаңдайды. (Сауысқан)
Қорытынды: Балалар, әрдайым құстарға қамқорлық жасап, үнемі аялап, қорғауды ұмытпаңдар. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға міндетті. Ендеше, Отанымызды , атамекен жерімізді аялай білейік!
Достарыңызбен бөлісу: |