Сабақ жоспарлары сынып: 10 а сыныбы Мұғалім: Токабаева К. К. Сағат саны: 68 сағат Аптасына: 2 сағаттан



бет3/10
Дата14.06.2017
өлшемі1,67 Mb.
#19092
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ: №11

Тақырыбы: Атмосфералық циркуляция

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – атмосфералық қысым, ауа массалар мен атмосфералық фронттар, жел және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балаларға географиялық диктант жазғызады:

1. Ішкі күштерге литосфералық тақталар қозғалысы, жанартау атқылауы, жер сілкіну жатады. (иә)

2. Сыртқы кұштер әрекеттеріне мұздықтардың, ағын судың, литосфералық тақталардың қозғалысы жатады. (жоқ)

3. Үгілу екіге бөлінеді: физикалық және минералдық. (жоқ)

4. Атмосфераның құрамы: азот – 78%, оттек – 21%, инертті газдар – 1%, көмірқышқыл газы – 0,03%. (иә)

5. Атмосфераның ең төменгі қабаты – стратосфера. (жоқ)

6. Жер бетінің Күн сәулесін кері шағылдыруы күн радиациясы деп аталады. (жоқ)

7. Ауаның абсолюттік алғалдылығын 1м3 ауадағы болатын су буының мөлшерін айтады. (иә)

8. Ауа температурасының атмосферада таралуы мен оның үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режимі деп аталады. (иә)

Сосын дәптерлерін және кескін карталарын тексереді.



Балалар географиялық диктант жазады және дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім атмосфералық қысым дегеніміз не деп балалардан сұрайды. Сосын қысым – ауаның жер бетіне түсірілген салмағы деп айтып, оның өлшем бірлігі гектопаскаль (гПа) немесе мм с.б. Қалыпты атмосфералық қысы 760 мм с.б. немесе 1013 гПа. Атмосфералық қысым биіктікке қарай өзгереді. Қысымы төмен аймақтарды қысымдық минимум немесе циклон, ал қысымы жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесін қысымдық максимум немесе антициклон деп аталады.

Келесі кезекте ауа массалар – температурасы, ылғалдану дәрежесі, қалыптасу ауданы бойынша ерекшеленетін үлкен көлемдегі ауа ағыны. Олардың төрт типі ажыратылады: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және арктикалық. Экваторлық ауа массасынан басқа барлық ауа массалар теңіздік және континенттік болып бөлінеді. Қасиеттері әр түрлі ауа массалар шектеске аймақтарда (ені 500-900 км, ұзындығы 2000-3000 км) өтпелі зоналар - атмосфералық фронттар қалыптасады. Олар жылы және суық болып бөлінеді. (арктикалық, полярлық және тропиктік фронттар).

Одан кейін желдің анықтамасы мен оның негізгі түрлерін өз беттерінше оқып, талқылаңдар деген тапсырманы береді.


Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қысқаша конспект жазып отырады.




ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Атмосфералық қысымның өзгерістері қандай факторларға тәуелді болады?

2. Ауа массалары қандай белгілеріне қарай ажыратылады?

3. Атмосфералық фронт дегеніміз не?

4. Климаттық атмосфералық фронттарға мысал келтіріңдер.

5. Желдерді қандай белгілері бойынша сипаттайды? Желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейтін құралдар?

Сосын келесі тапсырманы береді: Кестені толтырыңдар.

Рет саны

Ауа массаларының типтері

Қалыптасатын ауданы

Қысқы және жаздағы ауа массаларының қасиеттері (температурасы, ылғалдылығы)

1

Теңіздік арктикалық ауа (ТАА)







2

Континенттік арктикалық ауа (КАА)







3

Теңіздік қоңыржай ауа (ТҚА)

Атлант мұхитының қоңыржай ендіктері

Жазда біршама салқын,

әрқашан да ылғалды су буы көп



4

Континенттік қоңыржай ауа (КҚА)







5

Теңіздік тропиктік ауа (ТТА)







6

Континенттік тропиктік ауа (КТА)










Балалар параграфты оқып шығады. Сосын сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.



Сабақ: №12

Сыныптар:

Тақырыбы: Климат және оның жіктелуі

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Климат және климат қалыптастырушы факторлар туралы, климаттық аудандастыру негіздері, жер шарының киматтық белдеулері, климаттың өзгеруі туралы білімдерді молайту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім климатология жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат пен оның жіктелуін, және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін ғылым болып табылатынын айтады. Үлес қосқан ғалымдар: А. Гумбольдт, А. И. Войеков, В. Кеппен. 20 ғ-да климатты аудандастыруға В. Кеппен және орыс географ Л. С. Берг алғашқы қадам жасады. Бірақ қазіргі күндері орыс климатологы Б. П. Алисов жасаған жіктемесі қолданылып жүр. Ғалым жер шарын 7 негізгі және 6 өтпелі белдеулерге бөлді. Одан кейін балаларға оларды солтүстіктен оңтүстікке дейін атап шығыңдар деп тапсырма береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар қысқаша конспект жазып отырады, сұрақтарға жауап береді.

Одан кейін солтүстіктен оңтүстікке дейін климаттық белдеулерді атап шығады. .


ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:

Климаттық карталарға сипаттама беріңдер.






Географиялық орны

Жылу режимі

Ылғалдану режимі

Әсер ететін ауа массалар

Экваторлық













Субэкваторлық













Тропиктік













Субтропиктік













Қоңыржай













Субарктикалық немесе субантарктикалық













Арктикалық немесе антарктикалық
















Балалар параграфты оқып шығады және тапсырмаларды орындайды. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

ІV

Үй жұмысы:

1. §9, 10 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Тапсырманы аяқтау.

3. Кескін картаға климаттық белдеулерді түсіру.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.



Сабақ: №13

Сыныптар:

Күні:



Тақырыбы: Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, судың қасиеттері, табиғаттағы су айналымы мен оның маңызы туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардың дәптерлерін және кескін карталарын тексереді. Сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды.

1. Атмосфераның құрамы қандай?

2. Атмосфера құрамындағы газдардың қандай маңызы бар?

3. Атмосфераның қандай қабаттарын білесіңдер?

4. Салыстырмалы және абсолюттік ылғалдылық дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі неге әртүрлі?

5. Атмосфералық қысымның өзгерістері қандай факторларға тәуелді болады?

6. Ауа массалары қандай белгілеріне қарай ажыратылады?

7. Атмосфералық фронт дегеніміз не?

8. Климаттық атмосфералық фронттарға мысал келтіріңдер.

9. Желдерді қандай белгілері бойынша сипаттайды? Желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейтін құралдар?

10. Алисов жер бетін қанша климаттық белдеулерге бөлді?

Сонымен, жер шарының атмосфера, литосферамен қатар келесі үшінші гидросфера сыртқы қабығына көшеміз.



Балалар дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді. Сұрақтарға жауап береді.

ІІІ

Ең алдымен гидросфера дегеніміз не деген сұрақты қояды. Сосын гидросфера мен оның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылым гидрология деп аталады. Гиросфераның құрамдас бөліктерін 3-кесте көмегімен түсіндіреді (дүниежүзілік мұхит, жер асты сулар, топырақ ылғалы, мұздықтар, көлдер, өзендер, атмосферадағы су). Гидросфераның жалпы салмағы 1,5*10^18т. Бұл жер шары салмағының 1/4180 бөлігі болып табылады.

Келесі кезекте судың қасиеттеріне көшеді: 1-шіден су қалыпты жағдайдың өзінде үш бірдей күйде бола алады. 2-шіден басқа заттармен салыстырғанда су қатқан кезде көлемін ұлғайтады, 3-шіден су еріткіш болғандықттан табиғатта таза күйінде болмайды, яғни оның құрамында еріген күйде азды-көпті бөгде заттар кездеседі, 4-шіден су баяу жылынып, баяу суынады.

Содан кейін табиғаттағы су айналымы мен оның маңызын өз беттерінше оқып шығыңдар деген тапсырманы береді.


Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қысқаша конспект жазып отырады.

Одан кейін табиғаттағы су айналымы мен оның маңызын өз беттерінше оқып, талдайды.


ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Гидросфера қандай құрамдас бөліктерден тұрады?

2. Судың басты қасиеттерін атаңдар.

3. Табиғаттағы су айнылымы қалай жүзеге асады?

4. Су айналымына адамның шаруашылық әрекеті қалай әсер етеді?

Сосын келесі тапсырманы береді: Атмосфера құрамдас бөліктерінің әрқайсысының гидросферадағы үлесін пайыз бойынша есептеп, диаграмма түрінде көрсетіңдер.



Балалар параграфты оқып шығады. Сосын сұрақтарға жауап береді және тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


Сабақ: №14

Сыныптар:

Күні:

Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктері, мұхит суының қасиеттері мен мұхит суының қозғалыстары туралы толық мәлімет алу және білімдерінді одан әрі молайту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балалардан дүниежүзілік мұхит қандай бөліктерден тұратынын және қандай қасиеттерін білесіңдер деген сұрақтарды қояды. Оқушылар жауап берген соң дүниежүзілік суының жалпы көлемі 1млрд370млн текше км деп айтып, бұл гидросфераның 94 пайызын құрайды. Дүниежүзілік мұхит материктер мен аралдар арқылы 4 мұхитқа бөлінген. Әрбір мұхитты картадан көрсетіп, ең үлкені мен кішісі, әр мұхиттың ауданы, орташа тереңдігі мен терең жерлерін сұрайды. Сосын дүниежілік мұхиттың бөліктеріне теңіздер, шығанақтар мен бұғаздар жататынын айтады да, олардың анықтамасын еске түсіріп, жазып алыңдар деген тапсырманы береді.

Сосын мұхит суының қасиеттеріне көшеді, басты қасиеттері – ол температурасы мен тұздылығы екенін айтып, олардың өзгеру себептерін түсіндіреді. Одан кейін балаларға мұхит суының қозғалыстарын естеріңе түсіріп, өз беттерінше оқып шығып, талдаңдар деп тапсырма береді.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар қысқаша конспект жазып отырады, сұрақтарға жауап береді.

Одан кейін теңіздер, шығанақтар мен бұғаздарға анықтама беріп жазып алады.

Сосын өз беттерінше мұхит суының қозғалыстарын естеріңе түсіріп, өз беттерінше оқып шығып, талдайды.



ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:

1. Кескін картаға мұхиттар, теңіздер, шығанақтар мен бұғаздарды түсіріңдер.

2. Мұхиттарға жоспар бойынша сипаттама беру.

а) географиялық орны мен ауданы;

ә) орташа тереңдігі мен ең терең жері;

б) мұхит табанының жер бедері;

в) Жағалауының тілімденуі, теңіздері мен аралдары;

г) Мұхиттағы беткі ағыстар, олардың материк табиғатына тигізетін әсері;

ғ) мұхит байлықтары және оларды игеру жолдары;

д) Мұхиттардың экологиялық жағдайы.



Балалар параграфты оқып шығады және тапсырмаларды орындайды. Түсінбеген жерлерін сұрайды.

ІV

Үй жұмысы:

1. §11, 12 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

3. Кескін картаға мұхиттар, теңіздер, шығанақтар мен бұғаздарды түсіру.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет