Сабақ жоспарлары сынып: 10 а сыныбы Мұғалім: Токабаева К. К. Сағат саны: 68 сағат Аптасына: 2 сағаттан



бет1/10
Дата14.06.2017
өлшемі1,67 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

№61 Жалпы білім беретін орта мектебі



САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ

Сынып: 10 А сыныбы
Мұғалім: Токабаева К.К.
Сағат саны: 68 сағат
Аптасына: 2 сағаттан
Оқулық: География: Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Бейсенова, К. Каймулдина, С. Әбілмәжінова, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 296 бет.

2014-2015 оқу жылы







Сабақ: №1

Сыныптар:

Күні:

Тақырыбы: Кіріспе

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы жайлы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу, шығармашылық іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Кіріспе сабақ

Оқыту әдістері: Проблемалық және шығармашылық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (19мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

V кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.


ІІ

Ең алдымен мұғалім оқулықпен жұмыс істеу тәртібімен таныстырады. Содан кейін дүние жүзіне жалпы шолу, ТМД елдері географиясы нені оқытады деген сұрақты қояды.

Сосын жалпы география дегеніміз не және оның салалары мен жеке ғылым ретінде даму тарихын айтып береді. Қоғам мен табиғатты біртұтас жүйе ретінде қарастырып, айтып түсіндіреді.

Сосын оқушыларға негізгі географиялық заңдылықтарды сұрайды. Нәтижесінде өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтас туралы айтады.


Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Сосын «географиялық ойлау», «табиғат ресурстары» деген терминдердің мағынасын жазып алады. Білімді қорытындылап, ғаламшар табиғаты біртұтас деп қорытындыға келеді.



ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға «география», оның салалары мен ерекшелігін жазыңдар деген тапсырманы береді.

Балалар тапсырманы орындайды.

ІV

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.

Сабақ: №2

Сыныптар:

Күні:



Тақырыбы: Жер туралы қысқаша мәліметтер

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – оқушыларды жалпы географиялық заңдылықтар туралы өткен сыныптардағы ұғымдары мен түсініктерін жинақтап, қорытындылау негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы жайлы білімді қалыптастыру. Жер туралы білімдерді жүйелеу және толықтыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім жер туралы қысқаша мәліметтерді балаларға жазғызады. Одан кейін галактика, құс жолы, планеталар, жұлдықдар, жер шары полюстері мен сферод, эллипсоид пішіндері туралы білімді бекітеді. Одан кейін бұл параграфты өздерің оқып шығыңдар деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Сосын тақырыптың негізгі түсініктерін жазып алып, өз беттерінше оқиды.



ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Ертедегі адамдардың жер туралы түсінгі жөнінде не білесіңдер?

2. Қытай, Үнді, Парсы, Мысыр елдерінде қандай географиялық зерттеулер жүргізіледі?

3. «Ұлы географиялық ашулар заманы» кезінде қандай ірі материктер мен дүние бөліктері ашылған?

4. Х. Колумб саяхатының географиялық маңызы неде?

5. 19 ғасырда материктердің ішкі бөліктері қандай мақсатпен зерттеледі?

6. Ш. Уәлиханов географияға қандай үлес қосты?

7. Ақпанның 29-да туған бала туған күнін неше жылда 1 рет атайды және неліктен?

8. Жергілікті, белдеулік, декреттік уақыт дегеніміз не?

9. Жер өз өсінен айналғанға 1 сағат 4 минутта неше градусқа бұрылатынын есептеңдер.

10. Астанада 22 наурызда сағат 12 болғанда, мына қалаларда сағат қанша болады? (Дежнев мүйісінде, Лондонда, Киевте, Нью-Йоркте).

11. Поляр мен тропик шеңберлерінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?



Жалпы сипаттама

Поляр шеңбері

Тропик










Балалар параграфты оқып шығады. Сосын келесі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.

ІV

Үй жұмысы:

1. Кіріспе, §1 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға жылу белдеулер мен сағаттық белдеулерді түсіру.

3. Параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


Сабақ: №3

Сыныптар:

Күні: і



Тақырыбы: Жердің құрылысы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Жердің ішкі құрылысы қандай бөліктерден тұратынын, олардың өзара байланысы, жер қыртысы мен литосфералық тақталар туралы білімді кеңейту және бекіту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балаларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтарды қояды.

1. Жердің ішкі құрылысы қандай бөліктерден тұрады?

2. Жер қыртысы дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

3. Литосфераалық тақталар дегеніміз не?

4. Жер қыртысын қандай тау жыныстары құрайды?

Сосын дәптерлер мен кескін карталарын тексереді де, жылу белдеулерді картадан көрсетіңдер деп тақта алдына балаларды шығарады.



Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім жердің ішкі құрылысы суретін сызғызады және жердің ішкі қабаттарын (ядро, мантия, жер қыртысы) атайды. Сосын жер қыртысын құрайтын әр түрлі агрегаттық күйдегі минералдар жиынтығының тұрақты құрамын тау жыныстары құрайтынын айтады. Сосын балаларға тау жыныстар мен минералдардің бір-бірінен айырмашылығы неде деп сұрайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.


ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін келесі тапсырмаларды береді.

1. Келесі жоспар бойынша жер қыртысы туралы әңгімелеңдер:

а) қабықтарының аты

ә) неден түзілгені

б) шамамен алғандағы қалыңдығы

2. Литосфера деген не?



3. Оқулық мәтінін пайдаланып төмендегі кестені толтыру:

Магмалық жыныстар

Шөгінді жыныстар

Метаморфты жыныстар

органикалық

химиялық

кесек















































































Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


Сабақ: №4

Сыныптар:

Күні:

Тақырыбы: Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Географиялық карта дегеніміз не және олардың негізгі түрлері мен маңызы жайлы білімді молайту, картаның қасиеттері мен картография, проекция ұғымдарын түсіндіру. Картографияның басқа ғылым салаларымен байланысын ашу.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.



Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Сабақтың келесі кезеңінде географиялық картаның маңызын атап шығады, сосын жалпы географиялық картаның негізі мен кескіндеулерді сызғызады. Сосын тақырыптық карталардың мазмұнын айтып, сызғызады. Одан кейін бедерлі карта, фотокарта, карта-транспортир, глобус, атлас терминдерге түсінік береді және картографияның бөлімдерін атап шығады. Оқушыларға өз беттерінше оқып талдаңдар деп береді және барлық терминдерді теріп жазып, жаттауға береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар жалпы географиялық картаның негізі мен кескіндеулерді сызып, барлық терминдерді теріп жазады.



ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға екі параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін келесі сұрақтарды қояды.

1. Карталар мазмұнына, машстабына және қолданылу сипатына нешеге бөлінеді?

2. Глобус пен картаның айырмашылығы неде?

3. Картографиялық проекция дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

4. Азимут дегеніміз не?

Тапсырмалар.

1. Жарты шарлар картасы мен глобус бойынша Сахалин аралының солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған ұзындығын анықтаңдар (картада 1200, глобуста 950 км-ге тең).

2. Топографиялық карталардың шартты белгілері қандай негізгі түрлерге бөлінеді?



Балалар параграфты оқып шығады. Сосын параграф соңындағы тапсырмаларды орындайды.

ІV

Үй жұмысы:

1. §2, 3 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

3. Параграф соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.



Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.



Сабақ: №5

Сыныптар:

Күні:

Тақырыбы: Картографиялық проекциялар

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – картадағы бұрмалану түрлері мен картографиялық проекциялар туралы білімді кеңейту, картография және картографиялық проекциялардың түрлері туралы білімді кеңейту.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім балаларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтарды қояды.

1. Жердің ішкі құрылысы қандай бөліктерден тұрады?

2. Жер қыртысы дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

3. Литосфераалық тақталар дегеніміз не?

4. Жер қыртысын қандай тау жыныстары құрайды?5.

5. Карталар мазмұнына, машстабына және қолданылу сипатына нешеге бөлінеді?

6. Глобус пен картаның айырмашылығы неде?

7. Картографиялық проекция дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

8. Азимут дегеніміз не?

Сосын дәптерлерін тексереді. Параграф соңындағы сұрақтарға оқушылармен бірге жауап береді.



Сұрақтарға жауап береді және дәптерлерін тексеруге береді.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім картографиялық проекция дегеніміз не деген сұрақты қояды. Сосын оған анықтама кітаптан таып жазыңдар деген тапсырманы береді де, картографиялық проекциялардың негізгі түрлерімен таныстырады: азимуттық, конустық, цилиндрлік.

Сосын мұғалім картадағы бұрмалануларды анықтаудың қарапайым тәсілдері туралы айтады. Одан кейін топографиялық карталар туралы сұрайды. Ұсақ масштабты географиялық карталардағы жер бедерінің бейнелену ерекшеліктерін карта көмегімен түсіндіреді.



Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қысқаша конспект жазып отырады.




ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Географиялық объектілер мен құбылыстарды карталарда бейнелеудің толықтығы және егжей-тегжейлігі неге байланысты?

2. Топографиялық карталарда шартты белгілердің қандай түрлері қолданылады?

3. Азимут деген не және ол не үшін керек?

4. Карталарды масштабына қарай нешеге бөледеі?

Сосын келесі тапсырманы береді: Картадан белгілері бойынша осы жердегі ең биік және ең төмен жерлерді, биіктіктердің ең үлкен айырмасын анықтаңдар.



Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тапсырмаларды орындайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.



Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


Сабақ: №6 күні:
Сабақ: №11 тақырыбы:
Сабақ: №15 сыныптар:
Сабақ: №20 сыныптар:
Сабақ: №25 сыныптар:
Сабақ: №29-30 сыныптар:
Сабақ: №35 сыныптар:
Сабақ: №41-42 сыныптар:
Сабақ: №45-46 сыныптар:

Каталог: uploads -> doc -> 0d43
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d43 -> Сабақтың тақырыбы: Организімдердің көбею формалары. Жыныссыз және жынысты көбею Сабақтың мақсаты: Білімділік
0d43 -> Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Б. Аққошұарова
0d43 -> Сабақ: Бердібек Соқпақбаев «Компас» Мектеп


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет