Сабақ: №15
Сыныптар:
Күні:
Тақырыбы: Құрлық сулары
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Құрлықтың ішкі сулары туралы түсінікті кеңейту, олардың шаруашылықтағы маңызы мен қорғау мәселелерін талқылау.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім балалардың дәптерлерін және кескін карталарын тексереді. Сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды.
1. Гидросфера қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
2. Судың басты қасиеттерін атаңдар.
3. Табиғаттағы су айнылымы қалай жүзеге асады?
4. Су айналымына адамның шаруашылық әрекеті қалай әсер етеді?
5. Дүниежүзілік мұхитқа қандай бөліктері жатады?
6. Теңіз, шығанақ, бұғаз дегеніміз не?
7. Мұхит суының негізгі қасиеттері мен қозғалыстарына не жатады?
|
Балалар дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді. Сұрақтарға жауап береді.
|
ІІІ
|
Ең алдымен мұғалім құрлық суларына өзендер мен көлдер, мұздықтар мен батпақтар, жер асты сулары, сондай-ақ жасанды су көздері (бөгендер, каналдар, тоғандар) жататынын айтады. Құрлық суларын орналасу орнына байланысты беткі және жер асты сулары деп бөледі. Беткі сулар құрлық суының 2/3, жер асты сулары 1/3 бөлігін құрайды. Су айналымы шеңберінде құрлық сулары да қамтылады.
Сосын балаларды топтарға бөліп, өз беттерінше өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты сулары тақырыпшаларын бөліп береді.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.
Қысқаша конспект жазып отырады.
Одан кейін топтарға бөлініп, тақырыпты өз беттерінше оқып, талдайды.
|
ІV
|
Тақырыпты бекіту үшін оқушылар өз тақырыптарын қорғайды, бір-біріне сұрақтарды қояды, мұғаліммен бірге тақырыпты талдап, есіңе сақтайды.
Сосын мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:
1. Тақырыптық карта бойынша өзенге сипаттама беру.
а) өзен аты
ә) өзеннің бастауы мен сағасы
б) қай мұхит алабына жатады
в) коректену типі
г) шаруашылықта пайдалану және экологиялық жағдайы
|
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын өз тақырыптарын қорғайды, бір-біріне сұрақтарды қояды, мұғаліммен бірге тақырыпты талдайды және тапсырмаларды орындайды.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Үзіліске шығады.
|
Сабақ: №16
Тақырыбы: Биосфера және Жердегі тіршілік
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Биосфера туралы түсінікті қалыптастырып молайту, биосфераның құрамы мен құрылымын, даму кезеңдері мен биосфераны қорғау проблемалары туралы білімді кеңейту, ноосфера туралы түсінікті қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім жер шарының атмосфера, литосфера, гидросферамен қатар келесі төртінші тұйық емес сыртқы қабығы биосфераға көшетінімізді айтады.
Сонымен биосфера Жердің «тіршілік қабығы» деп айтып, оның терминін алғаш рет ғылымға 1875 ж аустралиялық ғалым Э. Зюсс енгізді. Ал 1926 ж орыс ғалымы В. И Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды (биосфера – жер шарының барлық тіршілік дүниесі мен олардың арасындағы өзара зат және энергия айналымы тұрақты жүзеге асатын Жердің ерекше қабығы. Биосфераның жоғарғы шекарасын озон қабаты (25-30 км), төменгі шекарасын дүниежүзілік мұхиттың ең терең шұңғымасының табаны деп есептейді. Сосын жер шары бойынша биомассасының таралуын 7-кесте арқылы түсіндіреді. Сосын оқушыларға биосфера құрамы мен құрылымын өз беттерінше оқып, барлық анықтамаларды жаттап алыңдар деп тапсырма береді.
Сосын мұғалім ноосфера деген ұғымын қалыптастырады. Биосфера құрамындағы тірі ағзалардың тұрақты дамуы мен өзгерісі оның жаңа сапалы сатыға көтерілуіне, ноосфераға (ноос – сана, сфера – шар) өтуіне себепші болды. Алғаш рет бұл ұғымды 1927 ж француз оқымыстысы Э. Леруа В. И. Вернадскийдің Сорбонна университетіндегі дәрісін тыңдаған соң енгізген болатын. Ноосфераның көрсеткіштерін көшіріп алыңдар деп айтады.
Одан кейін биосфераны қорғау проблемалары туралы өз ойларынды айтыңдар деп айтады.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Оқушылар қысқаша конспект жазып отырады, сұрақтарға жауап береді.
Сосын оқушылар биосфера құрамы мен құрылымын өз беттерінше оқып, барлық анықтамаларды жаттап алады.
Ноосфераның көрсеткіштерін көшіріп алып, содан кейін биосфераны қорғау проблемалары туралы өз ойларынды айтады.
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:
1. Биосфера дегеніміз не? Онда ағзалар қалай таралады? Ағзалардың литосфера, атмофера, гидросфераға әсер етуіне мысал келтіріңдер.
2. Жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың әркелкі таралуын қалай түсінуге болады?
3. Тірі ағзалардың бір-бірімен байланысы қалай жүреді? Жануарлар мен өсімдіктер бір-біріне қалай ықпал етеді? Жер бетінде алғаш қандай ағзалар пайда болды?
|
Балалар параграфты оқып шығады және тапсырмаларды орындайды. Түсінбеген жерлерін сұрайды.
|
ІV
|
Үй жұмысы:
1. §13, 14 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Тапсырмаларды аяқтау.
3. Кескін картаға Енисей, Еділ, Днепр, Лена, және Қазақстанның ірі өзендерін, дүниежүзінің ірі көлдерін, мұздықтары бар тауларды түсіру.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.
|
Қоштасады.
|
Сабақ: №17
Сыныптар:
Күні:
Тақырыбы: Географиялық қабық және табиғат кешендері
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Географиялық қабық туралы жалпы түсінік беру, географиялық қабықтың біртұтастылық, ырғақтылық, зат және зат алмасу, зоналылық заңдылықтарын оқып үйрену, аумақтық табиғат кешендері, ландшафт пен оның түрлері туралы түсінікті қалыптастырып дамыту.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім балалардың дәптерлерін және кескін карталарын тексереді. Сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды.
1. Құрлық суларының қандай түрлері бар?
2. Өзен жүйесі қандай құрамдас бөліктерінен тұрады?
3. Көлдерді шығу тегіне қарай қандай түрлерге бөледі?
4. Мұздықтар қалай пайда болады?
5. Биосфера туралы ілім қашан пайда болды?
6. Биологиялық айналыс дегеніміз не?
7. Ноосфера дегеніміз не? Бұл ілімді кім енгізді?
|
Балалар дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді. Сұрақтарға жауап береді.
|
ІІІ
|
Ең алдымен мұғалім табиғат кешені мен географиялық қабықтың айырмашылығын түсіндіріп береді. Сосын географиялық қабықтың құрылымын түсіндіреді, табиғаттың құрамдас бөліктеріне тоқталады да, антропогендік табиғат кешендеріне түсінік береді. Содан кейін географиялық қабықтың заңдылықтарын, олардың басқа табиғат кешендеріне қалай байланыс жасайтынын өздерін оқып түсіндіріңдер деп тапсырма береді.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, қысқаша конспект жазып отырады.
Одан кейін географиялық қабықтың заңдылықтарын, олардың басқа табиғат кешендеріне қалай байланыс жасайтынын өздері оқып, біріне түсіндіреді.
|
ІV
|
Тақырыпты бекіту үшін оқушылар өз тақырыптарын қорғайды, бір-біріне сұрақтарды қояды, мұғаліммен бірге тақырыпты талдап, есіңе сақтайды.
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі тапсырмаларды береді:
1. Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады? Олардың өзара қандай байланысы бар екенін өз жерлерінің табиғаты мысалында сипаттаңдар.
2. Ландшафт дегеніміз не?
3. Өздерің тұрған жерінде кездесетін табиғи және мәдени ландшафт түрлеріне мысал келтіріңдер.
|
Балалар параграфты оқып шығады. Сосын өз тақырыптарын қорғайды, бір-біріне сұрақтарды қояды, мұғаліммен бірге тақырыпты талдайды және тапсырмаларды орындайды.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Үзіліске шығады.
|
Сабақ: №18
Сыныптар:
Тақырыбы: Географиялық белдеулер мен зоналар
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Географиялық қабықтағы зоналылық заңдылық туралы, жер шарының географиялық белдеулер мен табиғат зоналары туралы білімді кеңейту.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім географиялық қабықтың зоналылық заңдылығы – табиғат құрам бөліктері мен кешендерінің экватордан полюстерге қарай ғаламшар ауқымында өзгеру заңдылығын атақты орыс ғалымы В. В. Докучаев негіздеген. Сонымен Жер шарында 13 географиялық белдеу, зоналар мен белдеулердің шекаралары сәйкес келмейді. Жер шарының географиялық белдеулер мен табиғат зоналарын 14-сурет арқылы түсіндіреді.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.
Оқушылар қысқаша конспект жазып отырады, сұрақтарға жауап береді.
|
ІІІ
|
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі тапсырманы береді:
1. Кестені толтырыңдар.
Табиғат зоналар
|
|
|
Географиялық орны
|
|
|
Климаты
|
|
|
Топырағы
|
|
|
Өсімдіктері
|
|
|
Жануарлары
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
Балалар параграфты оқып шығады және тапсырмаларды орындайды. Түсінбеген жерлерін сұрайды.
|
ІV
|
Үй жұмысы:
1. §15, 16 оқып, қысқаша конспект жазу.
2. Тапсырманы аяқтау.
3. Кескін картаға географиялық белдеулер мен табиғат зоналарды түсіру.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.
|
Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.
|
Қоштасады.
|
Сабақ: №19
Сыныптар:
Күні:
Тақырыбы: «Жалпы географиялық заңдылықтар» бөлімі бойынша қайталау
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – «Жалпы географиялық заңдылықтар» бөлімі бойынша оқушылардың білім-біліктерінің меңгерілу және мүмкіндік деңгейін анықтау. Жалпы географиялық заңдылықтар туралы білімді бекіту, және одан әрі дамыту
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Жалпылап, жүйелеу сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)
ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушылар әрекеті
|
І
|
Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
|
Оқушылар мұғаліммен амаедасады да, сабаққа дайындалып отырады.
|
ІІ
|
Ең алдымен мұғалім балалардың дәптерлерін және кескін карталарын тексереді. Сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды.
1. Дүние жүзінде қанша белдеу мен табиғат зоналары бар?
2. Табиғат зоналары мен географиялық белдеулердің айырмашылығы неде?
|
Балалар дәптерлер мен кескін карталарын тексеруге береді. Сосын бір бала тақта алдындағы картада барлық табиғат зоналарын көрсетеді. Ал екінші бала бір табиғат зонаны жоспар бойынша сипаттайды.
Балалар дүние жүзінде 13 географиялық белдеу бар, ал бұл белдеулер өз ішінен табиғат зоналарға бөлінетінін айтады.
|
ІІІ
|
Мұғалім оқушыларды жұптарға бөліп, әрбір жұпқа бірдей тапсырмаларды береді. Қай жұп тапсырмаларды бірінші болып және дұрыс орындаса, сол балалар жоғары бағаланады.
1 тапсырма. Егер Мәскеудегі уақыт 14 сағат болса, онда Якутскіде уақыт қанша екенін анықтаңдар.
2 тапсырма. Сахалиннің меридиан бойындағы ұзындығын градуспен анықтаңдар және оны километрге айналдырыңдар.
3 тапсырма. Альпинистер 300 м биіктікке көтерілгенде барометр осы биіктікте қысымды 450 мм с.б көрсетті. Бұл кезде жер бетіндегі атмосфералық қысым нешеге тең болады?
4 тапсырма. Географиялық қабық, биіктік белдеулік деген не?
|
Оқушылар жұптарға бөлінеді де, өз тапсырмаларын орындай бастайды.
1 тапсырма. Ең алдымен Мәскеу және Якутск қандай сағат белдеулерде орналасқанын анықтайды. 6 сағат айырма жасайды, яғни, 20 сағат болады.
2 тапсырма. Сахалинді меридиан бойынша қанша градусқа созылғанын өлшеп, оны 111 км-ге (1 градус=111км) көбейтеді.
3 тапсырма. Әрбір 10 м биіктеген сайын қысым 1 мм с.б. төмендейді, сондықтан да 450+30=480 мм с.б.
4 тапсырма. Географиялық қабық – Жер шарының біртұтас қабығы, оның құрамдас бөліктері бір-бірімен өте тығыз қарым-қатынаста болады, олардың арасында ұдайы зат пен энергия алмасуы жүреді.
Биіктік белдеулік – таулардағы географиялық зоналар қысым мен температураның әсерінен биіктеген сайын өзгереді, бұл заңдылықты биіктік белдеулік деп атайды.
|
ІV
|
Үй жұмысы:
1. «Жалпы географиялық заңдылықтар» бөлімі бойынша қайталау
2. Жалпы географиялық заңдылықтар бойынша сөзжұмбақ құрастыру.
|
Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.
|
V
|
Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.
|
Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.
|
VІ
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.
|
Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Оқушылар үзіліске шығады.
| |