Бұл тапсырмаға сәйкес дескрипторлар төменде берілген:
Оқушы:
Суреттерді әңгіме желісіне сәйкес ретімен орналастырады;
Мәтіннің негізгі мазмұнынын әңгімелей алады.
Тапсырма дескрипторлары анық және қолжетімді болып, оқушыға тапсырманы орындау барысында нені көрсете білуі қажет екендігі туралы толық мәлімет бере алатындай болып; мұғалімге оқушының оқу мақсатына жеткендігі/жетпегендігі төңірегінде тиімді кері байланыс бере алатындай мүмкіндіктер береді.
Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары, диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі болып табылады.
Сондай-ақ, бағалау модерациясын дұрыс жүргізу және бағалау механизмін білу де әр ұстаздан талап етілуі қажет. Критериалды бағалау оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру жағынын ең тиімді болып саналады деп тұжырым жасағым келеді..
Достарыңызбен бөлісу: |