Бұл əртүрлі оқу үшін үнемі əртүрлі жаттығу əзірлеу деген сөз емес; керісінше, саралау – оқушылардың əртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жоспарлы жаттығуларыңызды реттеу жолы.
Мысалдар:
Есептер жазылған карточкамен жұмыс:
Барынша қолдау көрсету:
Оқушыларға əртүрлі таңдау арасындағы өзара байланыс орнатуға мүмкіндік беру үшін карточкадағы мысалдар мен есептерді пайдаланыңыз.
Орташа қолдау көрсету: Карточкада тек есептің бастама нұсқауларын ғана пайдаланыңыз.
Аздап қолдау көрсету: Кейбір карточкаларды есептің шығару жолын өзі табу үшін толтырылмаған күйде қалдырыңыз жəне оқушыларға сол бос жерлерді өз бетінше толтыруға тапсырма беріңіз.
|
Төменде сабақ кезінде оқушылардың оқуын тексеру үшін пайдалануға болатын бірнеше қалыптастырушы бағалау тəсілдері келтірілген.
Ықшам тақталар
Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар: қысқаша сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын» деңгейін көрсете алады, оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін пайдалана алады.
Стикер
Біраз уақытта болған ілгерілеуді немесе бүкіл сыныптың кері байланысын көрсетуге арналған визуалды құрал.
Бағдаршам
Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады (мысалы, қызыл түс =БАРЛЫҒЫ, сары түс =КӨБІ, жасыл түс =КЕЙБІРІ).
Бас бармақты жоғары немесе төмен бағыттау (қолдаймын, қолдамаймын)
«Бағдаршам, «стикерге» ұқсайды, бірақ кейбір оқушылардан өз таңдауларын түсіндіруді сұрай аласыз.
Сынып ішінде жүру
Əртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың əр бұрышы «толықтай келісемін»,
«келісемін», «келіспеймін, «толықтай келіспеймін» деген көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін суреттің жанына тұрыңыз; 3) дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.
Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау
Оқудың күтілетін нəтижелері оқушыларға түсінікті əрі анық болу керек, сол арқылы оқушылар өздерінің қандай бағалау критерийлеріне қол жеткізгенін анықтап, нені жақсару керектігін белгілей алады.
|
|