Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні
|
Абишева Толеутай Калиевна
|
6 сынып
18 оқушы
16.09.13
|
Ж.Болғанбаев атындағы
Самар орта мектебі
|
Сабақтың атауы
|
Қатынастар
|
Сілтеме
|
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2.Оқыту әдістемесі
3.Оқулық, математика 6 сынып /Алдамұратова/.
|
Жалпы мақсаты
|
Қатынас ұғымын өз білімдеріне сүйене отырып жалпы түсінік қалыптастыру;
Есеп шығаруда қатынасты қолдана білуге үйрету.
Оқушыларға өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
|
Міндеттер
|
Практикада математикалық дағдыларды қолдану
Теорияны есептер шығаруда қолдана білу
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту
Жаңа тақырыпты оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу
|
Мұғалім үшін оқу нәтижелері
|
Оқушылардың өз бетімен тақырыпты түсінуі
Берілген тапсырмаларды топта, жұпта орындауға үйрету.
Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру
Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.
|
Күтілетін нәтиже
|
-Өзінің құнды пікірін айтуға, барлық пікірдің құнды екенін үйренеді.
- Қатынастың негізгі қасиетін меңгеру;
-Екі санның қатынасын процент түрінде көрсетуге болады;
-Бөлшек сандарды натурал сандардың қатынасы түрінде жазуға болады;
-Алған теориялық білімдерін есеп қолдана білуге дағдыландыру;
– пікір алмасуға үйренеді .
-жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, балалар сыни ойлауға қалыптасады.
|
Туындайтын идеялар
|
Қатынасқа берілген есептерді практикалық жұмыс арқылы топпен, жұппен жұмыс жасау барысында талқылап, шығарып оқушылардың білімдері толыға түседі
|
Тапсырмалар
|
І: Ұйымдастыру кезеңі
1. Қайталау сұрақтары.(Білу)
2. Жеке, жұппен жұмыс.(Түсіну)
ІІ: 3.Топтық жұмыс.Постер жасау. (Қолдану)
4. Кітаптан оқу,сұрақтарға жауап беру.
5. Әр түрлі тапсырмалар. Топтық тапсырмалар орындау.
ІІІ: 6. «Кім жылдам» есептерін шығару. (Талдау)
7. Кітаппен жұмыс. Топтық тапсырмалар.
8. Логикалық есеп.
9. Математикалық диктант (Жинақтау)
10.Тақырып бойынша сұраққа жауап беру
11.Үйге тапсырма
12.Бағалау. Рефлексия(Бағалау)
13.Сабақты қорытындылау.
|
-Топқа бөлінеді.
-пысықтау сұрақтары бойынша сұрақтарға жауап береді.
-топпен жұмыс
-деңгейлік тапсырма
-өздерін бағалау, бірін-бірі бағалау
- рефлексия.
|
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері
|
АКТ, топпен жұмыс, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,диалогтық оқыту, Блум таксонономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, СТО, оқыту үшін бағалаужәне оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне байланысты тапсырмалар, талантты және дарынды балаларды оқыту.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
проектор, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, стикерлер,түрлі түсті кесінділер.
|