Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған
бір сабақ бойынша есеп
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері және оның маңызы.
Сабақтың мақсаты: Жеті модульді ықпалдастыра отырып,организм тіршілігін гуморальдық реттелудегі ішкі секреция бездерінің гормондарының ролін анықтау.
Сабақты ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым. Ол үшін «Кім сезгіш» стратегиясын қолдандым. Бұл ойым өте сәтті болды деп ойлаймын, себебі балалар бір-біріне өздеріне ұнайтын мінезі, қылықтары, келбеті туралы айтып,осыдан кейін бірден жақсы көңіл күймен сабақты бастадық. Топқа мүшелер таңдау арқылы бөлінді. Топқа бөлу өте жақсы дәрежеде өтті, себебі бұл оқушылар жақсы топқа бөлініп дағдыланған. Ары қарай сабағымның тақырыбын ашу барысында оқушыларға сыни тұрғыдан сұрақ қойып және олардың жауаптарына қарай әрекет еттім. Сурет қималары арқылы оқушылар тақтада ілінген сезім мүшелері туралы сипаттап айтты.
Бұл әдісім сәтті өтті деуге болады. Оқушылар өз ойларын айтып бір-бірінің жауаптарын тыңдау арқылы сабақтың тақырыбын қиындықсыз ашып алды. Қызығушылығын ояту мақсатында жылдам сұрақтар:
1 Ұлпа дегеніміз не, ұлпалар неше топқа бөлінеді?
2.Эпителий ұлпасы дененің қай жеріне орналасқан,құрылысы мен қызметі қандай? .
3.Дәнекер ұлпасының қандай типтері бар?
4.Сүйек және шеміршекті ұлпаның қызметі қандай
5 Қан мен лимфа қандай қызмет атқарады
6.Қандай мүшелердің қабырғаларын бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары құрайды.
7.Қандай бұлшық еттердің жиырылуына байланысты қимыл-қозғалыс жүзеге асады .
8.Жүйке ұлпасының қандай қасиеттері бар,құрылысы,қандай өсінділері бар.
9.Дәнекер ұлпасының сұйық түрі.
10.Қозғыштық және қозу өткізгіштік қасиеті бар ұлпа.
ІІІ. Интерактивті тақтада оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:
Биологиялық диктант.
1)Шығу тегі, құрылымы және атқаратын қызметтері ұқсас жасушалар мен жасушараалық заттардың жиынтығы – бұл .ұлпа...............................................................
2)Дененің белгілі бір пішінге, құрылымға, орынға ие, бір немесе бірнеше қызметтерді атқаратын бөлігі – бұл .мүше.............................................................
3)Белгілі бір физиологиялық қызметі бойынша біріктірілген, шығу тегі бір, бірақ құрылысы әртүрлі мүшелер – бұл .
Бұл сабақтың жоспарында оқушылардың жоғарырақ деңгейде ойлауын дамыту мақсатында негізгі сұрақтарды сабақтың әр кезеңі үшін дайындап алдым. Сұрақтар арқылы мен оқушылардың нені үйренгенін, нені түсінгенін бақылай отырып берген жауаптарының негізінде бағалай алдым. Әрбір тапсырмадан кейін оқушылар бағалау парағына бағалап отырды.
Бұл сабақта тест жұмысы, биологиялық диктант, сурет қималары, бір минуттық эссе, арқылы өткіздім.
Бұл күнгі өткізілген сабағым мақсатына жетті деп ойлаймын. Тізбектелген сабақтар топтамасының екінші сабағымда оқушылардың өздігінен оқуын қалыптастыру мақсатында ББҮ әдісін қолданып сабақ өткіздім. Бұл сабағымда да оқушылардың көмегімен көздеген мақсатыма жеттім. Оқушылар бұл әдісті бірден түсініп тез қабылдап сабаққа белсене қатысып кетті. Жоспарға сәйкес сабақтарыма сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында топтық, жұптық жұмысты енгіздім. Бағдарламада қамтылған модулдер тізбегіндегі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің топтық, жұптық жұмыс стартегиясын пайдалану оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Бұрыннан топпен, жұппен жұмыс жасап дағдыланбағандықтан жұптық жұмыс стратегиясын пайдалану барысында сыныпта оқушыларды топтастырып, жұптастырып бөліп, өзінің тобымен, жұбымен талқылай алатын және де кейіннен барлық сынып болып талқылай алатын сұрақтарды бере отырып, олардың жұмыстарын бақыладым. Топтық жұмыс кезінде өз пікірін айтпаған оқушы қалмады. Бұл тапсырманы орындау барысында барлық оқушылар сабақта өте белсенділік танытты. Тәжірибе кезінде таланты және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында да әртүрлі деңгейде тапсырмалар берілді. Топтық жұмыс жасау барысында сыныптағы кейбір оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін де байқадым.
Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицей
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы Сезім мүшелері және олардың маңызы.
Сыныбы: 8 «А»
Жүргізген биология пәнінің мұғалімі: Б.Т.Курманова
Шахтинск-2015
Достарыңызбен бөлісу: |