Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Курманова Б. Т. 8 «А» сыныбы 17. 11. 2015



бет1/8
Дата05.06.2017
өлшемі0,93 Mb.
#17805
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы

мектеп-лицей

биология пәнінің мұғалімі:

Б.Т.Курманова

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Курманова Б.Т.

8 «А» сыныбы







17.11.2015

№24 кабинет

Сабақтың тақырыбы

І: Сезім мүшелері және олардың маңызы.

Сілтеме

Биология 8 сынып оқулығы. Алматы. «Мектеп» 2012. Е.Очкур, Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева

Жалпы мақсаты

Жеті модульді ықпалдастыра отырып, сезім мүшелерінің құрылысын,атқаратын қызметін, ролін анықтау

Міндеттер:


-бездердің адам ағзасы үшін маңызын анықтап,оның медицинадағы ролін аша біледі,адам организмдердің алмасу процестеріндегі гормондардың ролін жаңа модульдік оқыту технологиялармен көрсету.

- Сыни тұрғыдан ойлана отырып ойларын жинақтайды, білімдерін қолданады.

- Алған білімдерінің нәтижесін қорытындылайды, бағалайды.


Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

4. Сезім мүшелері жайлы түсініктердің пайда болуы.



Сабақта туындаған негізгі идеялар

1. Сезім мүшелерінің құрылысын, жүйесін, қызметтерін анықтау.

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.



Тақырыбы: : Сезім мүшелері және олардың маңызы

Сезім мүшелері және олардың маңызымен танысу.




Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу /1-2 мин/



СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?


Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға құстардың суреті арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

/2 мин/




Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?


І. Қызығушылығын ояту Слайд1,2

Мұғалім: ІІ. Өткен сабақты қайталау «Қайталау білім анасы»

Әрбір топтан бір оқушы шығып тақтада алдын ала жапсырылған жапсырма қағаздарын таңдап алады.

1.Ұй тапсырмасын тексеру.топтық жұмыс.

1-топ тест

2-биологиялық диктант

3-топ сурет арқылы жұмыс

4-топ «Бір минуттық эссе » .

(8 минут)

Қызығушылығын ояту мақсатында жылдам сұрақтар:

1 Ми діңіне құрамына қандай бөлімдер кіреді?

2. Мидың құрылысы мен қызметі қандай? .

3.Жұлын мен ми діңі қызметінің ұқсастығы мен айырмашылығы?

4.Үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі?

5 Үлкен ми сыңарлары қандай бөлімдерден тұрады?

6.Үлкен ми сыңарлары қыртысында қандай аймақтарды ажыратады?

7.Вегатативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің алғашқы нейрондарының денелері қайда орналасқан.

8.Олар жүйке түйіндерін қайда түзеді.

ІІІ. Интерактивті тақтада оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

Биологиялық диктант.

1)Көзді қимылдадатын бұлщық еттердің саны...............................................................

2)Көэдің көмекші аппараттары.............................................................

3)Вестибула аппараты жартылай--------------------------------------- тұрады .

4).Есту сүйекшелері дегеніміз-бұл ---------------------------------------------------------------------------.

5).Фоторецепторлар дегеніміз -----------------------------------мен-------------------------------------------------.

Сурет арқылы жұмыс

1Үй тапсырмасын сұрау бөлімін қорытындылау мақсатында мидың суреті бейнеленген тапсырма таратылады. Суретте ми бөлімдері көрсетілген, оқушылар аттарын тауып жазулары тиіс.

.

« Өрмекші торы »



1 1. Ми бөлімдерін ата.

2. Адам миының өзіне тән қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

3. Ер адам мен әйел адамның миында айырмашылық бар ма? Болса қандай?

4. Мидың сұр заты мен ақ заты туралы не білесіңдер?

5. Ми қыртысы дегеніміз не?

6.Үлкен ми сыңарында қандай аймақтар орналасқан.



Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу


- оқушыларды белсенділігін арттыру

ІІ. Мағынаны тану

Мағынаны тану мақсатында Алдымен оқушылардың сезім мүшелері туралы тақырыпқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында көздерін байлап «Кім сезгіш» ойынын ойнаймыз.
Алдарына ащы құрт, тәтті конфет, ерлер мен әйелдер әтірлері және түрлі заттар беріледі. Оқушылар қысқа уақыт ішінде, көздері жабулы күйінде әр затты сипап сезу, иіскеп сезу және дәм сезу мүшелері арқылы заттардың атауларын табулары қажет. Осылайша кімнің сезгіш екендігін анықтаймыз және сезім мүшелері дегеніміз не екендігін қысқаша түсіндіріп өтемін.

Сезім мүшелері туралы не білесіңдер? «Джигсо» стратегиясын қолданамын.

«Сезім мүшелері және оның маңызы» тақырыбына

4-топқа тақырыпты оқып тапсырма беріледі.

1. Ішкі секреция бездері.

2.Сыртқы секреция бездері

3. Аралас безлер,

4. Сөздік жұмыс.


Ішкі,сыртқы және аралас секреция бездерін атап,олардың айырмашылықтарын ажыратады.Бездер түзетінгормондар мен қызметін анықтап, постер дайындайды, бездердің жалпы сипаттамасы туралы талдай алады

Гуморальдық реттелу гормондар арқылы жүзеге асырылады. Бездер үшке бөлінеді.

1.Сыртқы секрециялық бездері

-секретін (сөл) қуысқа немесе сыртқы ортаға бөледі

-арнайы өзектері бар

-сілекей бездері, асқазан бездері, ішек бездері, тері бездері, сүт бездері, май бездері, жас бездері

2.Аралас секрециялық бездер

-ұйқы безі

-жыныс бездері

3.Ішкі секреция бездері

-секретін (гормон) қан немесе лимфаға бөледі

-бөліп шығаратын өзектері жоқ

-гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, айырша без, бүйрек үсті бездері

Сергіту сәті: Сурет қималары арқылы бездерді орналастыру (2 минут).

Мұғалім "доп лақтыру" арқылы сұрақ қояды.

1.Ішкі және секреция бездерінің айырмашылығы?

2. Ішкі секреция бездерінің ауруларын емдейтін дәрігер?

3.Тироксин гормонын бөлетін без ?

4. Аралас бездерге жататын сыңар без?

5.Гормондардың әсерінен болатын реттелудің аты.

6.Алқым ісуі ауруына жетіспейтін химиялық элемент.

7.Бүйрекүсті безінің милы затынан бөлінетін гормон.

8.Гипофиздің зәрдің түзілу жылдамдығын бәсеңдетіп, су алмасуды өзгертетін бөлігі.

9.Инсулин жетіспегенде болатын ауру.

10.Жас балаларда бойы өспей,жыныстықжетілуінің тоқталып,ақыл-есінің кему ауруы.

VI.Жаңа сабақты бекіту:



Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру



ІІІ. Ой қорытынды

Бүгінгі сабаққа сараптама



  1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа заттарды үйрендіңдер?

  2. Қай жерінде қандай қиындықтарға тап болдыңдар?

  3. Сіз қиындықтарды қалай жеңе білдіңдер?

  4. Топпенен жұмыс жасағанда қандай заттарды толықтыруға болады немесе алып тастауға болады?

Бүгін біз не білдік

1. Адамдар организміндегі мүшелер жүйелері, қызметінің үйлесімділігі

2.Гормондарды арнайы ішкі секреция бездері бөліп шығарады, олар қан мен лимфаға түседі

3. Сыртқы секреция бездері, олар секретін қуыс мүшелерге немесе сыртқы ортаға бөледі

4.Аралас секрециялы бездер ұйқы безі және жыныс бездерінің қызметі

5. Организмде жүретін процестердің гуморальдық реттелуінің мәні

6. Физиологиялық процестердің гуморальдық реттелуі биологиялық белсенді зат гормондардың көмегімен жүзеге асады


Бағалау түрлері

  • оқушының өзін-өзі бағалауы;

  • топтық өзін-өзі бағалауы;

  • мұғалімнің бағалауы;

  • жалпы бағалау;

  • критерийлер арқылы бағалау

VIII.Оқушылардың білімдерін бағалау.

Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні____________________________________



Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1










2










3










4













-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...


Үй тапсырмасы: Үйге тапсырма:пар. 8 оқу, сұрақтарға жуап беру. Cезім мүшелеріне байланысты реферат жазу



/1,5 мин/

45 мин. Сабақтың соңы



Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?



оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, жұмбақтар шешу, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдалана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.


-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.

Оқушының аты-жөні____________________________________





Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1










2










3










4










5










6









Оқушының аты-жөні____________________________________





Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1










2










3










4










5










6









Оқушының аты-жөні____________________________________


«Сезім мүшелеріне» тест сұрақтары

1 Ұлпа дегеніміз не, ұлпалар неше топқа бөлінеді?

2.Эпителий ұлпасы дененің қай жеріне орналасқан,құрылысы мен қызметі қандай? .

3.Дәнекер ұлпасының қандай типтері бар?

4.Сүйек және шеміршекті ұлпаның қызметі қандай

5 Қан мен лимфа қандай қызмет атқарады

6.Қандай мүшелердің қабырғаларын бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпалары құрайды.

7.Қандай бұлшық еттердің жиырылуына байланысты қимыл-қозғалыс жүзеге асады .

8.Жүйке ұлпасының қандай қасиеттері бар,құрылысы,қандай өсінділері бар.

9.Дәнекер ұлпасының сұйық түрі.

10.Қозғыштық және қозу өткізгіштік қасиеті бар ұлпа.

11.Ұлпа дегеніміз не?

12.Ұлпаның типтерін ата

13.Құрылысы мен шығу тегі әртүрлі, бірақ ортақ белгілерімен біріктірілген ұлпалар тобы қалай аталады?

14.Шеміршекті, сүйек, май, қан ұлпалары қай ұлпа түріне жатады?

15.Органзмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау, қорғағыш және зат алмасуды реттеу қай ұлпаның негізгі қызметі?

16.Арнайы затты қандай жасушалар бөледі?

17.Қаңқа сүйектеріне бекітілген және оның қимыл-қозғалысын қамтамасыз ететін қаңқа бұлшық етін қай ұлпа түзеді?

18.Нейрон денесіне жақын орналасқан, қысқа, жиі тармақталған өсіндісі қалай аталады?

19.Ішкі мүшелердің, қан және лимфа тамырларының, без өзектерінің қабырғаларының құрамына кіретін ұлпаны ата.

20.Жүйке ұлпасы қандай жасушалардан тұрады?

21.Ішкі және секреция бездерінің айырмашылығы?

22. Ішкі секреция бездерінің ауруларын емдейтін дәрігер?

23.Тироксин гормонын бөлетін без ?

24. Аралас бездерге жататын сыңар без?

25.Гормондардың әсерінен болатын реттелудің аты.

26.Алқым ісуі ауруына жетіспейтін химиялық элемент.

27.Бүйрекүсті безінің милы затынан бөлінетін гормон.

28.Гипофиздің зәрдің түзілу жылдамдығын бәсеңдетіп, су алмасуды өзгертетін бөлігі.

29.Инсулин жетіспегенде болатын ауру.



30.Жас балаларда бойы өспей,жыныстықжетілуінің тоқталып,ақыл-есінің кему ауруы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет