Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы 5 «Ә» сыныбы. Оқушылар саны-28



бет5/5
Дата22.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#12184
түріСабақ
1   2   3   4   5

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Кусаинова Асемгуль Кенжебековна

5 «Ә» сыныбы.

Оқушылар саны-28

Астана қаласы

53 мектеп-лицей



2-апта

05.03.2014ж

2-сабақ. 08.50-09.35 информатика кабинеті

Сабақтың атауы

Тақырыбы: Үндестік заңы

Сілтеме

Қазақ тілі. Авторлары: Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова

Алматы «Атамұра»-2010ж, интерактивті тақта, көрнекіліктер (стикерлер,маркерлер,карточкалар), бағалаудың сигналдық карточкалары.



Сабақтың мақсаты

Қазақ тіліндегі сингорманизм заңының ерекшелігін тану, сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі туралы түсіну.

Міндеттері

  1. Оқушылардың белсенділігін арттыру.

  2. Сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру.

  3. Үндестік заңын түсінуде, оқушылар жаттығулармен жұмыс барысында ойландыру, топтық жұмыста еркіндік беру.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері

Жеке,жұптық,топтық жұмыс, сұрақ-жауап, қорыту,талдау,бекіту, ауызша-жазбаша, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары (топ шарлау, ой тастау, топтастыру, т.б)

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, бағалау карточкалары

Күтілетін

нәтиже

  1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.

  2. Оқушылар мәтін бойынша бір-біріне сұрақты дұрыс қоя біледі

  3. Көрген, естігенін өз ойымен еркін жеткізе алады,

  4. Бір-біріне сұрақтар қояды.

  5. Ой қорытады.

  6. Пікірлерін айтады.

  7. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.

  8. Жұппен жұмыс істей алады.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу.

  2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру арқылы бір-біріне жылы тілектер айтады.

  3. Қиғаш қағаздарды беріп, домбыра, гитара, аккардион, барабан музыкалық атауларға сәйкес топтарға бөлінеді, қорғайды.(2 мин)

  4. Алтын ережемізді еске түсіреміз. (2 мин)




Үй жұмысын тексеру (5 мин)

1. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жылдам» ойыны 4 оқушыға әр түрлі сұрақтар қойылады.

  1. Буынның неше түрі бар? /3/

  2. Қандай буындар сөздік қорды құрайды? /тұйық, бітеу/

  3. «Кел» деген сөз тасымалдана ма?

  4. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

/жуан және жіңішке/

  1. Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысына нешеге бөлінеді? /3/

Әр топтан бір оқушыдан шығады, мұқият тыңдап жылдам жауап береді.

Жаңа сабақ (28 мин)

Сабақтың барысы:

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1. Ой тастау. Видео ролик көру. Бұл роликте ойларыңызға не келеді? (2 мин)
Жеке жұмыс. Карточкалар таратамын. (2 мин)
Жұппен жұмыс.Жеке жұмыстарын жұппен тексереді. Презентациямен тексереді.

(2 мин)
Топтық жұмыс: оқулықтағы ережені және интернеттен телефондарымен іздейді, оқушылардың пікірін тыңдайды, қажет болса қосымша сұрақтар қояды.

(3 мин)

Оқушылардың бәріне ортақ тапсырмалар беріледі:



  1. Буын үндестігіне бағынатын бес сөз жаз. Ол сөздермен «Достық» тақырыбында мәтін құру.

  2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар арқылы жасалған сегіз сөз жаз. Ол сөздермен «Сыйластық» тақырыбында мәтін құру.

  3. Ілгерінді ықпалды бес сөз жаз. Ол сөздермен «Ынтымақтастық» тақырыбында мәтін құру.

  4. Кейінді ықпалды бес сөз жаз және ол сөздермен «Оқу, білім» туралы мәтін құру.

Оқушылар дәптерге ойларын тізіп жазады. ойланады, бір-бірімен пікірлеседі
Ойланады, сауатты жазады.
Жұптаса отырып, жұмыстарын түсіндіре отырып тексереді.

Топтаса отырып жұмыс нәтижесін әр топтан бір оқушыдан ортаға шығып түсіндіреді.


Бекіту.

3. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Миға шабуыл (2 мин)

Сұрақтарға жауап береді.

Қорыту.

4. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Рефлексия. Пошта жәшігі «Оқушы үніне» мән береді.

(3 мин)

Әр оқушы сабақтан алған әсерін сын, пікір, ұсынысын жазып қалдырады.

Бағалау.

5. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әрбір оқушыға дөңгелек-5 ,төртбұрыш-4 , үшбұрыш-3 беремін. (3 мин)

Фигуралар арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасы

6. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1. Интернеттен мына сайттан Kazreferat.ru үндестік заңы туралы оқу.
2. «Анама құрмет» тақырыбында шығармашылық жұмыс (эссе жазу) (2 мин)

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Түсінбеген сұрақтарын қояды.





Топ басшысының топпен талқылауы


АКТ-мен жұмыс


Тапсырмаларды қорғауда


Оқушылырадың өзін-өзі бағалауы


Кері байланыста оқушы үніне көңіл бөлу






Пошта

жәшігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет