Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы 5 «Ә» сыныбы. Оқушылар саны-28



бет1/5
Дата22.03.2017
өлшемі1,48 Mb.
#12184
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Астана қаласы №53 мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кусаинова Асемгуль Кенжебековна


Қысқа мерзімді сабақ жоспары №4

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Кусаинова Әсемгүл Кенжебекқызы

5 «Ә» сыныбы.

Оқушылар саны-28

Астана қаласы

53 мектеп-лицей



2-апта

Сабақтың_атауы'>12.03.2014ж

1-сабақ. 8.00-8.45

Сабақтың атауы

Тақырыбы: Дыбыс үндестігі

Сілтеме

Қазақ тілі. Авторлары: Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова

Алматы «Атамұра»-2010ж, интерактивті тақта, көрнекіліктер (стикерлер,маркерлер,карточкалар), бағалау критерийлері.



Сабақтың

мақсаты

Дыбыс үндестігінің түрлері, ілгерінді ықпалдың, кейінді ықпалдың, тоғыспалы ықпалдың жасалуын түсіну, қолдану.

Міндеттері

  1. Оқушылардың белсенділігін арттыру.

  2. Сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру.

  3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды түсінуде, оқушылар жаттығулармен жұмыс барысында ойландыру, топтық жұмыста еркіндік беру.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері

Жеке,жұптық,топтық жұмыс, сұрақ-жауап, қорыту,талдау,бекіту, ауызша-жазбаша, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары ( ой тастау, топтастыру, т.б)

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, бағалау критерийлері

Күтілетін

нәтиже

  1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.

  2. оқушылар мәтін бойынша бір-біріне сұрақты дұрыс қоя біледі

  3. көрген, естігенін өз ойымен еркін жеткізе алады,

  4. Бір-біріне сұрақтар қояды.

  5. Ой қорытады.

  6. Пікірлерін айтады.

  7. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.

  8. Жұппен жұмыс істей алады.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу.

  2. Шеңбер құру: Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Кәне, барлығың бір-бірлеріңнің көздеріңе қараңдаршы. Мен сендердің көздеріңнен мейірімділікпен, достықтың, сүйіспеншіліктің, әдеміліктің белгісін көріп тұрмын. Енді бір-бірімізге жылы, жақсы сөздер айтайық! Мысалы: Сен бүгін ақылдысың, әдемісің, күштісің. т.б.

  3. «Сен кімсің» ойыны. Бір оқушының көзін байлаймыз. Ортаға шығарып, бір оқушының алдына апарады. Ол танымайтындай өзгертіп айту керек. Егер тапса ол кісі орнына барады.

  4. Қиғаш қағаздарды беріп, таратамын. Ол қағаздардың шетіне 4 түрлі түсті жазылған дауыссыз дыбыстар. Сол 4 түске байланысты 4 топқа бөлінеді.

  5. Алтын ережемізді еске түсіреміз. (2 мин)







Үй жұмысын тексеру (5 мин)

1. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау» буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата.

  2. Перфокартаны толтыр.

Қосымшалар

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

-мен




-шы




-паз




-нікі




-қой




-дың




-кер







Ойланады, есіне түсіреді. Дұрыс белгілейді.


Жаңа сабақ (28 мин)

Сабақтың барысы:

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Жаңа тақырып:

«Кім жылдам?» Тапсырма: Берілген сөздердің айтылғанда өзгеріске ұшырайтынын топ болып көрсету керек.



  1. топ: көп бала (ілгерінді ықпал- көп пала)

  2. топ: сөзсіз (кейінді ықпал - сөссіз)

  3. топ: Досжан (тоғыспалы ықпал - Дошшан)

  4. топ: ала қап (ілгерінді ықпал – ала ғап)

СТО ой тастау, Ал енді мына жазылған сөздерге қараңдаршы не байқап тұрсыңдар? Қандай ой келеді?, /Балалар, ықпал деген не? Осы ықпал сөзін естігенде қандай ой келеді?

Жеке жұмыс. Өзіндік жұмыс. (Кеспе қағазбен жұмыс)

(2 мин) тақтада тексеремін.
Топтық жұмыс. Әр топ осы тақырыптарға оқулықтан, интернет ақпарат көздерінен қарап қорғайды.

  1. топ. Дыбыс үндестігі.

  2. топ. Ілгерінді ықпал.

  3. топ. Кейінді ықпал.

  4. топ.Тоғыспалы ықпал.

Жұппен жұмыс. 331-жаттығуды оқулықта берілген дауыстыдан басталған –ым, (-ім), -ы (-і), -ың (-ің), ып (-іп) қосымшаларын жалғап, қандай дыбыс үндестігіне ұшырағанын табыңдар. (2 мин)

Тыңдайды, сыни ойлауға үйренеді, бір-бірімен пікірлеседі. Өз ойларын еркін ортаға салады.

Ойланады, қойылған сұраққа дұрыс жауап беруге тырысады.

Орфографиялық заңдылықты сақтап оқиды, жазады, ойланады, еске түсіреді


Бір-бірімен пікірлеседі, ойланады, ізденеді, бірлеседі, қимылдайды
Жұптасады, бір-бірінің ойларымен пікірлеседі.

Бекіту.

3. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тест сұрақтары

Тест жауап кілттерімен тексеремін. (3 мин)



Сұрақтарға жауап береді. Ойланады, ізденеді.

Қорыту.

4. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Рефлексия. Стикерлерді таратып,оқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірлерін жазғызып, суреттегі гүлге жабыстырады. (3 мин)

Стикерлерге өз ойларын жазып, гүлге барып жабыстырады.


Бағалау.

5. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әр оқушы таратылған бағалау критерийлерімен бағалайды.(3 мин)

Бағалау критерийлер арқылы оқушылар 3 тапсырма арқылы, өздері ойланып, саралап бағалайды. Топ басшысы жауапты болады.

Үй тапсырмасы

6. Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1. Интернеттен және оқулықтан мына сайттан kk.wikipedia.org дыбыс үндестігі туралы оқу.
2. 329-жаттығу, 142 бет. (2 мин)

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Түсінбеген сұрақтарын қояды.




Жылы, жақсы сөздер



«Сен кімсің» ойыны



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет