Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Нурпеисова К. А 6 «А» сыныптары



Дата13.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#9335
түріСабақ

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы

мектеп-лицей

биология пәнінің мұғалімі:

К.А.Нурпеисова

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Нурпеисова К.А

6 «А» сыныптары







27.10.2015

24 кабинет

Сабақтың тақырыбы

Тамыр . Тамыр жүйесі.

Сілтеме

Биология 6 сынып оқулығы. Алматы. «Атамұра»2011. К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова

Жалпы мақсаты

Оқушыларға тамырдың өсімдіктің вегетативті мүшесі екендігі , тамырдың дамуы , тамыр жүйелерінің типтері олардың құрылысының ерекшеліктері , тамыр қызметі туралы түсінік беру.

Міндеттер:


- Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа еңбек сүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

- Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр жүйелерін дамыту туралы білімнің маңызын ашу , зертханалық жұмысты сауатты орындау дағдыларын қалыптастыру.




Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

4. Тамыр жайлы түсініктердің пайда болуы.



Сабақта туындаған негізгі идеялар

1. Өсімдіктердің жер асты мүшесі тамырдың құрылысын, жүйесін мүшелерін анықтау.

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.



Тақырыбы: Тамыр . Тамыр жүйесі.

Өсімдіктердің тамыр, тамыр жүйесімен танысу




Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу /1-2 мин/

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?


Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға тамыр,сабақ,жапырақ, гүл деген сөздермен қағаздар таратылады, осы қағаздар арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

/2 мин/



Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?


І. Қызығушылығын ояту Слайд1,2

Мұғалім: ІІ. Өткен сабақтарды қайталау «Қайталау білім анасы»

Әрбір топтан бір оқушы шығып тақтада алдын ала жапсырылған жапсырма қағаздарын таңдап алады. (Жапсырылған қағаздарда өсімдік ұлпалары берілген. Қандай ұлпа екенін табу арқылы ұпайларды таңдау мүмкіндігіне ие болады)

Түзіші 10 20 30

Жабын 10 20 30

Тірек 10 20 30

Негізгі 10 20 30

(8 минут)

Қызығушылығын ояту мақсатында жылдам сұрақтар:

1.Ұлпа дегеніміз не? Қандай ұлпаларды білесің?

2.Түзуші ұлпа өсімдіктің қай жерінде болады және қандай қызмет атқарады?

3.Жабын ұлпа нешеге бөлінеді , әрқайсысына жеке сипаттама бер.

4.Негізгі ұлпалар нешеге бөлінеді?

5.Өткізгіш ұлпа деп неліктен аталады және қандай қызмет атқарады?

6.Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдіктің қай жерінде кездеседі?

7.Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне жеткізетін ұлпа.

8.Өңді құрайтын ұлпа.

ІІІ. Интерактивті тақтада оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

Биологиялық диктант.

Тек ... 2 жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. 2.Өңнің кейбір жасушалары ұзарып өсіп ... айналады. 3.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы өте жақсы дамыған ... болуы. 4.Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып ... деп атайды. 5. ... жасуша қабықшасы жұқа бір-бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. 6.Шайыр жолы , эфир майы кканалы , сүт жолдары , жабысқақ түктер , шірнеліктер ... ұлпаға жатады. 7.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне ... жеткізеді. 8.Өсімдіктерде тірек ұлпасы ... болып саналады. 9.Жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ... .10.Жабын ... деп бөлінеді.



Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу


- оқушыларды белсенділігін арттыру

ІІ. Мағынаны тану

Мағынаны тану мақсатында .Тамыр туралы не білесіңдер? «Кластер» стратегиясын қолданамын.

1. Венн диаграммасы арқылы.  Өсімдіктің жер асты мүшесі

Кіндік тамыр және шашақ тамырды салыстыру 

1.Жасуша –ұлпа-мүше –ағза. Мүше  ағзаның бір бөлігі, себебі өзіндік құрылысы бар және белгілі қызмет атқарады.Өсімдік мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті) деп екіге бөлінеді.Өсімді мүшелер өсімдіктің өсуін, жеке тіршілік етуін қамтамасыз етсе, көбею  мүшелері әрбір дарақтың санын көбейтіп , ұрпақ қалдыру үшін керек , төменгі сатыдағы өсімдіктердің мүшелері жіктелмеген.

Гүлді  өсімдіктердің  мүшелері

 2.Тамыр-топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі.



Оның атқаратын қызметі:

1.Өсімдікті топыраққа мықтап бекіту;

2.Қоректік заттарды қорға жинау;

3.Топырақтан сіңірілген суды,минералды заттарды сабаққа жеткізеді;

4.Көбеюге қатысады.

4.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі , жанама , қосалқы болып бөлінеді.

Негізгі тамыр  тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.Төмен қарай бағытталып , топыраққа тереңдей береді.

Жанама тамыр  негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады.

Қосалқы тамыр сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді.

5.Тамыр жүйесі –бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы. Кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білеуленген жуан негізгі тамыры бар,оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер:сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ т.б.

Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың  қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі,көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде  (бидай ,жүгері ,күріш ,тары ,пияз ,т.б.) болады.

Топтар дайын болғанда өздерінің қорғаған тақырыптарымен ортаға шығып өз ойларын қорғайды.9 минут

Сергіту сәті: Биологиялық эстафета (2 минут).

Деңгейлік тапсырмалар: үш топқа үш түрлі тапсырма.

1 – топ жазбаша Өрмекші торы

2 –топ Сурет қиындыларынан өсімдіктердің тамыр жүйелерін аныққтап бөлу.

3-топ Тест жұмысын орындайды

1.Мүше дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай мүшелер болады?

2.Вегетативті мүшелерді ата. Вегетативті мүшелер өсімдікке не үшін қажет?

3.Тамырдың қызметін ата.

4.Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді? Олардың айырмашылықтарын ата.

5.Тамыр жүйесі дегеніміз не?

6.Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің тамырларын салыстырыңдар. VI.Жаңа сабақты бекіту:



Зертханалық  жұмыс.

Көрнекілігі: Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктердің кеппешөптері.Алдын ала өсірілген тұқымдар.

Орындалатын тапсырмалар:

1.Өсімдік кеппешөбінен тамырларын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратыңдар;

2.Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар;

3.Шашақ тамыр жүйесін кеппешөптерден қарап анықтандар;

4.Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне  көңіл аударып,оқулықтың суреттерімен салыстырыңдар;

Нәтижесі: 1)
Тамыр типтерін ата:

1.___ ________________________________________
2. __________________________________________
3.___________________________________________
2) Бос торкөздерге тамыр жүйесінің суретін салып, соған сәйкес өсімдік түрлерін ата:

Кіндік тамыр тән:__________________ Шашақ тамыр тән:___________________

Қорытынды:
1. Тамыр дегеніміз не?___________________________________________________________
______________________________________________________________________________
2. Тамыр жүйесі дегеніміз не?_____________________________________________________
______________________________________________________________________________
3. Кіндік тамырдың шашақ тамырдан қандай айырмашылығы бар?______________________
______________________________________________________________________________


Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру



ІІІ. Ой қорытынды

Бүгінгі сабаққа сараптама

  1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа заттарды үйрендіңдер?

  2. Қай жерінде қандай қиындықтарға тап болдыңдар?

  3. Сіз қиындықтарды қалай жеңе білдіңдер?

  4. Топпенен жұмыс жасағанда қандай заттарды толықтыруға болады немесе алып тастауға болады?

Бүгін біз не білдік

1. Тамыр- өсімдіктің вегетативті мүшесі

2.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

3. Өсімдік тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады,

4.Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді.

5. Өсімдік тамыр арқылы су мен минералды заттарды алады,

6.Тамырға қандай жүктеме түсетінін елестету үшін, күшті жел кезінде

қолшатырды ашып, ұстап тұру керек.

7.Бүкіл тіршілік бойы өсімдіктерде жаңа тамырлары түзіліп, ескілері өсіп

отырады.

8.Өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын тамыр жүйесі

деп атайды.

               Жағдаят кезеңінің тапсырмалары

1.“Қыстағы қар жерге ырыс, жердегі ылғал елге ырыс” мақалының мазмұнын түсіндіріңіз.

2.Халық  даналығы  Бұхар жырауға кедей «Тарыны қай жерге еккенде мол түсім аламын» деп ақыл сұрай барса, ол құрт-құмырсқа жәндіктер қаптап жүрген жазық жерді нұсқап жүріп кетіпті. Сол жерге тары егіп, «шаш етектен келетін» мол түсім алған кедей Бұхарға келіп, неліктен солай нұсқағанын сұрапты. Мұны сіз қалай түсіндіресіз?

3. Құмды топырақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі қос жарнақты өсімдіктерге кіндік тамыр болады. Сонымен қатар оның тамыры ылғалға жету үшін топыраққа терең орналасады. Ал батпақта өсетін қарағайдың тамыр жүйесі шашақ тамырға ұқсайды. Оның тамырлары үлкен ауданды алып жатады, бірақ топыраққа терең орналаспайды. Себебі неде деп ойлайсыңдар?

Жағдаят тапсырмаларының жауабы:

1. Мол топырақта тұқым тез өнеді, тамыр тез өседі.

2. Жәндіктер бар жерде құнарлы, қопсытылған топырақ болады.

3. Құмда ылғал тереңде жатқандықтан, тамыр ұзын болады, батпақта жайылып өседі. 


Бағалау түрлері

  • оқушының өзін-өзі бағалауы;

  • топтық өзін-өзі бағалауы;

  • мұғалімнің бағалауы;

  • жалпы бағалау;

  • критерийлер арқылы бағалау

VIII.Оқушылардың білімдерін бағалау.

Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні____________________________________



Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1










2










3










4













-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...




Үй тапсырмасы: Үйге тапсырма:пар. 12 оқу, сұрақтарға жуап беру. Эссе жазу «Өсімдіктерге тамырдың маңызы»

/1,5 мин/

45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?



оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, жұмбақтар шешу, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.


-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.



3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.

Оқушының аты-жөні____________________________________



Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1










2










3










4










5










6










Оқушының аты-жөні____________________________________



Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1










2










3










4










5










6










Оқушының аты-жөні____________________________________



Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1










2










3










4










5










6










Оқушының аты-жөні____________________________________



Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1










2










3










4










5










6










Зертханалық  жұмыс.

Көрнекілігі: Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктердің кеппешөптері.Алдын ала өсірілген тұқымдар.

Орындалатын тапсырмалар:

1.Өсімдік кеппешөбінен тамырларын мұқият қарап тамыр типтерін ажыратыңдар;

2.Қосалқы тамырды әрі шашақ тамыр жүйесін қарау үшін суға салынған пиязшықтың жаңа өсіп шыққан тамырларын талдаңдар;

3.Шашақ тамыр жүйесін кеппешөптерден қарап анықтандар;

4.Кіндік тамырлар мен шашақ тамырлар жүйесінің ерекшеліктеріне  көңіл аударып,оқулықтың суреттерімен салыстырыңдар;

Нәтижесі: 1)
Тамыр типтерін ата:
1.___ ________________________________________
2. __________________________________________
3.___________________________________________
2) Бос торкөздерге тамыр жүйесінің суретін салып, соған сәйкес өсімдік түрлерін ата:
Кіндік тамыр тән:__________________ Шашақ тамыр тән:___________________
Қорытынды:
1. Тамыр дегеніміз не?__________________________________________________________
______________________________________________________________________________
2. Тамыр жүйесі дегеніміз не?____________________________________________________
______________________________________________________________________________
3. Кіндік тамырдың шашақ тамырдан қандай айырмашылығы бар?___________________
______________________________________________________________________________

«Тамыр жүйесі»

1. Өсімдіктің жер асты мүшесі?

а) гүл б) сабақ в) жеміс с) тамыр д) күлте

2. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамыған тамыр?

а) шашақ тамыр б) кіндік тамыр в) негізгі тамыр с) жанама тамыр

д) қосалқы тамыр

3. Негізгі тамырдан жан-жағынан қандай тамыр таралады?

а ) жанама б) қосалқы в) негізгі с) кіндік д) шашақ

4. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр?

а) жанама б) негізгі в) қосалқы с) шашақ д) кіндік

5. Тамыр жүйесі нешеге бөлінеді?

а) 1 б) 2 в) 3 с) 4 д) 5

6. Негізгі тамыр өте жақсы жетілетін жан-жағына жанама тамыр тарайды?

а) шашақ б) жанама в) кіндік с) қосалқы д) негізгі

7. Негізгі тамыр жүйесі болмайды?

а)кіндік б) жанама в) қосалқы с) шашақ д) негізгі

8. Шашақ тамырға жататын өсімдікткер?

а) пияз б) қауын в) күнбағыс с) асқабақ д) асбұршақ

9. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың қандай немесе қанша түрі бар?

а) 1 б) 2 в) 3 с) 4 д) 5

10. Кіндік тамырына жататын өсімдіктер?

а) бидай б) жүгері в) арпа с) күнбағыс д) күріш

11. Бақбақ өсімдігінің тамырын белгіле?

а) шашақ б) қосалқы в) жанама с) негізгі д) кіндік

12. Қоңырбас өсімдігінің тамырын белгіле?

а) кіндік б) шашақ в) негізгі с) қосалқы д) жанама

13. Тамырдың типтері нешеу?

а) 4 б) 3 в) 2 с) 1 д) 5

14. Тамыр атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

а) 1 б) 2 в) 3 с) 4 д) 5

15. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады?

а) сору б) өсу в) тамыр оймақшасы с) бөліну д) өткізу

16. Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

а) 1 б) 2 в) 3 с) 4 д) 5

17. Ұзыннан созылып ұзарыпб тамыр ұшының топырыаққа терең енуіне әсер етеді?

а) тамыр оймақшасы б )өсу в) сору с )өткізу д) бөліну

18. Өсу бөлімінен кейін орналасатын, қалың түктері бар бөлік?

а)өткізу б)бөліну в)өсу с)сору д)тамыр оймақшасы

19. Сумен онда еріген қоректік заттарды тамыр дән өсімдігінің жер үсті мүшесіне өткізеді?
а)сору б)бөліну в)өсу с)тамыр оймақшасы д)өткізу

20. Көктемде тамыр қарқынды өсе ме?

а) жоқ б) ия в) шамалы с) өте баяу д) барлық жауап дұрыс

21. Минералды қоректену қай мүшеде жүреді?

а) сабақ б) гул в) жеміс с) тамыр д) жапырақ

22. Тамыр түктері қай бөлімде орналасады?

а) сору б) өсу в) бөліну с) өткізу д) тамыр оймақшасы

23.Вегетативті (өсімді мүшелері)?

а) гүл б) жеміс в) бүршік с) тамыр д) гүлсағақ

24. Генеративті (көбею)мүшелері?

а)бүршік б)жапырақ в)тамыр с)сабақ д)гүл

25. Шығу тегіне қарай тамыр неше түрге бөлінеді?

а) 3 б) 2 в) 5 с) 8 д) 9

26. Негізгі тамыр дегеніміз не?

а) тамырдың ең қысқа бөлігі б) тамырдың жуан бөлігі в) тамырдың ұрық тасмыршасының меристимасының өсіп шыққан түрі

с) тамырдың жайылған түрі д) дұрыс жауап жоқ

27. Тамыр-ң өсу нүктесіне қарай тамыр жасушасы неше бағытқа бөлінеді?

а) 1 б) 5 в) 7 с) 2 д) 8

28. Кіндік тамырдың алғашқы даму сатысындағы өзгеріс қандай?
а) тамыр сабаққа қарағанда қысқарады б) тамыр сабаққа қарағанда жуандайды в)тамыр еркін өсіп жетіледі с) тамыр сабаққа қарағанда ұзарады д) дұрыс жауап жоқ

29. Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмай ма?

а) ия б) дұрыс жауап жоқ в) жоқ с) барлық жауап дұрыс д) белгісіз

30. Күнбағыс қандай тамырға жатады?


а) кіндік б) шашақ в) негізгі с) қосалқы д) шашақ









Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған

бір сабақ бойынша есеп
Сабақтың тақырыбы: «Тамыр . Тамыр жүйесі.»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тамырдың өсімдіктің вегетативті мүшесі екендігі , тамырдың дамуы , тамыр жүйелерінің типтері олардың құрылысының ерекшеліктері, тамыр қызметі туралы түсінік беру.

Сабақты ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым. Ол үшін «жасырын карта» стратегиясын қолдандым. Бұл ойым өте сәтті болды деп ойлаймын, себебі балалар бір-біріне өздеріне ұнайтын мінезі, қылықтары, келбеті туралы айтып,осыдан кейін бірден жақсы көңіл күймен сабақты бастадық. Топқа конфет таңдау арқылы бөлінді. Топқа бөлу өте жаұсы дәрежеде өтті, себебі бұл оқушылар жақсы топқа бөлініп дағдыланған. Ары қарай сабағымның тақырыбын ашу барысында оқушыларға безендірілген кесте көрсетіп, сыни тұрғыдан сұрақ қойып және олардың жауаптарына қарай әрекет еттім. Әрбір топтан бір оқушы шығып тақтада алдын ала жапсырылған жапсырма қағаздарын таңдап алады. (Жапсырылған қағаздарда өсімдік ұлпалары берілген. Қандай ұлпа екенін табу арқылы ұпайларды таңдау мүмкіндігіне ие болады)

Түзіші 10 20 30

Жабын 10 20 30

Тірек 10 20 30

Негізгі 10 20 30

Бұл әдісім сәтті өтті деуге болады. Оқушылар өз ойларын айтып бір-бірінің жауаптарын тыңдау арқылы сабақтың тақырыбын қиындықсыз ашып алды. Осы сабағымды ертегі тәрізді жүргіздім. оқушыларға бейне ролик көрсетіп, «Білемін, білдім, білгім келеді» кестесін толтырттым. Қызығушылығын ояту мақсатында жылдам сұрақтар:

1.Ұлпа дегеніміз не? Қандай ұлпаларды білесің?

2.Түзуші ұлпа өсімдіктің қай жерінде болады және қандай қызмет атқарады?

3.Жабын ұлпа нешеге бөлінеді , әрқайсысына жеке сипаттама бер.

4.Негізгі ұлпалар нешеге бөлінеді?

5.Өткізгіш ұлпа деп неліктен аталады және қандай қызмет атқарады?

6.Бөліп шығарушы ұлпалар өсімдіктің қай жерінде кездеседі?

7.Жапырақта түзілген органикалық заттарды жер асты мүшесіне жеткізетін ұлпа.

8.Өңді құрайтын ұлпа.

ІІІ. Интерактивті тақтада оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

Биологиялық диктант.

Тек ... 2 жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. 2.Өңнің кейбір жасушалары ұзарып өсіп ... айналады. 3.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы өте жақсы дамыған ... болуы. 4.Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып ... деп атайды. 5. ... жасуша қабықшасы жұқа бір-бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. 6.Шайыр жолы , эфир майы кканалы , сүт жолдары , жабысқақ түктер , шірнеліктер ... ұлпаға жатады. 7.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін жер үсті мүшелеріне ... жеткізеді. 8.Өсімдіктерде тірек ұлпасы ... болып саналады. 9.Жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ... .10.Жабын ... деп бөлінеді. Келесі сабағымда оқушылардың түсіну дәрежесін бағалауды жоспарыма енгіздім. Бұл сабақтың жоспарында оқушылардың жоғарырақ деңгейде ойлауын дамыту мақсатында негізгі сұрақтарды сабақтың әр кезеңі үшін дайындап алдым. Сұрақтар арқылы мен оқушылардың нені үйренгенін, нені түсінгенін бақылай отырып берген жауаптарының негізінде бағалай алдым. Әр-бір тапсырмадан кейін оқушылар бағалау парағына бағалап отырды.

Бұл сабақта тест жұмысы, ойындар тақырып бойынша, ББҮ кестесін толтырып, лездік сұрақтарға жауап беріп отырды.

Бұл күнгі өткізілген сабағым мақсатына жетті деп ойлаймын. Тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағында оқушылардың өздігінен оқуын қалыптастыру мақсатында ББҮ әдісін қолданып сабақ өткіздім. Бұл сабағымда да оқушылардың көмегімен көздеген мақсатыма жеттім. Оқушылар бұл әдісті бірден түсініп тез қабылдап сабаққа белсене қатысып кетті. Жоспарға сәйкес сабақтарыма сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында жұптық жұмысты енгіздім. Бағдарламада қамтылған модулдер тізбегіндегі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің жұптық жұмыс стартегиясын пайдалану оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына ықпалы зор. Бұрыннан жұппен жұмыс жасап дағдыланбағандықтан жұптық жұмыс стратегиясын пайдалану барысында сыныпта оқушыларды жұптастырып бөліп, өзінің жұбымен талқылай алатын және де кейіннен барлық сынып болып талқылай алатын сұрақтарды бере отырып, олардың жұмыстарын бақыладым. Жұптық жұмыс кезінде өз пікірін айтпаған оқушы қалмады. Бұл тапсырманы орындау барысында барлық оқушылар сабақта өте белсенділік танытты. Тәжірибе кезінде таланты және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында да әртүрлі деңгейде тапсырмалар берілді. Топтық жұмыс жасау барысында сыныптағы кейбір оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін де байқадым.


Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицей


Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Тақырыбы:

Тамыр . Тамыр жүйесі.
Сыныбы: 6 «А»

Жүргізген биология пәнінің



мұғалімі: К.А.Нурпеисова

Шахтинск-2015

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет