Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Утегенова Айнур Туреахметқызы Сабақтың тақырыбы Масштаб



Дата08.10.2019
өлшемі27,77 Kb.
#49424
түріСабақ
Байланысты:
Масштаб 6 сынып

«Масштаб» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Утегенова Айнур Туреахметқызы

Сабақтың тақырыбы

Масштаб

Мақсаты


Картаның масштабын табуды; берілген масштаб бойынша Жер бетіндегі арақашықтықты табуды; Жер бетіндегі арақашықтық және масштабы берілген картада кескінделетін кесінді ұзындығын табуды үйрету.

Күтілетін нәтижелер

А) Масштабтың сандық мағынасын біледі.

В) Картадағы арақашықтық пен жер бетіндегі арақашықтықтың арасындағы байланысын ажырата отырып, есептер шығарады;

С) Өмірмен байланыстыра отырып масштаб өзгерісін анықтап, қалай өзгеретіні туралы ой тұжырымдайды.


Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту формасы

Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Оқытудағы жаңа тәсілдер: постер құру, топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме.

АКТ мүмкіндігін пайдаланып, зейінділікті дамытатын тренинг;

Сыни тұрғыдан ойлану: «Бірге ойламыз, сөйлейміз, есептейміз», «жұппен талқылау және қалғандарымен бөлісу».

Оқыту формасы: жеке, жұптық, топтық, жаппай.


Сабақтың көрнекілігі: негізгі деректеркөздер, құрал-жабдықтар

Алдамұратова Т.А, Байшоланов А.С., Математика – 6:

«Атамұра» баспасы,2015. Дидактикалық материалдар.

АКТ, проектор, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, Қазақстанның географиялық картасы, түрлі түсті қарындаш, сызғыш.


Кіріспе

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Қайырлы күн» тренингін, музыка әуенімен орындаймыз.

Психологиялық дайындық

Салем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Оқушылар бір-біріне тілек айтады.



Топқа бөлу. Оқушылар қатынас, пропорция, масштаб, процент атты 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз орындарына жайғасады.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын тексеру ( Жиын тақырыбына берілген есептерді сағат тілімен бағыттас тексеру)

Оқушылар топта өзара бір – бірін тексеріп, қателерін түзеп, жауаптарын толықтырып, бағалайды.

Тұсаукесер: Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеру тапсырмалары

1 – қадам. «Білу» 5мин

Анықтаңдар:

1) Масштаб деген не?

2) Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есеге кемісе, сызбаның масштабы неге тең?

3) Мына масштабтардың қайсысында сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен, қайсысы кіші?

а) 1:20 ә) 100:1 б)1:20000 в) 75:1

4. Масштабы: а) 1:100000 ә) 1:50000 б) 1:25000

Картада жер бетіндегі 1 км қашықтық неше см кесіндемен кескінделеді?

Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады.


Мысалдар сызбада барлық өлшемдері бірдей есе кемігенде ғана дененің өзі мен оның сызбасы ұқсас болатын шартын қорытып шығарады.


Негізгі бөлім:

2 - қадам: «Түсіну». Диалогтық оқыту:

5 мин

Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.



Бос орынға қажет сөзді жаз:

1.Неліктен кішкентай бөлшектерді сызбаға үлкейтіп түсіреді?

2. Неліктен 1: 100000 масштабты картадағы 1 см кесіндіге жер бетінің 1 км – і сәйкес келеді?

3. 210 километрге тең болатын екі қаланың арақашықтығы 10 сантиметрмен берілген. Картаның масштабы қандай?

Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.




3 – қадам: «Талдау». Сыни ойлауын дамыту:

3 мин

Салыстырыңдар:

а) 1: 50 масштабы

ә) 50 : 1 масштабы



Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады.

а) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен кіші

ә) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен


4 – қадам: «Жинақтау» 10 мин

Сыни ойлауын дамыту:

Оларға масштабы 1: 2 500 000 болатын Қазақстанның географиялық картасынан



1 топқа: Астана мен Орал,

2 топқа: Ақтау мен Орал,

3 топқа: Атырау мен Орал,

4 топқа:Атырау мен Ақтөбе

арасындағы арақашықтықты сызғышпен өлшей отыра, жер бетіндегі арақашықтығын табу.





Оқушылар топта картамен жұмыс жасап, толықтыру жұмысын жүргізеді. Сосын әр топ алмасып бір-бірін тексеріп, бағалайды.

Тақырыпқа түсіненнен кейін оқушылар тағы да өздері мысалдар келтіріп жазады. Тақтадағы мысалдарды дәптерлеріне жазып отырады.



Топтық жұмысты қорғау кезінде:

1. Масштабы берілген картадағы екі қаланың арақашықтығын өлшейді.

2. Масштаб анықтамасын пайдалынып, пропорция құрады.

2. Алынған мәліметтерді жолдастарыңның нәтижелерімен салыстырып, бақылайды, бағалайды



5 – қадам: «Қолдану» Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

15 мин

№ 184 (А деңгейі)

Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 км, оның картадағы ұзындығы 17 мм. Картаның масштабын табыңыздар.

№ 190 (В деңгейі)

Масштабы 1: 60 000 000 картада Алматы мен Астана қосатын кесіндінің ұзындығы 17 мм. Қалалардың жер бетіндегі арақашықтығын табыңдар.

№192 (1) (С деңгейі)

Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүреді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы 7 см болса, картаның масштабын табыңдар.


Оқушылар таңдаған қағаздарының түсі бойынша есептерін тақтаға, дәптерге орындайды.

№184


170 км = 170 000 м = 17 000 000 см

17 мм = 1,7 см

Картаның масштабы = =

1 : 10 000 000.

№190

х – екі қаланың жер бетіндегі арақашықтығы



17 мм = 1,7 см

х= 1,7 · 60 000 000 = 102 000 000 (см) = 1 020 000 м = 1020 см.

№192 (1)

1) Мотоциклші неше километр қашықтықты жүрді?

40 · 1,4 = 56 (км)

Нақты арақашықтық – 56 км = 5 600 000 см.

Картадағы арақашықтық 7 см.

Масштаб 1 : 800 000.



6 – қадам: «Баға беру» 2 мин

Оқушылар, сендер қалай ойлайсыңдар, масштаб не үшін, қайда қолданылады?

Топтарыңда мысал есептер құрастырып, оны талқылап, шешуін табыңдар.


Оқушалар жеке, топта талқылайды.

Әр қайсысы жеке өзі есептер құрастыра отырып, топта талқылайды, шешімін тауып, өзара бағалайды.



Қорытынды бөлім

Бағалау 2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топтағы бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.

Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды


Үйге тапсырма 1 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

№185, №189, №192 (2)

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

Рефлексия 2 мин

Кері байланыс парағы ____________________________________


Мен сабақта жұмыстандым

Қарқынды

Қарқынсыз

Мен сабақтағы жұмысыммен

Қанағаттанамын

Қанағаттанбаймын

Сабақ мен үшін көрінді

Қысқа

Ұзақ

Сабақта мен

Жалыққан жоқпын

Жалықтым

Сабақ тақырыбы маған

Түсінікті

Пайдалы


Қызықты

Түсініксіз

Пайдасыз


Қызықсыз

Менің көңіл-күйім

Жақсы болды

Нашар болды













Деңгейлік тапсырмалардың бағалау критерийлері

Тапсырма деңгейі

Тапсырма толық дұрыс орындалған (100%),аз ғана қатесі бар.

Тапсырма жартылай дұрыс орындалған (50%).

Тапсырма мүлдем орындалмаған.

А

2

1

0

В

4

2

0

С

6

3

0

Max

12 ұпай




Критерийлер

Білім жетістігінің деңгейі/ұпай/

дискрипторлар

А

/max 6/


0-1

Мен төменде көрсетілген критерийлердің біреуін де орындай алмадым




2

Мұғалімнің сұрақтарына, сыныптастарымның да сұрақтарына жауап бердім




3

Сабақты түсіндім, картаның масштабын табуды жаздым, топтық жұмысқа 50 пайыз қатыстым .




4

Сабақты түсіндім,негізгі формулаларды жаздым,алайда есептеулерден қате жібердім, топтық жұмыста белсенді болдым, тапсырмаларды 50 пайыздан жоғары орындадым




5

Сабақты түсіндім, негізгі формулаларды жаздым,топтық жұмыста белсенді /75 пайыз/ болдым, тапсырмаларды орындадым,өз ойымды еркін жеткізе білдім.




6

Сабақты түсіндім, берілген масштаб бойынша жер бетіндегі қашықтықты немесе жер бетіндегі берілген қашықтық масштабы берілген картада кескінделетін кесінді ұзындығын табуды орындадым , топтық жұмыста өте белсенді /100 пайыз/ болдым, С деңгейлі тапсырманы орындадым, сонымен қатар топтың атынан тақырыпшаны қорғауға шықтым немесе қорғау кезінде толықтырдым.

Ұпайларды бағаға айналдыру шкаласы

Жинап алған ұпайлар саны

баға

16-18 ұпай

«5»

12-15 ұпай

«4»

5-11 ұпай

«3»

0-4 ұпай

«2»






Оқушының аты жөні

Критерий бойынша ұпайлар

баға

1тап.

2тап.

3тап.

1









2










3











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет