Сабақ Жуу сұйықтықтарының түрлері және олардың қолданылу аймағы



Дата02.02.2022
өлшемі197,89 Kb.
#117064
түріСабақ
Байланысты:
2. Жуу сұйықтықтарының параметрлері


Сабақ 4. Жуу сұйықтықтарының түрлері және олардың қолданылу аймағы
Жоспар:

  1. Жуу сұйықтарының негізгі параметрлері

  2. Химиялық реагенттер

  3. Жуу сұйықтығының параметрлерін өлшейтін аспаптар:




  1. Жуу сұйықтарының негізгі параметрлері

Жуу сұйықтарының ұңғы бұрғылау процесіне әсері, олардың негізгі қасиеттері арқылы анықталады. Оларға тығыздығы, сыбағалы, салмағы, тұтқырлығы, ығысудың статикалық кернеуі, коллоидтығы, су беруі, құм мөлшері және тәуліктің тұнбасы жатады. Сондықтан, балшық ерітінділерінің барлық сапа параметрлерін, оларды дайындау кезінде және ұңғыманы бұрғылау уақытында өлшеп, тексеріп тұру қажет.

  1. Химиялық реагенттер

Егер балшық ерітіндісі сапасы нашар балшықтан немесе сумен дайындалған болса, оның сапасын ретке келтіру үшін, оларды химиялық реагенттермен өңдейді. Химиялық реагенттермен ерітінділерді өңдеудің екі әдісі бар. Бірншісі жаңадан жасалған ерітінділерді бірден өңдеу, ал екіншісі бұрын пайдаланған ерітінділердің параметрлерін түзету үшін оларды қайталап өңдеу. Химиялық реагенттер ретінде электролиттер мен коллоидтар қолданылады

Жуу сұйықтықтары және олардың қолдану жағдайлары

Әр-түрлі жағдайлардағы ұңғымаларды бұрғылау барысында жуу сұйықтықтары келесідей талаптарға сәйкес келулері керек:


  1. Ұңғыманы тау жынысының ұнтақтарынан жақсы тазалау

  2. ЖТА сууын қамтамасыз ету

  3. Ұңғыманың қабырғаларының құламауын қамтамасыз ету

  4. Қабат аралық сұйықтықтардың араласып кетпеуін немесе мұнай және суға бұрғылағанда олардың атқылауының алдын алу

  5. Жынысөзектің сапалы шығуын қамтамасыз ету, яғни оны шайып кетпеу, ерітіп жібермеу және ластамау

  6. Физика-химиялық әсер ету арқылы тау жыныстарының талқандалуын жеңілдету: еріту, сұйықтықтың ағысы арқылы

  7. Айналымның тоқтауы кезінде ұнтақталған жыныстарды ұстап тұру

  8. Жер бетінде құрамындағы ұнтақталған жыныстардан оңай тазартылу

  9. Тұздардың химиялық әсері кезінде, ерігіш жыныстар кезінде, минералданған сулардан, жоғарғы және төменгі температуралардан өтуде немесе ұңғымада туындайтын қысымның әсерінен өзінің бастапқы қалпын сақтау

  10. Майлау және дірілге қарсы қасиеттерге ие болу

  11. Бұрғылау сорғышымен оңай жұмысқа келтірілу, тотты болдырмау, бұрғылау сорғыштарының негізгі бөлшектерін және бұрғылау снарядын абразивті желінуден сақтау

  12. Ұңғымада геофизикалық тексерістерді жүргізуді қамтамасыз ету

  13. Арзан әрі қол жетімді болуы тиіс

Жоғарыда аталып кеткен талаптардың кейбірі бір-біріне өзіндік кері әсерлерін туғызады. Сондықтан әмбебап жуу сұйықтықтары жоқ. Жуу сұйықтығын таңдауда бұрғылаудың нақты геологиялық-техникалық жағдайы ескеріледі.

Тәжірибеде жуу сұйықтығының негізгі материалы ретінде техникалық су, тұз ерітінділері, балшықты, борлы ерітінділер және газды ерітінділер қолданылады.




  1. Жуу сұйықтығының параметрлерін өлшейтін аспаптар:

АГ-2 ареометрі - бұрғылау және де басқа ерітінділердің тығыздығын анықтауға арналған құрылғы.

1-сурет. АГ-2 ареометрі.

а — сыртқы түрі;

б — өлшеу кезінде:

1 — сауыт;

2 — салмақ;

3 — шкалалы қалқыма;

4 — қосқыш штифт;

5 — шелек.


ОМ-2 тұндырғышы – балшық ерітіндісінің құрамындағы құм мөлшерін анықтауға қолданылады.

2-сурет. ОМ-2 тұңдырғышы.

1 — сауыт; 2 — мензурка; 3 — қақпақ.



ВМ-6М – балшық ерітіндісінің су бергіштік қасиетін анықтауға қолданылады, сонымен қатар мұнай мен газ ұңғымаларында қолданылады. Балшық ерітіндісінің су бергіштік қасиетін өлшеу барысында оның фильтірдағы балшық қабыршығының қалыңдығын анықтауға болады.

3-сурет. ВМ-6 приборы.

1 — шкаласы бар салмақ; 2 — қысым цилиндрі; 3 — плунжер; 4 — цилиндр тәрізді тұлға; 5 — сүзбе сауыт; 6 — түп; 7 — тор; 8 — кронштейн мен тақта темір; 9 — винт; 10 — реттегіш ине.

ЦС-2 Тұрақтылық Балшық ерітіндісінің тұрақтылығын анықтау бұрғылау ұнтақтарын тұндырмай, бір қалыпты қалқыған күйде тұра алатындығын білу үшін керек.

4-сурет. Тұрақтылық цилиндрлері.


ВБР-2 вискозиметрі – бұрғылау ерітіндісінің тұтқырлығын анықтауға және де мұнай, газ және басқада ұңғымалардың бұрғылау ерітіндісінің тұтқырлығын анықтауға қолданылады.
5-сурет. СПВ-5 вискозиметрі.

1—воронка;

2 — сапты аяқ;

3 — торлықақпақ.
Қалыпты жағдайда балшық ерітіндісінің параметрлері мынадай мөлшерде болған жөн;

а) тұтқырлығы 21сек

ә) тығыздығы 1,2г/см3

б) құм мөлшері 4 %

в) 30 минут ішінде су беруі 25 см3

г) коллоидтылығы 96 %

д) тәуліктік тұнбасы 4 %

ж) балшық қабыршағының қалыңдығы 3мм



з) ығысудың статикалық кернеуі 2Па
Бақылау сұрақтары:
1. Жуу сұйықтықтарының параметрлерін атап шық?
2. Тұтқырлық қасиет дегенді қалай түсінесің?
3. ЖС тығыздығын немен өлшейміз?
4. АБР-1 аспабы қалай жұмыс жасайды?
5. Тұтқалы өлшегішпен АБР-1 айырмашылығы неде?
6. ВБР-1 аспабының жұмыс істеу принципі қалай ?
7. ВМ-6 аспабының мақсаты неде?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет