Сабақ: К.Табей «Ол ақын болар ма еді?»
|
Мектеп: О.Шонаев атындағы орта мектеп
|
Күні: 14.12.2015
|
Мұғалім есімі: Абилтаева Алия
|
Сынып: 3 «б»
|
Қатысқандар:25
|
Қатыспағандар саны:1
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен, қазақтың қайсар ұлы Қайратты халқымыздың ұлтжанды батыры ретінде біледі.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Қазақ елінің бастан кешкен қиындықтарын мәңгі есте сақтайды.
|
Кейбір оқушылар: Желтоқсан оқиғасының бүгінгі ұрпаққа не беретінін айта алады.
|
Тілдік мақсат
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
-Қайрат туралы не айта аласыңдар?
-Олардың ерліктері неге ұмытылмайды деп ойлайсың?
-Олар қандай ерлік жасады, не үшін күресті деп ойлайсың?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
1. ЭССЕ “Егерде мен .......”
2. Кейіпкерге хат
3. Венн диаграммасы
4. «Ұйқасын тап»
|
Алдыңғы оқу
|
Ту тіккен Рақымжан
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Оқу үшін бағалау
|
Басталуы
|
1
2
3
|
Психологиялық ахуал:
Бізге ашық күн керек
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен күн
Аспанға қарап ай көрдім
Жерге қарап күн көрдім
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдім.
Топқа бөлу: Өтілген тақырып бойынша үзінділер беріп, сол үзінді қай мәтіннен екенін тауып топтарға бөліну.
«Бір айналымды сөйлесу» әдісі арқылы әр топ осы әңгімедегі негізгі идея неде жатырғанын бір сөйлемнен ойын жинақтап айтады.
Ел аузынан «Халық қорғаны»
Зейін Шашкин «Азаттық жолында»
Бейімбет Майлин «Күлпаш»
Кәкімжан Қазыбаев «Ту тіккен Рақымжан»
|
Медаль-Миссия
|
Ортасы
|
3
3
5
6
6
6
|
Бейнесөз: «Тәуелсиздік»
-Тәуелсіздік дегенді қалай түсінеміз?
-Осы айда кандай мереке болды?
-Қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?
-Осы тәуелсіздік туралы акын апаларымыз, ағаларымыз көп жырлап, ангіме, кітап жазған. Сол желтоқсан оқиғасы жөнінде бейнежазбаны тамашалайық: «Желтоқсан желі»
-Не көрдік, не жөнінде?
-Желтоқсан уақиғасына кімдер қатысты?
-Ендеше бейнежазбаны тамашалайық: «Қайсар рухты Қайрат»
-Ия, балалар біз ненің куәсі болдық?
-Қайрат қандай болған?
Оқулықпен жұмыс:
Төрт топқа мәтінді бөліп берем. Әр топ оздеріне берілген мәтінді тізбектей әр топтан оқып шығады. Сосын топ ішінде бір-біріне түсіндіріп талқылайды. Талқылап болғаннан кейін топ болып түсінік береді.
-Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?
«Ойлан-бірік-талқыла» (топпен , жеке жұмыс)
1. ЭССЕ “Егерде мен .......” (Егер осы оқиға қазіргі таңда болса, не істер едім?)
2. Кейіпкерге хат (Қайратқа хат жазу)
3. Венн диаграммасы (Ұлы отан соғысы мен желтоқсан уақиғасын салыстыру)
4. «Ұйқасын тап»
Тәуелсіздік ------------------,
---------------------көркейсін.
Бейбітшілік ------------------,
-----------------------орнасын.
«Конверт сұрақ»
1. -Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл болады? (24 жыл)
-Неге 16 желтоқсан тәуелсіздік күні деп аталған?
-Жастар қандай мақсатпен көтеріліске шықты?
2. -Қайрат тірі болса кім болар еді?
- Қайрат әскерден оралған соң қайда оқуға бармақшы болды? (Өнер ұяларының біріне)
- Қайраттың әкесі мен анасының аты кім?(Әкесі Ноғайбай, анасы Дәметкен)
3. – «Күнәдан таза басым бар жиырма бірде жасым бар...) осы өлең жолдарын Қайраттың қандай көңіл күйде болғанын білдіреді?(Пешенесіне жазылған азғана ғұмыры туралы, Қайраттың өмірге деген құштарлығы, жүрегінің соңғы лүпілі туралы айтылған)
-Қайрат абақтыдағы күнделігіне не деп жазған? (Арман қудың ба, алдыңа қара, артына алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те кешіп өт)
-Қайраттың былай деп қалдырған өсиетінің себебі не?(Сірә қамшының сабындай қысқа ғұмырындағы көрген — білгендері көңіліне түйгені болар)
4. -Қайрат Рысқұлбеков қазақ халқына өз есімін қалай қалдырды? (Халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадына мәңгілік жазып кетті)
-Қазақ елі өз тәуелсіздігін алып қасиетті көк туымыз асқақтап желбіреген кездегі бір өкініш не? (Ол — азаттық үшін жан аямай алысқан сол боздақтардың бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы)
-«Ер есімі — ел есінде» дегенді қалай түсінесің? (Өткен өмірдегі адамдарымыздың істеген ерлік істері мәңгі халық есінде сақталады)
|
Медаль-Миссия
|
Аяқталуы
|
1
|
Үйге тапсырма: «Ер есімі-ел есінде» атты тақырыпта әңгіме жазып келу.
Кері байланыс: «Тілек ағашы» оқушылар сабақта алған әсерлерін стикерге жазып ағашқа жабыстырады.
Бағалау: Топ мүшелері өз тобының әрқайсысы қандай балл жинағанын айтып шығады. Экраннан әр жинаған ұпай бойынша нәтижесі көрсетіледі.
|
|
Қосымша ақпарат Электрондық оқулық, ғаламтор материалдары т.б
|
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілетті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
«Конверт сұрақ»
|
Бағалау
|
Жиынтық бағалау:
Оқушының аты
|
«Бір айна-лымды сөйлесу»
|
Бейнесөз
|
Видео «Желтоқсан желі»
|
Видео «Қайсар рухты Қайрат»
|
Ойлан-бірік-талқыла
|
Оқулықпен жұмыс:
|
«Конверт сұрақ»
|
ұпай
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 ұпай – толық жауап беріп, белсенділік танытты
2 ұпай – жауабы нақты емес, белсенділік танытты
1 ұпай – дұрыс жауап бермеді, белсенділік танытты
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ мен байланыс.
Құндылықтардағы байланыс
|
Топ ережесін сақтау, топ ішіндегі өзара сыйластықта болу.
Электронды оқулық, ғаламтор материалдары
|
Рефлексия
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
|
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда оқуды ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуда оқуды ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім?
|