Кабельдің зақымдалу жерін анықтау әдістері Кабельдің зақымдалу жерін анықтаудың қазіргі бар әдістер қатыстық және абсолюттік болып бөлінеді. Біріншілері, зақымдалу жеріне дейінгі арақашықтықты анықтауға мүмкіндік береді, екіншілері-тікелей трассада зақымдалу жерін орнатуға мүмкіндік береді.
Индукциондық әдіс. Кабельдің үстінен магниттік өрісті ұстау принципінде негіздеоген, кабель арқылы дыбыстық жиілігі бар ток өткізіледі. Бұл әдісті барлық жағдайларда, кабель жилалары арасындағы зақымдалу жерінде кішігірім өтпелі кедергіні алу сәті түскенде қолданады. Индукциондық әдісті қолдану кезінде кабель бойымен дыбыстық жиілігі бар генератордан токты өткізеді. (800-3000Гц). Электрлік кабель айналасында магниттік өріс пайда болады, оның шамасы ток күші шамасына пропорционал.Жердің бетінде кабельдік желі үстінде күшейткіштің қабылдау рамкасы немесе басты телефон көмегімен кабель жилалары бойымен токтың өту жолында таралатын дыбысталуды тыңдауға болады. Индукциондық әдіспен кабельдік желінің зақымдалған жерін, трассада,муфталардың орналасу жерін, электрлік кабельді орнату тереңділігін анықтауға болады.
Жилалар арасында тұйықталулар болған кезде кабельдік желінің зақымдалу жерін келесідей табады: жоғары жиілікті генератордан кабельдің екі зақымдалған жиласына 5-20А ток беріледі. Трасса бойымен рамкамен, күшейткішпен және басты телефондармен жүріп өтеді, олар арқылы рамкадағы және күшейтілген ЭҚК сипатталған дыбысталуы тыңдалады. Бұл дыбыс зақымдалу жеріне дейін бүкіл кабель учаскесіне естіледі. Зақымдалу жерінің үстінен, ток бір жиладан екінші жилаға өткен жерінде, электромагниттік өріс күшейтіледі, телефондағы дыбыс айқын жоғарлайды, одан кейін зақымдау жерінен 0,5 м арақашықтығында басылады.
Кабельдік муфта бар жерлерде естілу интервалының ұзындығы бұзылады және кабельдік муфта корпусындағы жилалардың ажырап таралу есебінен дыбыстың шұғыл күшеюі естіледі. Дәл осы трассадағы муфталардың орналасу жерін анықтау үшін қолданылады.