Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “№9 білім беретін мектеп” КММ
Анықтама “Сабақ кестесі, күнтізбелік жоспарлар мен сабақ ресурстарының “EDUS Электронды мектеп” платформасы арқылы электрондық журналға енгізу жайы”
Дайындаған: ОІМ Сатыбалдыев А. Б.
2021-2022 оқу жылы “Сабақ кестесі, күнтізбелік жоспарлар мен сабақ ресурстарының “EDUS Электронды мектеп” платформасы арқылы электрондық журналға енгізу жайы” Мақсаты: Электрондық журнал мен электрондық күнделікті толтыру және оқушылардың білімін электронды түрде тексеру – бүгінгі педагогтың күнделікті жұмысына айналдыру.
Уақыты: Қыркүйек айы.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Мұндай жағдайда педагогтердің қашықтықтан біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сапалы білім – қай ғасырда да жоғарғы құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесінің енгізілуіне байланысты педагогтердің коммуникациялық мәдениеті өз алдына бір тақырып болмақ. Интернет технологияларының дамуына сәйкес, электрондық оқыту жүйесінің платформаларымен жұмыс жасауда педагогтердің әлі де болса жұмыс жасау деңгейі қалыпты деуге болады.
2021/2022 оқу жылында №9 жалпы білім беретін мектептің электронды журналының жүргізілуі туралы анықтамамда төмендегідей баяндаймын:
Оқу жылын 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастадық. Осы оқу жылында Жаңартылған білі мазмұны бағдарламасы бойынша білім алуға барлық сыныптар көшті.
Жалпы мектебімізде 5-11 сыныптар арасындағы сыныптар саны – 33. Атап айтар болсам 5 сыныптар – 7, 6 сыныптар – 7, 7 сыныптар – 6, 8 сыныптар – 5, 9 сыныптар – 4, 10 сыныптар – 2, 11 сыныптар – 2.
Мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, қыркүйек айының оқу кезеңінде 5-11 сыныптардағы электронды журналдың толтырылу жайы тексерілді.
5-11 сынып оқушыларына 76 мұғалім сабақ береді. Бағдарлама бойынша сыныптардың оқу жүктемесі аптасына төмендегідей:
5 сыныптарда – 29 сағат
6 сыныптарда – 29 сағат
7 сыныптарда – 32 сағат
8 сыныптарда – 33 сағат
9 сыныптарда – 35 сағат
10 А сыныбында – 30 сағат
10 Ә сыныбында – 34 сағат
11 А сыныбында – 29 сағат
11 Ә сыныбында – 28 сағат
Жоғарыда аталған сыныптардың апталық оқу жүктемесі бойынша оқу жылының қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1999 жылғы 20 қазандағы № 03-04-07-2600 нұсқаулық хаты сабақ кестесі жасақталып, электронды журналға мұғалімдердің сабақ кестелері енгізілді. Электронды журналда енгізілген сабақ кестесіне сәйкес, мұғалімдердің толық тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары құйылды.
Оқу сабақтарының кестесі педагог қызметкерлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларды уақтылы және сапалы орындауы оған байланысты болатын оқу орнының оқу-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруды жоспарлаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Қорыта айтқанда,
Mektep.edu-ге пән мұғалімдері күнтізбелік-жоспарларын салу қарқыны нашар
пән мұғалімдері күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақтарын тағайындаған
Ұсыныс: 5-11 сыныптардағы электронды журналдарды толтыру жайы туралы “қанағаттанарлық” деп бағалансын.
Mektep.edu сайтындағы эклектрондық жоспарлар қыркүйек айының 20-сына дейін толық құйылсын.
Mektep.edu сайтындағы электрондық журнал уақытында толтырылсын.