Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 5 оқу аптасынан және сынақ аптасынан тұрады



бет12/25
Дата05.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#21483
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
1. Маркетингтік коммуникация кешені.

  1. Маркетингтік коммуникация кешенінің құрлымы.

  2. Маркетингтік коммуникация кешеніндегі жарнама.

  3. Жарнама функциялары.



Дәріс №2. Туризм индустриясындағы жарнама.
1. Туристік жарнама ерекшеліктері.
2. Жарнама түрлері.
3. Жарнамалық кампания.

1-сұрақ. Қазіргі туризмді жарнамасыз елестету мүмкін емес. Себебі ол туристік компанияның клиенттеріне ақпараттарды жеткізудің, көрсететін қызметтеріне оларды таратудың ең қолайлы құралы болып табылады. Сондықтан тиімді жарнамалық қызмет маркетингтік стратегияның мақсаттарына және коммуникация стратегиясына жетудің маңызды құралы болып табылады.


Туризм саласындағы жарнаманың ерекшеліктері келесідей:
1. тура емес сипатының болуы. Коммуникациялық сигнал потенциалды клиенттерге фирма қызметкерлері арқылы емес, әртүрлі делдалдар арқылы ақпарттар жеткізіледі (бұқаралық ақпарат құралдары, проспекттер, каталогтар, афиша және т.б.)
2. Біржақты бағыттылық. Жарнама тек жарнама берушіден адрессетқа ғана бағытталады.
Дәріс 3 Жарнамалық зерттеулер және жарнаманың мақсатын анықтау.



  1. Жарнамалық қызметті ақпараттық қамту.

  2. Жарнамалық зерттеулердің мәні.

  3. Жарнамалық зерттеулердің бағыттары.

  4. Жарнама мақсаттарын анықтау.



1) Туристік кәсіпорынның жарнамалық қызметті белгісіздік пен тәуекелдің дәрежесін ескеретін әдістерді пайдаланумен байланысты.
Жарнаманы ақпараттық қамту туристік кәсіпорынның маркетигтік ақпараттарының жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі б.т. Жарнамалық қызметте ақпараттарды қалыптастыру және қолданудың келесідей негізгі принциптері бар:

  • Өзектілік; ақпараттардың әр кезеңде жарнамалық қызметтегі жағдайын нақты сипаттайды.

  • Доставерность;объективті жағдай мен оның дамуының жүзеге асырылуына негізделеді.

  • Релеванттілік; қалыптасқан талаптарға сай мәліметтерді алуға және қажет емес мәліметтермен жұмыс істемеуге мүмкіндік береді.

  • Бейнесінің толықтығы туристік кәсіпорынның жарнамалық қызметін қалыптастыратын немесе олардың жағдайы мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды есепке алу үшін қ..т.

  • Мақсатты бағыттылық мәліметтерді нақты мақсаттар мен міндертерге бағыттайды.

  • Келісімділік және ақпараттық бірлік теріс қортындылардың мүмкіндігін болдырмайтын ақпараттар жүйесін жасауды талап етеді.

Ақпарат жарнаманы басқаруды қамтамасыз ету үшін қажут, ол келесі түрлерге бөлінеді:

  • Ішкі фирмалық;

  • Сыртқы;

  • Бастапқы.

Ішкі фирмалық ағымдағы ақпарат,туристік кәсіпорын,оның бөлімшелері мен қызметкерлері негізгі көзі болатын мәліметтерді біріктіреді,оны кейде ішкі есеп беру жүйесі деп аталады.
Ішкі фирмалық ақпарат көздерінің ішінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді бөліп көрсету қажет: ағымдағы өткізу көрсеткіштері туралы мәліметтері, шығындар көлемі мен алынатын табыстар туралы мәліметтер, бұрын өткізген зерттеулер материалдары.
Мұндай ақпарат оперативті сипатқа ие бола отырып, жетекшілер мен мамандарға жарнаманы басқару бойынша шешім қабылдауды жеңілдетеді.
Сыртқы ағымдағы ақпарат туристік кәсіпорынның сыртқы маркетингтік ортада болып жатырған жағдайлар туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін көздердің кешенін білдіреді .Мұндай ақпараттардың негізгі көздеріне жататындар:

  • Статистикалық баспа; - заңды және нормативті актілер;

  • Анықтамалар; - кітаптар, оқу құралдары ;

  • Бұқаралық ақпараттық құралдары; - бәсекелестердің жарнамалық қызметі;

  • Мамандандырылған көрмелер мен жәрмеңкелер;

  • Жеке каммуникация каналдары: - коммерциялық банктер мен мәліметтер базасы.

Ақпараттардың сыртқы көздері өте көп,сондықтан кәсіпорын мүддесіне қажет барлық мәліметтерді жинау мүмкін емес.Мүндай жағдайда ақпараттық мәліметтерді тарату Парето эффектісіне бағынады, яғни ақпараттың 80% , 20% ақы көздерінде болады. Сәйкесінше ақы көздерінің ішінен ең бағалысын таңдау керек. Ал бұл өз кезегінде екі рет бағалауды талап етеді – яғни ақы көздері мен ондағы мәліметтерді бағалауды қажет етеді.
Фирмаішілік және ағымдағы ақпараттардың сипаты мен көлемі тиімді жарнамалық қызметті ұйымдастыру үшін жеткіліксіз б.т. Осыған байланысты жарнамалық қызметтің нақты проблемаларын шешуге бағытталған, маркетингтік зерттеу процесінде қалыптасатын бастапқы ақпараттарды жинау фирма үшін маңызды.


2) Туристік кәсіпорынның жарнамалық қызметінің бірінші кезеңінде болатын жарнамалық зерттеулер маркетингтік зерттеудің бір түрі б.т. Coндай-ақ осы бағыттағы зерттеулер жалпы жүйе паралелді жүзеге асады.
Жарнамалық зерттеудің 5 міндетті кезеңі болады:
1-ші. Жарнамалық зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтау;
2-ші. Ақпарат көздерін іріктеу.
3-ші. Ақпарат жинау;
4-ші. Жиналған ақпараттарды талдау.
5-ші. Зерттеу нәтижелерін анықтау.
Жарнамалық зерттеудің негізгі _______ маңызды кезеңі мақсаттар мен міндеттерді анықтау б.т. Олар туристік кәсіпорынның жарнамалық қызметі үшін өзекті проблеманың ерекшелігіне байланысты анықталады.
Белгіленген мақсаттар мен міндеттер негізінде ақпарат көздерін іріктеу жүзеге асырылады. Ақпарат көздерін іріктеудің негізгі принципі қажетті ішкі фирмалық , Сыртқы және бастапқы ақпараттарды тез және тиімді жеткізу б.т.
Ақпараттарды жинау келесі бағыттар бойынша жүреді:

Жиналған ақпараттарды талдау әртүрлі тәсілдер мен әдістер көмегімен оларды зерттеу, өңдеуді үйғарады.
Зерттеу нәтижелерін ұсыну ұсыныстар мен қортындыларды жасауды ұйғарады.Олар туристік кәсіпорынның жарнамалық қызметінің қойған мақсаттарын шешуге бағытталған, талдау нәтижесінен шығатын болуы керек.


3) Жарнамалық зерттеудің негізгі бағыттары келесідей.

Жарнамалық зерттеулер




Алдынғы жар – намалық қыз – мет нәтижесін талдау.

Туристік қызм.
Көрсету тұтыну шыларын зерттеу.




Туристік өнімді зерттеу.




Туристік нарықты талдау.




Жарнамалық қыз.көрсету нарығын бағалау.

Туристік кәсіпорынның алдыңғы жарнамалық қызмет нәтижелерін талдау.


Жарнаманның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Тұтынушығы тиетін жарнаманның ықпалының тиімділігі бағаланады; сонымен бірге оның негізгі параметрлері мен сипаттамалары бағаланады: мерзімі,түрі,мазмұны,таратылу құралдары және т.б. Бұл қателіктерді қайталамай, оң тәжірибиені бекітуге мүмкіндік береді.
Туристік қызмет көрсетудің тұтынушыларын зерттеу негізгі мақсаты туристердің экономикалық, әлеуметтік және психологиялық сипаттарын ескере отырып жарнаманы бағыттаған потенциалды топтарын анықта. Бұл үндеудің оңтайлы құралы мен уақытын таңдауға мүмкіндік бере отырып, жарнама шығынын төмендетеді және жарнаманың тиімділігін көтереді.
Туристік өнімді зерттеу өнімнің потенциалды клиентердің көңілін аудартатын ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтауға бағытталған. Басқа да тұтынушылық тауарлар мен экскурсияларға деген мода да өзгеріп отыратындығын ескерген жөн. Сондықтан туристік өнімнің тұтынушылық қасиетін зерттегенде оның тартымды жақтарын іздеу керек.
Позициялау әдісін пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.Яғни бәсекелестерөнімінен ерекшелейтін,тұтынушылардың алдында маңызды орын алатын өнім имиджін қалыптастыруға бағытталады. Позициялау «Клиент үшін өнімнің құндылығы қандай?» деген сұрақа жауап беру керек.
Позициялауға бірнеше альтернативті бағыты болады:

Туристік нарықты талдау. Туристік қызмет көрсетуді өткізудің потенциалды көлемін бағалауды ұйғарады. Көбіне бұл мақсат үшін өткен жылдардағы сату туралы есепті мәліметтер қолданылады. Мұндай талдау туристік қызметті пайдаланатын потенциалды тұтынушылар қайда екендігін анықтауға және әртүрлі нарық пен нарық сигменттері бойынша жарнаманы тарату мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Жарнамалық қызмет көрсету нарығын бағалау жарнамалық ақпараттар,жарнамалық қызмет бағасы туралы мәліметтерді жинау және жүйелендіруді ұйғарады.Бұл ақпарат туристік кәсіпорынның жарнамалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін, жарнаманы тарату құралын, жаранма агенттігін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


4) Жарнама мақсаттары туристік кәсіпорындағы маркетингтің жалпы стратегиясы мен оның каммуникациялы стратегиясымен анықталады.
Мүмкін болар мақсаттарды екі үлкен топқа бөлуге болады:

  1. ші. Туристік қызметті тұтынатын тұтынушыны syталандыратын немесе сату көлемінің өсуыне әкелетін өнімді өткізу саласындағы мақсаттар.

  2. ші. Ұзақ мерзімді кезеңде сату көлемінің өсуыне мүмкіндік беретін кәсіпорынның имиджін қалыптастыруға, белгілі бір идея беруге бағытталған каммуникация саласындағы мақсаттар.

Жарнаманың мақсаттары жарнамалық үндеудің сипаты мен ерекшеленетінін анықтайды. Ақпараттандыру жарнамасының мақсаты фирманың имиджін өнім имиджін қалыптастыру
өнім туралы ақпарат беру.
Сендіру жарнамасының мақсаты: өнімге деген көзкарасты өзгерту, өнімді сатып алуға syталандыру,сатудың көлемін көтеру, бәсекелестерге қарсы тұру.
Еске салу жарнамасының мақсаты им

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет