Ана тілі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
1-сынып.
Сабақтың мақсаты:
|
1. Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау , еске түсіру;
2. Дұрыс сұрақ қоя білуге, сөйлем ішінен таба білуге дағдыландыру.
3. Өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.
|
Күтілетін нәтижелер:
|
1.Заттың атын білдіретін сөздерді ажырата, сұрақ қою біледі.
2.Өз ойын жеткізе білуге,сөйлемді дұрыс құруға үйренеді.
3.Өз ойынан әңгіме құрастырып, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.
|
Әдіс- тәсілдер:
|
Жеке, топтық, сұрақ-жауап.
|
Көрнекілігі:
|
Интербелсеңді тақта, дәптер, тапсырмалар, суреттер.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері:
|
Мұғалім әрекеті.
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Топқа бөлу.
2.Үй тап. бекіту
|
Орнымыздан тұрайық,
Амандасып алайық.
Ұқыпты тыңдап сабақты,
Жақсы баға алайық.
Мамандықтар бойынша, заттар атауы бойынша топқа бөлу.
1 топ кім? Кімдер? 2 топ не? Нелер?
Сұрақ- жауап арқылы
|
3. Ой қозғау.
Галереяға саяхат: әдісі
Ұжымдық жұмыс.
|
Суреттерге сұрақ қояды, сөйлем құрастырып айтады. (слайд 1)
|
4.Негізгі бөлім.
1 тапсырма: топтық жұмыс.
|
Терме диктант.
1 топ: Мына сөздердің ішінен кім? кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу, сөйлем құрату.
әдемі, жүгірді,ұшқыш,аңшы,гүл,терезе,суретшілер,әншілер,
сылақшы,биік.
2 топ: Мына сөздердің ішінен не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу, сөйлем құрату.
Алмұрт, күлді, үй, ертең, ағаш,аспаз, қойшы,есек, тырна, ұзын. (бір-бірін тексеру) (слайд 2)
|
2 тапсырма.Деңгейлік
тапсырмалар.
( Жеке жұмыс.)
|
1 топ: І деңгей – Сәйкестендір: гүл тәтті
алма хош иісті
Айман қызықты
кітап ақылды
ІІ деңгей – Артық сөзді тап астын сыз: Айман,сауыншы,сылақшы,боран, күйші.
Дәрігер, көмір, Асқар,шахтер,оқушылар.
Бишілер, Майра, көбелек, жүргізуші, суретшілер.
ІІІ деңгей – Сөздерден сөйлем құрап жаз кім? кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерді сыз: Болат, оқиды, жақсы, сабақты. Тұрды, Еркін,ерте. Футбол, ойнауға,жиналды, балалар.
(оқушы тақтада орындайды) (слайд 3)
2 топ: І деңгей – Сәйкестендір: қасқыр әсем қала
Мұғалім бақшада өседі
Астана сабақ берді
Сәбіз шыртқыш аң
ІІ деңгей – Артық сөзді тап астын сыз:
Ара, кебеже, ұшқыш, сызғыш, койлек.
Балға, сиыр, жүргізуші, кесе, жолбарыс.
Қайың, шегіртке, қарбыз, киік, құрылысшы
ІІІ деңгей Сөздерден сөйлем құрап жаз не? нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді сыз: Тоңбайды, суыққа, қоян.
Пайдалы, қияр, денсаулыққа.Түрлі, тігіледі,матадан,киімдер.
|
Сергіту сәті.
|
Көжегім тұршы, Киіміңді киші
Бетіңді жушы. Мектепке қарай жүрші
Айнаға қарашы, Орныңа отыршы,
Шашыңды тарашы Сабағыңды оқышы.
|
4 тапсырма. Ойлан, тап.
Ойыны (Топтық
жұмыс)
«Мен саған, сен маған» әдісі: (жеке жұмыс)
|
Әр топқа бір әріп беріледі. Сол әріптен басталатын заттардың атын жазу керек.
1 топ: С әрпі
2 топ: П әрпі
Әр топтан бір оқушы шығады, заттың атын білдіретін үш сөз жазады, келесі оқушы сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. (тақтамен жұмыс ) слайд 4
|
5. Ой толғаныс кезеңі.
топтық жұмыс
6. Үйге тапсырма
7. Бағалау.
|
Эссе жазу.( берілген сөздер бойынша)
Мектеп,мұғалім
1топ: Жұмбақ жазып келу.
2 топ: Мақал- мәтелдер.
Өзін -өзі бағалау.
Мұғалімнің бағалауы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |