Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар 1



Дата17.11.2023
өлшемі166,09 Kb.
#191692
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие сағаты.7 сынып. Жол-көлік жарақатының алдын алу


Тақырыбы:  «Жол-көлік жарақатының алдын алу»


Мақсаты: Жол-көлік оқиғасының алдын алу және жарақаттануды азайту,мүгедектік және жол-көлік оқиғасынан болатын болжамды өлім деңгейін қысқарту . Жол ережесінің белгілерімен таныстыру. Көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.





Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

1

Ұйымдастыру кезеңі



1. Сәлемдесу
2. Кіріспе
Мұғалім: Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.




слайд

2

Жаңа сабақ
Жұмбақтарды шешу:

Жол белгілері


Өлең шумақтары

Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.

Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,


Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген.
Бұл ережені балалар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Қызыл
Сары
Жасыл


Мұғалім – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз


*Сақтандыру , ескерту белгісі :
*Тыйым салу белгісі:


Міндеттеу белгі


Ңұсқау белгісі


Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.



(Милиционер)

(Бағдаршам)

Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !

Жасыл көзін ашқанда ,


Өте бергін , жасқанба !
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз.

Қып – қызыл үшбұрыш,


Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан – жақты.

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,


Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,


Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Арманға алдан күткен асығамыз,


Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

1.Көшеде біз сақ болайық,


Қайғырмасын ата-ана.
Жолда сен бол лайықты,
Оқушылар атына.

2.Жолда жүру әліппесін,


Білгенің жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.

3.Шуақты күндеріміз күндей күліп,


Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

4. Қай көше, қай қалаға барсаңыз да


Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол – ортақ, үлкен-кіші, баршамызға!







3

Сабақты қорыту

Мұғалім:Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.
Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет