Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Сабақтың тақырыбы



бет1/2
Дата03.07.2018
өлшемі0,51 Mb.
#46234
түріСабақ
  1   2

р/с

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Сабақтың тақырыбы:

«Қар» С.Шаймерденов







Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға мәтінді түсініп оқыта отырып ,өздеріне қатты әсер еткен үзінділерді тапқызу

2.оқушылардың ой-өрісін,шығармашылығын дамыту

3. Оқушыларды өз елінің,жерінің табиғатың сүюге тәрбиелеу








Көрнекілік

С.Шаймерденовтың портреті,суреттер,магнитті тақта,А4,фломастер







Сабақ түрі:

Аралас сабақ







Сабақ әдісі:

Сын тұрғысынан ойлау,топтық жұмыс,сұрақ-жауап




1

Ұйымдастыру

*Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру

*1,2,3-ке санап топқа бөлу



Топқа бөлінді.

2

Үй тапсырмасы:

1.«Қызыл шұнақ» өленді жатқа айту.

2.Сұрақ-жауап:Өленнің авторы кім?Өленде жылдың қай мезгілі туралы айтылған? «Қызыл шұнақ аяз» деп қаңдай аязды айтамыз?



Сұраққа толық жауап берді.



3

Жаңа сабақ

-Ал жұмбақ шешіп көрелік

.жұмбақ шешу:






Қ

Ы

С




Қ

А

Р




Б

О

Р

А

Н

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тонады.

Ол не? (Қар)

-Сонымен жұмбақтың шешемі не?

-Қар қалай пайда болады?

-Балалар, «кар»сөзіне өздерін сөзжұмбақ құрастырыңдар

Кіріспе әңгіме.С.Шаймерденов туралы айту Сафуан Шаймерденов(15.4.1922 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылы — 23.2.2007, Алматы) — жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы (1995).


Жұмбақ шешіп жаңа тақырыпты анықтады.





Оқулықпен жұмыс:

-Мәтінді оқып беру

-Кезектесіп оқыту

-сұрақ-жауап:жазушы жауып тұрған қарды қалай бейнелеген?Қар жауған соң айнала қалай өзгерді?Жазушының «денені түршіктірер зәрі бар»дегенді қалай түсінесіңдер?Қай кезде қардан аққала,әр түрлі жан-жануарлардың мүсінін жасауға болады?


Оқушылар толық жауап береді






Топтық жұмыс:



Үш топқа тапсырма

1-топ:мәтіннен қар жауып тұрған кезді суреттейтін тұсты тауып оқы

2-топ:әңгімеден қар ұлпалары,қар жапалақтары тіркестеріне қатысты сөздерді тауып дәптеріңе жазып ал.

3-топ: Тұрар байқаған қысқы табиғат құбылысының суретін салып көр



Тапсырманы орындаған соң бір-бірін бағалады

4

Сергіту сәті:

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.



Сергіту сәтін орындап біраз демалады

5

Дәптермен жұмыс

1.Автордың қысқаша өмірбаянын жазады

2.1-топ:қысқы ойын түрлерін жаз

2-топ:қыстап қалатын құстарды жаз

3- топ:қысқы адам еңбегі






6

Қорытынды

Бүгін кімнің шығармасымен таныстық? Шығарманың қай үзіндісі сендерге қатты әсер етті?

Оқушылар күн жылы болған кезде қардан әр түрлі мүсіндер жасауға болатынын түсінді

7

Бағалау

Топтық жұмыстарын бағалау

Күнделіктеріне баға қойғызу

8

Үйге тапсырма

Әңгімені оқып.мазмұнын айту.Берілген сөз тіркестерін пайдаланып сөлем құру ( аппақ қар,қар басты,мұз қатты, мұз үсті тайғанақ)









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет