Сабақ: Киім құмарлық Мектеп: №10жом Күні: 25. 04. 2017



бет2/2
Дата27.07.2017
өлшемі159,47 Kb.
#22046
түріСабақ
1   2




13.10.2016 12:10

Бұрын атқа мінгенде, көшпелі өмір­де жүріп-тұруға ыңғайлы болсын деп шалбарды әлемге үйреткен біздің ата-бабамыз еді. Бүгінде соны шұрқ тесік, жыртық-жыртық қылып сән дейтін «сиқыр» өзімізге кигізіп қойды. Оған күнделікті қоғамда куә болып жүрміз. Жалбыраған жыртықтың арғы жағынан тізе мен санның «жылтыңдап» тұрғанын көргенде үлкендер жағы үрпие қарап, кейістіктерін жасырмайтын алға­шында. Бірақ оған көніп, сау-тамтығы жоқ шалбарды тастай салатын жастар жоқ. Қазір тіпті үйреншікті дағдыға айналып бара жатқандай.

Алдымен «сандырақ сәннің» тарихына көз салайық. Шалбардың негізі джинсы матасы алғаш алтын қазатындардың сүйікті киімі болған. ХІХ ғасырдың басында Калифорнияда алтын шығаты­н мекенге елдің назары қатты ауды. 1849 жылы Леви Страусс деген кәсіпкер бүкіл жұмысшыларын жинап, құнды металл қоры бар жерге аттанады. Кетерінде өздерімен бірге брезент матадан тігілген бірнеше шатырды алуды­ да ұмытпаған олар келе салып жұмысқа кіріседі. Уақытпен санаспай бағалы тастар шоғырланған жерді іздеу­мен болады. Дегенмен көп еңбектенген жұмысшылардың көйлектері мен шалбарлары шыдас бермей, тоза бастайды. Оны көрген Леви Страусс брезент маталардан тігілген шатырлардан қара жұмысқа төзімді шалбар шығаруға болатынын байқайды. Сөй­тіп алтын іздеушілердің арнайы киімдері пайда болып, шаруасын алтын іздеу­мен бастаған кәсіпкер аяғында шалбар тігетін цех ашады. Оған жұрт­шылықтың сұранысы өте жоғары болған. Кейін шикізат таусылған соң Леви шалбар тігуге арнайы мата іздейді. Күндердің күнінде ескі кемелерде таңулы­ тұрған ақ желкендерге көзі түсіп пайдаға жаратады. Оның сапасы да брезенттен кем түспейтін. Бірақ желкеннің түсі аппақ болғандықтан, кәсіпкер оны индиго өсімдігімен көк түске бояуды жөн санайды. Дайын бол­ған шалбарлар мықты болуы үшін қалталарын темір түймелермен бекіте­ді. Осылайша қара жұмысшылардың арнайы киімі болған джинсы шалбар алғаш субмәдениет өкілдері панктер­дің киімінің қатарына қосылған. Жыртық шалбарды сахна төріне киіп шыққан да осы панк-рокерлер деседі. Бертін келе сән әлемінде жыртық джинсы­ шалбарлар ойып тұрып орын ала бастайды.

Бұл «мода», әсіресе, жастарды магнитше тартады. Жыртықтың суық өткізбейтін қабаты бар ма әлде жазда «жел кіріп тұрсын» дей ме, бұл жағы беймәлім. Бізге белгілісі, құны қалта қағатындығына қарамастан бойжеткендердің жыртық шалбар тұтынуға құмарлығы. Тiлге  тиек  болып отырған жыртық  шалбарлар қала­мыздағы ірі сауда сөрелерінен көптеп табылады. Яғни тұтынушылар тарапы­нан тауарға сұраныс жоғары. Мәселен­, бүтін шалбарлардың бағасы 3500 бен 5500 теңгенің аралығын қамтыс­а, жыртық шалбарлардың құны 7000-8000 теңгеден жоғары. Мұны біз қаладағы ірілі-ұсақты сауда орын­дарына арнайы барып, көзбен көрген болатынбыз. Осы ерекше сәндегі шал­бар­  турасында жастар не дейді?



Ұ.Сламова, 18 жаста:

- Қазіргі заманға сай сән үлгісімен киінгенге  не  жетсін?! Сауда орын­дарынан  жыртылған  шалбарларды  7-8 мың теңгеге сатып аламын. Білемін, ол  үлкен  кісілерге  ерсі көрі­неді. Кейде  «ит  талаған  ба?» дегенд­і  де  естіп  қаласың. Бірақ  жеке өзіме  ерекше  ұнайды.­

С.Болатқызы, 21 жаста:

- Жұмыстан тыс, демалуға шыққан кездері, қыдырғанда кие салуға таптырмайды. Дегенмен, жыртығы аса қатты  емес, сәл-пәл сөгіліп тұратын шалбарлар болады ғой. Міне, соларды кигенді қолай көремін өз басым. Ал сәннің бұл түріне айтылатын сынды жақсы қабылдаймын. Әрбір жаңа нәрсе бастапқыда көпшілікке оғаш көрінгендіктен талқыға­ көп түседі. Сондықтан оған мән бермей, көңілім хош көрген нәрсені таңдаудан  қорықпаймын.

А.Әбуұлы,  23  жаста:

- Жыртық шалбар киетін қыздарға таңғаламын осы. Маған мүлдем ұнамайды. Кездесіп жүрген қызыма да айт­қанмын, «дені сау көйлек, шалбар киіп жүр» деп. Қалыңдығым шұрқ тесік киіммен жүрсе, жанымдағы достарымнан, ертеңгі күні әке-шешемнен де ұят емес пе? Сондықтан үзілді-кесілді қарсымын.

К.Қайрақбаев, 24 жаста:

- Жалпы, киімді адам не үшін киеді? Әрине, денені ашып-шашпай, жасырып тұру үшін. Ал жыртық киімнен не пайда? Қазір «мода» қуып, бүтін киімнен қашатындарды түсінбеймін. Меніңше, қанша жерден талғамы биік болса да, жыртық шалбардың түкке қажеті жоқ деп ойлаймын.

Мінеки, арулар аталмыш сәнге  жақын  болғанымен, ер-азаматтар  жағы  мұны қолдамайтын  секілді.



 


дүкен құмарлық; киім құмарлық (дүкен­дерді ара­лап, қажеттілігіне қара­мас­тан бірдеңені са­тып алуға құмар­лық)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет