Технологиялық талаптар.
Мұғалім өзі сабақберетін сыныбындағы оқушылардың ойлау қабілетін,
есте сақтауын, айтып жеткізуін, сабаққа ынта, көңіл қоюын, ерік-жігерін, т.б. психологиялық қабілеттерін біліп, ескеруі қажет. Оқушы мен мұғалімнің психикалық жағдайы сабақ үрдесіне ерекше әсерін тигізеді.
Мұғалімнің көңіл-күйі, жинақтылығы, жүріс-тұрысы оқушыларға беріліп,оқу еңбегінің дұрыс немесе бұрыс болуына тікелей әсер етеді.
Сондықтан мұғалім өз бойындағы әр түрлі психикалық, эмоцялық көңіл-күйлеріне ерік бермей, өзін тежеп ұстауы қажет. Оқушылардың жеке басын танып, зеріттеу арқылы сабақ үстінде оларды мадақтап, қолдап, көмек беріп және сол сияқты сабаққа үнемі қатысып отыруын ескеру мұғалімнің назарынан тыс қалмауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |