Ашық сабақ
Күні: 18.11
Сыныбы: 6 «в»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт
«Қорқыт ата кітабы», «Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өткен тақырыптарды қайталай отырып, ұлы ғұлама Қорқыттың өмірінен алған білімдерін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге баулу.
Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жырды меңгерту.
Дамытушылық: өз ойын жүйелі жеткізуге, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, « Қазақтың асыл мұрасына жататын ғұламаның өсиет сөздерімен таныстыру.
Тәрбиелік: өнерді сүюге, бағалай білуге баулу, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Ойқозғау, баяндау, топтастыру, ұжымдық, жеке жұмыстар, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, күй тыңдау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: : интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, сабақ эпиграфына алынған сөз, Қорқыт ата портреті, Қорқыт ата кітабы, қобыз, компьютер құрылғылары.
Пәнаралық байланыс: музыка, сурет, информатика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныппен сұхбат.
Психологиялық дайындық
Сабақтың басында оқушылар бір – біріне тілек айтады.
ІІ. Үй тапсырмасы
Балалар, біз өткен сабағымызда қай күйшінің өмірімен таныстық?
Түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл – кемеңгер, жырау, күйші, қобызшы Қорқыт атаның өмірімен таныстық.
Ендеше, балалар, Қорқыт ата жайлы не білеміз?
Оқушылардың жауабы
Үйге қаңдай тапсырма берілді?
Қорқыт неге мәңгілік өмірді іздеді? Мәңгілік өмір бар ма? Осы сұрақтарға эссе жазып келу және Қорқыт атаның суретін салу.
Қорқыт Ата 8-11 ғасырлар арасында өмір сүрген, өз өмірін ажалсыздықты іздеумен болды.Ол өзімен бірге жақсылық, қуаныш, қобызымен ойнағанда өз поэзиясының филоофиясын алып жүрді.Адамгершiлiк санаға әсер ете алатын оның сиқыршылық күшi туралы өшпестей аңыздар, бағалы философиялық кiтаптар – оның ажалсыздығы туралы куәлiк қағаз болып табылады.
Ол шек - ысқы музыканың негiз тұрған қобызды ойлап шығарды. Философ, ақын, музыкант, шипагер, мемлекеттiк қайраткер Қорқыт гуманизмның идеясы, адам және табиғаттың гармониялық қатар өмiр сүруiн идеяның жан сырын тыңдады. Оның келесi ұрпақтарына аңды жақсы көрiп сақтап, табиғаты бар гармонияда өмiр сүрiп, балаларға және немерелерге ойлауға мұраға қалдырды.Оның орындаған музыкасының дыбыстары, оған ғарыш, құдайшыл күштердi жiбердi.
Енді, балалар Қорқыт ата туралы жақсы сөздер айтып, өмірін айтып жатырсындар. Қорқыт атаның кесенесі туралы қай жерде, қалай орналасқаны туралы мәлімет алайық.
Достарыңызбен бөлісу: |